Сақтандыруда қолданылатын терминдердің тізімі және олардың анықтамалары.
- Ішынара залал
- сақтандырылған мүліктегі залал сомасы сақтандыру сомасына толық жетпеген кез келген залал, дәлірек айтқанда толық жойылған жағдайда.
- Абандон
- Сақтандырушыдан сақтандыру сомасын толық алу үшін Сақтанушының сақтандырылған мүлікке өз құқығын сақтандырушының пайдасына бас тартуы.
- Агенттік келісім
- жеке немесе заңды тұлғаның принципалдың (басқа тұлғаның) атынан және соның мүддесі үшін агенттік келісімнің шарттарынан туындайтын тиісті міндеттерді (тапсырмаларды) орындауы туралы жеке немесе заңды тұлғамен (агентпен) жасалған келісімшарт
- Агенттік сыйақы
- принципал мен агенттің арасында жасалған агенттік келісімнің шарттарына сәйкес принципалдың (басқа тұлғаның) мүддесі үшін және соның атынан агенттің тиісті міндеттерді (тапсырмаларды) орындағаны үшін қызмет ақысы. Әдетте комиссиялық ақы (сақтандыру алымының пайызы) ретінде рәсімделеді.
- Агрегаттық жауапкершілік лимиті
- әр сақтандыру жағдайы бойынша лимиттерден басқа тағайындалатын, мерзімі ұзартылмай бүкіл сақтандыру мерзіміне көрсетілген бір полис бойынша жауапкершіліктің жалпы лимиті
- Адендум
- келісімшарттардың бұрын келісілген шарттарына тараптардың арасында келісілген өзгертулер қамтылған бұрын жасалған сақтандыру немесе қайта сақтандыру келісімшарттарына жазбаша қосымшалар. Аталған полис бойынша сақтандыру тарифтерін және тиісті өзара есептемелерді қамтуы мүмкін.
- Аджастер
- (теңіздік сақтандыруда) кеме, фрахт және жүк арасындағы жалпы апат бойынша залалдарды бөлу кезінде диспаш-есептемелерді жасау бойынша маман. Ресейде бұл қызметті Сауда-өнеркәсіп палатасының қасындағы Диспашерлер бюросы орындайды. Қараңыз: Диспашер.
- Азаматтық жауапкершілік
- Сақтандыру объектін пайдаланудың нәтижесінде немесе оны иелену нәтижесінде үшінші тұлғалардың денсаулығына, өміріне және мүлкіне зиян немесе залал келтіруі мүмкін жауапкершілігі. Азаматтық жауапкершілік білместіктен құқық бұзушылық жасаған немесе келісімшарттық міндеттемелерді бұзған жағдайларда басталуы мүмкін.
- Айдап әкету
- көлік құралын ұрлау, көлік құралын иелену, оның ішінде өзіне иелену мақсатында болмай.
- Активтендіру
- жеке және заңды тұлғалардың жаңа сақтандыру келісімшарттарын сақтандыру портфеліне алу бойынша сақтандыру агентінің және сақтандыру брокерінің кәсіби жұмысы.
- Актуарий
- математикалық статистика әдістерінің көмегімен сақтандыру тарифтерін есептейтін ресми уәкілетті тұлға, маман. Компаниялар берілген полистер бойынша өз міндеттемелерін орындауы тиіс сәтте сақтандыру қорлары жеткілікті болуы үшін жауапкершілік актуарийлерге жүктеледі.
- Актуарлық есептемелер
- сақтандырушы солардың негізінде сақтандыру тарифтерін (нетто-мөлшерлемелерді) анықтайтын математикалық және статистикалық заңдылықтар жүйесі. Актуарлық есептемелері сақтандыру жағдайының ықтималдылығын анықтауда және басқа да статистикалық шамаларды, дисперсияларды, тәуекелдер концентрациясын және т.б. кезінде құрылады.
