«Виктория» Сақтандыру компаниясы Қазақстанда сақтандыру қызметтерін 1993 жылдан бері көрсетіп келеді. Компанияның ағымдағы лицензиясы ерікті сақтандырудың 16 түрі бойынша және міндетті сақтандырудың 6 түрі бойынша сақтандыру және қайта сақтандыру қызметін атқарады. Мүлікті (non-life) сақтандыру компанияларының санатына жатады.
«Виктория» сақтандыру компаниясының миссиясы
Әр сақтанушының қаржылық жағдайының жақсаруы туралы қамқорлық және Қазақстан Республикасының сақтандыру мәдениетінің және сақтандыру жүйесінің тұрақтылығының дамуына үлес қосу.
Құндылықтары
- Сенімділік: «Виктория» Сақтандыру компаниясы сақтандыру саласында 1993 жылдан бері жұмыс атқарады. Өз қызметін атқару барысында компания динамикалық өсімді және сақтандыру нарығындағы өз жайғасымын нығайтуды қамтамасыз етті. Компания Қазақстан Республикасы заңнамасының қаржылық тұрақтылыққа, бағдарламалық, ақпараттық-техникалық қамтамасыз етуге қатысты барлық талаптарына сай жұмыс атқаруда.
- Сапа: «Виктория» Сақтандыру компаниясында енгізілген ISO 9001:2016 халықаралық стандартына сәйкестік сапа менеджменті жүйесі сақтанушыларға қызмет көрсету сапасының жоғары деңгейін көрсетеді және тұрақты ұстап тұрады.
- Қолжетімділік: «Виктория» Сақтандыру компаниясының кеңінен тараған өңірлік желісі бар, Қазақстанның барлық өңірлерінде қалың бұқара топтары мен заңды тұлғалардың барлық түрлері үшін сақтандыру қызметін ұсынады.
- Айқындық: «Виктория» Сақтандыру компаниясы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне, салық органдарына тұрақты түрде қаржы есептілігін беріп отырады; жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында қаржы есептілігін жариялайды. Компания бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен ынтымақтастық құруға ашық, өз қызметінің нәтижелерін тұрақты жариялап отырады және сақтандыру нарығындағы оқиғаларға пікір білдіреді.
- Ашықтық: «Виктория» СК» АҚ өз сақтанушыларының қажеттілігіне және күткеніне бағдарланған: сақтандыру нарығының қатысушыларының құқықтары мен міндеттері бойынша тұрақты түрде ақпараттық жұмыс атқарады; сақтанушылардың сұрақтарына белсенді түрде жауап қайтарады; сақтанушылардың сақтандыру мәселесі бойынша қиыншылықтарын шешуде белсенді көмек көрсетеді.
- Ілгерішілдік: Ұсынылатын қызметтердің сапасы мен белсенділігін арттыру үшін «Виктория» СК» АҚ өзінің бағдарламалық-техникалық кешенін тұрақты жаңалап тұрады. Компанияның бірегей тарихи тәжірибесі бар, сондықтан да ол Қазақстанның жалпы сақтандыру жүйесін жетілдіруде белсенді рөл атқаруда.
«Виктория» СК» АҚ-ның Директорлар кеңесі
Сарсенов Рашит Темирбулатович
(27.12.2006 жылдан бастап)
- «Виктория» СК» АҚ-ның Директорлар кеңесінің төрағасы
-
- үшінші тұлғалармен болған қатынастарда қоғамның мүддесін қорғау;
- қоғамның үшінші тұлғалармен болған қатынастарында оның мүддесін қорғау туралы сенімхат беру;
- серіктестіктің жұмыскерлеріне қатысты оларды лауазымға тағайындау туралы, оларды ауыстыру және жұмыстан шығару туралы бұйрықтар шығарады, еңбек ақы төлеу жүйесін айқындайды, лауазымдық жалақылардың мөлшері мен дербес үстеме ақылардың белгілейді, сыйлықақы беру мәселелерін шешеді, марапаттау шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
- Қоғамның жарғысымен және ҚР «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңымен белгіленген басқа да қызметтерді атқару.
Ержанова Раушан Зейнуллаевна
(15.09.2016 жылдан бастап)
- «Виктория» СК» АҚ-ның Директорлар кеңесінің мүшесі
- «Виктория» СК» АҚ-ның Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры
Стандицкая Мира Станиславовна
(27.12.2006 жылдан бастап)
- «Виктория» СК» АҚ-ның Директорлар кеңесінің мүшесі
- «Виктория» СК» АҚ-ның Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор
«Виктория» СК» АҚ-ның Басқармасы
Ержанова Раушан Зейнуллаевна
(29.04.2005 жылдан бастап)
-
- акционерлердің жалпы жиналысының және директорлар кеңесінің шешімдерін орындауды ұйымдастыру;
- үшінші тұлғалармен болған қатынастарда қоғамның мүддесін қорғау;
- қоғамның үшінші тұлғалармен болған қатынастарында оның мүддесін қорғау туралы сенімхат беру;
- қоғамның жұмыскерлерін жұмысқа қабылдау, ауыстыру және жұмыстан шығару (Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайларды қоспағанда), оларға марапаттау шараларын және тәртіптік жаза қолданады, қоғамның штаттық кестесіне сәйкес жұмыскерлердің лауазымдық жалақыларының мөлшері мен жалақыларға дербес үстеме ақыларды белгілеу, қоғамның атқарушы органы мен ішкі аудит қызметінің құрамына кіретін жұмыскерлерді қоспағанда, қоғам жұмыскерлерінің сыйлықақысы мөлшерін белгілейді;
- өзі жұмыста болмаған жағдайда атқарушы орган мүшелерінің біріне өз міндеттерін орындауды жүктеу;
- атқарушы орган мүшелерінің арасында міндеттерді, сонымен қатар өкілеттіктерді және жауапкершілікті бөлу;
- Қоғамның жарғысымен және акционерлердің жалпы жиналысының және директорлар кеңесінің шешімдерімен белгіленген басқа да қызметтерді атқару.

Лаврентьев Сергей Петрович
(29.04.2013 жылдан бастап)
- «Виктория» СК» АҚ Басқармасының мүшесі
- «Виктория» СК» АҚ Басқармасы төрайымының орынбасары
Байгужаев Талгат Нугманович
(12.07.2017 жылдан бастап)
- «Виктория» СК» АҚ Басқармасының мүшесі
- «Виктория» СК» АҚ Басқармасы төрайымының орынбасары
Галымова Зульфия Галымовна
(12.07.2017 жылдан бастап)
- «Виктория» СК» АҚ Басқармасының мүшесі
- «Виктория» СК» АҚ Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасының бас бухгалтері
«Виктория» СК» АҚ акционерлері
Сарсенов Р.Т.
жай акциялар: 5000; артықшылық берілген акциялар: 0; үлесі: 97,85%
«Нұрбанк» Акционерлік қоғамы
жай акциялар: 110; артықшылық берілген акциялар: 0; үлесі: 2,15%
Қауымдастықтарға (одақтарға), сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және сақтандыру брокерлерінің ұйымдарына қатысу туралы мәліметтер
1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры – 18.10.2003 жылдан бастап | Мекенжайы: 480091, Алматы қ., Рыскұлбеков көш., 28-үй, блок 7, “Бай Тал” ТҮК |
2. Қазақстан сақтандырушылар қауымдастығы – 2014 жылдың қарашасынан бастап | Мекенжайы: 050008, Алматы қ., Әуезов көш., 48 |
3. Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы – 27.06.2003 жылдан бастап | Мекенжайы: 050040, Алматы қ.,Байзақов көш., 280 |