Сақтандыру келісімшартын бұзу тәртібі
- Сақтандыру келісімшарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылады.
- Келісімшарт Сақтанушы жүгінген және өтінім берген сәттен бастап бұзылған болып саналады.
- Келісімшарттың бұзылғаны туралы хабарлама смс/email түрінде жіберіледі.
- Сақтандыру компаниясы сақтандыру сыйлықақысының есептемесін және бөлігін қайтаруды сақтанушының өтінішінің негізінде жүзеге асырады.
- Сақтандыру келісімшартын бұзу кезінде сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысының бөлігін ұстап қалуға құқылы.
- Сақтандыру келісімшартын бұзу үшін сіз сақтандыру компаниясының өзіңіз тұрған қалада орналасқан офисіне баруыңыз қажет.
Сонымен қатар, барлық қосымша сұрақтар бойынша хабарласуға болады:
- Сall-Center: 5060 (ҚР аумағында қоңырау шалу тегін)
- Алматы қ.: +7 (727) 250-69-36, 250-69-29, 279-55-80
- өңірлер: сіз тұратын қалада орналасқан офистер