- Алдын алу шаралары
- Сақтандыру жағдайларының басталуын алдын алу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар. Сақтанушы сақтандыру жағдайының басталуын алдын алу бойынша өзінің қолынан келген барлық шараларды қолдануға міндетті, дәлірек айтқанда тиісті мүлік сақтандырылмаған жағдайда қандай әрекеттер жасауы тиіс болса, сондай әрекеттерді жасауы тиіс.
- Андеррайтер
- сақтандыру компаниясының тәуекелдерді сақтандыруға және қайта сақтандыруға қабылдайтын уәкілетті тұлғасы. Басқа мағынада – полиске қол қойған тұлға. Әдетте бұл сақтандыру саласында нақты объектіні немесе жеке тұлғаны сақтандыруға қабылдау кезінде тәуекелді бағалайтын жоғары білікті маман (андеррайтинг). Әдетте андеррайтер сюрвеер алған деректерге сүйенеді. Сонымен қатар оның тарифтік мөлшерлемелері мен сақтандыру келісімшартының нақты шарттарын белгілеу, сондай-ақ белгілі бір шарттармен сақтандыру келісімшартын жасау мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы қорытынды жасау өкілдігі болады.
- Анықталуы тиіс сыйлықақы
- анықталуы тиіс сыйлықақы. Кейбір жағдайларда сақтандырушының жауапкершілік көлемін дәл анықтау қиын немесе алдымен сыйлықақының авансы немесе сыйлықақының бөлігі беріледі, ал сыйлықақының соңғы сомасы полистің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін анықталады.
- Апаттық комиссар
- сақтанушымен келісе отырып, сақтандыру залалдарының себептерін, сипатын және мөлшерін анықтайтын және сақтандыру залалдарын рәсімдейтін (апаттық сертификат беретін) сарапшы – сақтандырушының уәкілетті өкілі. Апаттық комиссардың пошта немесе телеграф мекенжайы сақтандыру телеграфында немесе полисте көрсетіледі.
- Апаттық сертификат
- апаттық комиссар жасайтын, сақтандырылған мүліктегі залалдың сипатын, мөлшерін және себептерін растайтын құжат.
- Ауыру
- Жарақаттың салдарынан орын алған денсаулық жағдайының кез келген бұзылуы және диагноз қоюға болатын объективті белгілер.
- Аяқталмаған залал
- сақтандырылған тәуекел бойынша сақтанушы сақтандырушыға мәлімдеген, бірақ әлі де төленбеген залал. Егер мәлімденген залалдар есептік жылдың аяғына дейін төленбеген болса, сақтандырушы осындай залалдардың жиынтық сомасына қор құрады.
- Біржолғы сақтандыру төлемі
- Сақтандырушы өтем ретінде біржолғы төлеммен төлейтін сақтандыру өтемінің сомасы немесе сомалары
- Бас полис
- сол полистің шарттары бойынша сақтандырушының белгілі бір жауапкершілігі шегінде белгілі бір мерзім ішінде сақтанушы алу немесе жіберіп жатқан барлық жүктер сақтандырылған полис. Әдетте сақтанушы бас полистің қолданысына кіретін жүктің әр жіберілімі бойынша сақтандырушыға хабарлауы тиіс: жүк жіберілетін кеменің атауы, жүктің бару бағыты және сақтандыру сомасы. Жүктерді жіберу туралы мәліметті жүктер бұзылмаған күйде бағытталу орнына жеткізілгеннен кейін алған болса да сақтанушы жоғарыда аталған міндетінен босатылмайды. Сақтандырушы сақтанушының талабы бойынша бас полистің қолданысына кіретін жекелеген жіберілімдер бойынша әр жіберілімге полис пен сақтандыру сертификаттарын беруге міндетті.
- Баға белгілеу
- сақтандыруда сыйлықақы мөлшерлемесі. Осы мөлшерлеме бойынша сақтандырушы тиісті тәуекелді сақтандыруға қабылдауға дайын. Баға белгілеу сақтандырудың тиімдірек шарттарын белгілеу мақсатында бірнеше сақтандырушыдан алынуы мүмкін.
- Бенефициар
- соның пайдасына сақтанушы сақтандыру келісімшартын жасаған тұлға. Үшінші тарап – сақтандыру полисі бойынша пайда алушы. Сондай-ақ бенефициар – соның пайдасына аударым аккредитиві ашылған және оған сол аккредитивтің негізінде басқа банктен өзінің пайдасына немесе басқа тұлғалардың пайдасына құқық берілген тұлға.
- Бонус
- сақтандырушы өзіне ерекше тиімді шарттармен келісімшарт рәсімдегені үшін беретін абсолютті шамалармен, пайыздармен немесе промиллемен сақтандыру сыйлықақысынан жеңілдік. Бонустың шамасы сақтандыру полисінде көрсетіледі. Америкалық сақтандыру тәжірибесінде бонус – рабат деп аталады.
- Бордеро
- қайта сақтандырылатын тәуекелдер тізімі.
- Брутто-мөлшерлеме
- сақтандыру сыйлықақысының қандай да бір жеңілдіктер мен шегерімдерсіз толық тарифтік мөлшерлемесі. Нетто-мөлшерлемемен салыстырғанда брутто-мөлшерлемеде компанияның трансакциялық шығыстары мен пайда нормалары нетто-мөлшерлемеден көп қамтылады және нетто-мөлшерлемені де өзіне қамтиды.
- Денеге зақым келу
- сақтандырылған тұлға сақтандыру келісімшартының қолданысы кезеңінде орын алған, еңсерілмейтін, кездейсоқ сыртқы ықпалдың нәтижесінде басқа себептерге қарамастан тікелей жүзеге асқан ағзаның физикалық бүтіндігінің бұзылуы. Тікелей және тек осы ықпалдың немесе оның салдарынан туындаған ауруларды қоспағанда, басқа ауруларды қамтымайды.
- Дербес сақтандыру
- адамның өмірі, денсаулығы, еңбек ету қабілеттілігі – сақтандыру өтемінің объекті болып табылатын сақтандыру саласы.
- Дербес сақтандыру келісімшарты
- сақтанушының немесе сақтандырылған тұлғаның өміріне, денсаулығына, еңбек ету қабілетіне және зейнетақымен қамтамасыз етуіне байланысты мүліктік мүдделері сақтандыру объекті болып табылатын келісімшарт. Дербес сақтандыру келісімшартында сақтандыру сомасы сақтандырушымен келісе отырып белгіленеді.
- Дивиденд
- акционерлік сақтандыру компаниясының сақтандырушының қызметінің нәтижесі бойынша бір жылға акция иелерінің акцияларының саны мен құнына сәйкес бөлінуі тиіс пайданың бөлігі.
- Диспашер
- кеме, фрахт және жүк (теңіздік сақтандыруда) арасындағы жалпы апат бойынша залалдарды бөлу кезінде диспаш-есептемелерді жасау бойынша маман. Ресейде бұл қызметті Сауда-өнеркәсіп палатасының қасындағы Диспашерлер бюросы орындайды. Қараңыз: АДЖАСТЕР
- Екі жақты сақтандыру
- Бір мүддені бірдей тәуекелдерден бірнеше сақтандырушыда жалпы сақтандыру сомасы сақтандыру құнынан асып кететін сақтандыру түрі. Екі жақты сақтандыру болған жағдайда сақтандырушыларға сақтандырылатын мүдденің сақтандыру құнының көлемінде жауапкершілік артылады және олардың әрбірі өздері жасаған сақтандыру келісімшарты бойынша сақтандыру сомасына тепе-тең жауапты болады. Дамыған елдерде екі жақты сақтандыру – баю мақсатында пайдаланылуы мүмкін, сондықтан сол елдердің заңнамаларында бұл мәселеге үлкен мән беріледі. Үш жақты және одан көп жақты сақтандыру – көпжақты сақтандыру деп аталады және оларға екі жақты сақтандыруға қолданылған ереже қолданылады.
- ЕМС
- ерікті медициналық сақтандыру
- Ерікті сақтандыру
- сақтанушы мен сақтандырушының арасында ерікті түрде жасалатын келісімшарттың негізінде жүзеге асырылатын сақтандыру нысаны. Ерікті сақтандырудың шарттары мен оны жүргізудің тәртібін белгілейтін ерікті сақтандыру ережесін сақтандырушы сақтандыру туралы заңнамалық және басқа нормативтік актілерге сәйкес өзі дербес белгілейді. Сақтандырудың нақты шарттары сақтандыру келісімшартын жасау кезінде белгіленеді. Сақтанушы заң бойынша өз мүлкін немесе үшінші тұлғалардың алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандырумен салыстырғанда ерікті сақтандыру келісімшарты ерікті түрде жасалады.
- Еңбек ету қабілетін уақытша жоғалту
- Еңбек ету қабілетін емдеу және қалпына келтіру үшін қажет мерзімге жұмыстан босатылатын еңбек ету қабілетін жоғалту.
- Еңсерілмейтін күш
- алдын ала білу және алдын алу мүмкін болмаған төтенше жағдай. Сақтандыру тәжірибесінде форс-мажор жағдайлары деп аталады.
- Жазатайым оқиға
- адамның еркіне қарамастан, сыртқы механикалық, электрлік, химиялық немесе қызудың сақтандырылған тұлғаның ағзасына әсер етуінің нәтижесінде оның денсаулығына зиян, жарақат келтірген немесе қаза болуына себепші болған оқиға.
- Жарақат
- адам ағзасының тіндерінің зақымдануы, олардың сыртқы ықпалдан (негізінен механикалық тұрғыдан, қызу әсерінен) пайда болған бүтіндігінің және қызметінің бұзылуы.
- Жартылай сақтандыру
- Мүддесін оның нақты құнынан төмен мөлшерде сақтандыру. Егер сақтандыру полисі тәуекелдегі мүддесінің нақты құнынан төмен мөлшердегі сомаға берілген болса, тәуекел толық сақтандырылмаған болып саналады. Мұндай жағдайда сақтандыру сомасы мен мүдденің нақты құнына қарай сақтандырылуы тиіс полис бойынша соманың арасындағы айырмашылық сақтанушының жауапкершілігіне артылады.
- Жасыл карта
- (ГРИН-КАРД) шетелге шығушылар үшін азаматтық жауапкершілігін сақтандыру бағдарламасы. Көптеген елдерде грин-кардтың болуы – шетелге шыққандар үшін сол елдің аумағында автомобиль пайдалануға қатысты қажетті шарт болып табылады. Жасыл карта полисті берген елді қоспағанда, Шенген келісімін қабылдаған барлық елдерде қолданылады (мысалы, Польшаның сақтандыру компаниясының Мәскеуде сатып алынған карточкасы Польшаны қоспағанда, бүкіл Еуропада қолданылады).
- Жауапкершілік
- келісімшартта айтылған ықтимал сақтандыру жағдайлары және/немесе келісімшартта белгіленген сақтандырудан тыс жағдайлар тізіміне кірмейтін оқиғалар басталған кезде сақтандыру келісімшартында құн шегінде белгіленген залалдарды өтеу бойынша сақтандырушының міндеттемесі.
- Жедел медициналық жәрдем
- Жедел медициналық жәрдемге қарағанда онша шұғыл емес жағдайларда пайдаланылады. 2-4 сағаттың ішінде пациент тұратын жерде орналасқан емхананың терапевт-дәрігері көмек көрсетеді.
- Жиынтықтау
- 1) бір сақтандыру жағдайының салдарынан көптеген залалдарға әкеп соқтыруы мүмкін көлемде бір компанияның сақтандыру тәуекелдерінің топтамасы; 2) сақтандырылған объектілерді бір аумаққа, көшеге, үйге, портқа, теміржол стансасына, кемеге жинақтау және бір уақытта сақтандыру жағдайы (мысалы жер сілкінісі) болған жағдайда сақтандырушының қаржылық тұрақтылығының бұзылу ықтималы. Жиынтықтау сақтандырушының ұстап қалуында қалатын тәуекелдің бөлігін белгілеу кезінде ескерілуі мүмкін.
- Жылжымайтын мүлік
- жеке және заңды тұлғалар иелік ететін және пайдаланатын объектілер. Мақсатына сай және оның сипаттамалары мен құнды сипаттарына залалсыз пайдаланылатын, орнынан жылжуы мүмкін емес мүлік: ғимараттар, үйлер, жер учаскелері және т.с.с. – жылжымайтын мүлік деп аталады. Мүліктің басқа түрлері жылжымалы мүлікке жатады.
- Жылжымалы мүлік
- Иелену объектілері немесе оларды жеке немесе заңды тұлғаның пайдалануы. Оны тағайындалуы бойынша және оның сипаттамалары мен құндық қасиеттеріне залал келтірмей пайдаланылатын, оның жылжуы мүмкін емес мүлік: ғимараттар, үйлер, жер учаскелері және т.с.с. – жылжымайтын мүлік болып саналады. Мүліктің басқа барлық түрлері жылжымалы мүлікке жатады.
- Залал
- сақтандырушы өтеуі тиіс, сақтандыру жағдайының нәтижесінде сақтандыру объектісіне келген залал; сақтандыру жағдайының белгіленген басталу факті (сақтандыру жағдайын іске асыру); сақтандыру жағдайы бойынша маңызды жағдайлар мен фактілерді сипаттайтын, дербес іс қағаздарын жүргізуге бөлінген және төлемнің негізділігін растайтын сақтандырушының архивіндегі құжаттар мен материалдар.
- Залалдарды азайту міндеті
- Сақтандырылған мүліктің жойылуын ескертуге байланысты немесе үшінші тұлғалардан залалдарды өндіріп алу бойынша сақтанушының шығындарын сақтандырушының өтеуі туралы шарттар. Кез келген жағдайда сақтанушы кез келген уақытта өз мүлкі сақтандырылмағандай әрекет етуге және сақтандырылған мүлікті сақтау бойынша мүлкі сақтандырылмаған шаруақор қожайын қолдануы мүмкін шараларды қолдануға міндетті.
- Залалдарды жою
- сақтандыру жағдайының және сақтандыру өтемі төлемінің себептерін, фактілерін және жағдайларын (бұлтартпайтын дәлелдемелерін растайтын) анықтау бойынша сақтандырушының іс-шаралар топтамасы.
- Залалды азайту
- залал сақтандыру келісімшарты бойынша өтелетін болса да сақтанушы кез келген жағдайда оның мүлкі сақтандырылмағандай әрекет етуі және залалды азайту бойынша қолынан келген барлық шараларды қолдануы тиіс.
- Залалды эксцеденттеу келісімшарты
- қайта сақтандырушы сақтандырылған жағдайдың нәтижесінде сақтандырылған тәуекел бойынша залалдың соңғы сомасы келісімшартта келісілген сомадан асып кеткен жағдайларда ғана қатысатын сақтандыру келісімшарты.
- Залалды өтеу
- Сақтанушыға дүлей апаттардың немесе сақтандырумен өтелген басқа себептердің салдарынан сақтандырылған мүліктің жойылуының немесе зақымдануының нәтижесінде келген залалды сақтандырушының толығымен немесе ішінара өтеуі. Мүлікті сақтандыруда залал сақтанушыға немесе оның бұйрығы бойынша басқа тұлғаға өтеледі. Үшінші тұлғалардың алдындағы жауапкершілігін сақтандыру кезінде сақтандыру өтемін залал келген тұлғаға сақтанушы төлейді.
- Залалдылық
- Белгілі кезең ішінде төленген залалдар сомасының сол кезеңдегі нетто-сыйлықақыға қатынасы. Істің өту көрсеткішін көрсетеді.
- Залалдылық эксцеденті
- егер қорғалған сақтандыру түрінің залалдылығы келісімшартта келісілген пайыздан/көрсетілген сомадан асып кеткен жағдайда істің жалпы өту нәтижелерін қорғайтын тепе-тең емес қайта сақтандыру келісімшарты.
- Залалдылықты эксцеденттеу келісімшарты
- қайта сақтандырушы сақтандыру портфелінің залалдары төленген сақтандыру өтемінің жиналған сақтандыру сыйлықақылары сомасының пайыздық қатынасы ретінде айқындалатын залалдылық лимитінен асқанда ғана қатысатын қайта сақтандыру келісімшарты.
- Зиян
- сақтанушының ЖКАО, өрт, дүлей құбылыстар, сақтандыру келісімшартында қарастырылған басқа да себептер нәтижесінде мүліктің (оның бөлігінің) зақымдануынан немесе жойылуынан туындаған ақшалай нысандағы мүліктік шығыстары; сақтанушының сақтандыру тәуекелін іске асыруы нәтижесінде туындаған ақшалай нысандағы шығыстары. Сақтандырушы сақтанушының залал бойынша кінәраттарын – олар сақтандыру жағдайының нәтижесінде туындаған кезде қабылдайды.
- Кінарат
- сақтандыруда сақтанушы кінәратты сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталуына байланысты білдіреді. Сақтандыру тәжірибесінде мұндай кінәрат бірқатар жағдайларда «залал» деп аталады. Сақтандыру жағдайларының фактілері мен себептерін, сақтандыру жағдайының болу нәтижесінде сақтандырылған мүлікке келген залалдың мөлшерін анықтауды, сақтандыру өтемін төлеуді құжаттармен рәсімдеуді кінәратты қанағаттандыру немесе залалды жою деп атау қабылданған. Сақтандырушыға кінәратты тек сақтанушы ғана емес, сонымен қатар соның пайдасына полисте өткізу жазбасы жазылған басқа да заңды немесе жеке тұлға білдіруі мүмкін. Сақтандыру шарттарынан туындайтын кінәрат білдірудің аяқталу мерзімі полисте көрсетіледі және полис берілген елдің қолданыстағы заңнамасына негізделеді. Кінәрат түсінігіне сондай-ақ сақтандыру жағдайының туындауына кінәлі тарапқа қойылатын кінәраттар да - регресс кіреді.
- Карго
- фрахт алу мақсатында теңіз жолымен тасымалданатын жүктер немесе мүлік, тасымалданатын жүктерді сақтандыру.
- Каско
- көлік құралдарын (кемелер, ұшақтар, автомобильдер) сақтандыру кезінде қолданылатын сақтандыру түрі. Каско – көлік құралының зақымдануынан немесе жойылуынан келген залалды өтеуді қарастырады да, жолаушылардың қаза табуына және олардың денсаулығына зиян келуіне, тасымалданып жатқан мүліктің зақымдануына байланысты сақтандыру жағдайының, үшінші тұлғалардың алдындағы жауапкершілігінің және т.б. нәтижесінде туындаған залал үшін сақтандырушының жауапкершілігін қамтымайды.
- Кассалық залал
- қайта сақтандыру келісімшарттарының шарттары. Сол келісімшарттарға сәйкес келісімшартта келісілген сомадан асатын залалдарды қайта сақтандырушылар өздеріне түсетін үлесіне шұғыл төлеуі тиіс (әдетте бір-екі аптаның ішінде).
- Квоталық келісімшарт
- қайта сақтандыру келісімшарты. Сол келісімшарт бойынша қайта сақтандырушы белгілі бір сақтандыру түрі бойынша сақтандыруға қабылданған барлық тәуекелдерді қайта сақтандырушымен келісілген үлеспен (квотамен) қайта сақтандыруға береді. Сол үлеспен қайта сақтандырушыға сақтандыру сыйлықақысы аударылады және сол үлеспен туындаған залалдарды өтейді.
- Квоталық қайта сақтандыру келісімшарты
- бұл сақтандыру келісімшартының шарттарына сәйкес компания белгілі бір сақтандыру түрі бойынша немесе аралас сақтандыру тобы бойынша қабылданған барлық сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандырушымен келісілген үлеспен қайта сақтандыруға береді. Бұл үлесте қайта сақтандырушыға тиесілі сыйақы қайта сақтандырушыға беріледі және қайта сақтандырушы төлеген барлық залалдарды сондай үлеспен қайта сақтандырушыға өтейді.
- Квоталық-эксцеденттік келісімшарт
- келісімшарттардың квоталық және эксцеденттік түрлерінің қосындысын білдіретін қайта сақтандыру келісімшарты: сақтандырудың бұл түрінің портфелі квоталық түрде қайта сақтандырылады, тәуекелдерді сақтандыру сомаларының белгіленген нормалардан асуы өз кезегінде эксцеденттік келісімшарттар қағидасымен қайта сақтандырылуы тиіс.
- Кері талап қою
- Келген залал үшін жауапты тұлғаға талап қою құқығы. Мүліктің жойылуына сақтанушының кінәсі болмаған жағдайда сақтандыру өтемін төлеген сақтандырушы төленген сома мөлшерінде залал келтірген және материалдық жауапкершілік артылған тұлғаға талап қоюы мүмкін.
- Ковернот
- Брокер сақтанушыға оның тапсырмасы бойынша сақтандыру келісімшарты жасалғанын растау ретінде беретін құжат. Ковернотта сақтандыру шарттары мен сыйлықақы мөлшерлемесі көрсетіледі. Брокер берген ковернот бойынша сақтандырушыға заңдық жауапкершілік артылмайды. Бірақ брокер белгілі бір салдары бар ұқыпсыздық жасаған болса, сақтанушы ковернотты брокердің кінәсін дәлелдеу үшін пайдаланылуы мүмкін. Ковернот полиске ауыстырылуы тиіс, себебі коверноттың заңдық күші жоқ.
- Кэптивтік компаниялар
- Өздеріне тиесілі тәуекелдердің барлығын немесе бөлігін сақтандыру мақсатында ірі индустриалдық немесе коммерциялық концерндер құратын сақтандыру компаниялары.
- Міндетті сақтандыру
- заңға сәйкес жүзеге асырылатын сақтандыру нысаны, мысалы, әуе немесе теміржол көлігі қызметін пайдаланатын жолаушыларды сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру, азаматтық жауапкершілікті сақтандыру және т.с.с. Міндетті сақтандыру – сақтандырудың осы түрінің әрі сақтандырушы, әрі сақтанушы орындауға міндетті тәртібі мен шарттары айтылатын тиісті заңнамалық актілердің негізінде енгізіледі және жүзеге асырылады.
- Максималды ықтимал залал
- сақтандыру жағдайының нәтижесінде сақтандыру объектіне келуі мүмкін залалдың бағалау-максималды мөлшері, дәлірек айтқанда аталған сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру объекті толығымен жойылуы мүмкін бе немесе кез келген жағдайларда залал белгілі бір мөлшерден (50%, 70%) аспайтыны анықталады.
- Мүгедектік
- Аурудың немесе жарақаттың салдарынан жалпы және кәсіби еңбек ету қабілеттілігінің тұрақты бұзылуы (төмендеуі немесе жоғалуы)
- Мүгедектік тобы
- Еңбек ету қабілетін жоғалту дәрежесіне қарай МӘСК (медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясы) белгілейді. Мүгедектіктің үш тобы қарастырылған (нөмірлері бойынша: бірінші - ең ауырынан бастап үшінші топқа дейін). Сонымен қатар қараңыз: МҮГЕДЕКТІК
- Мүлік иесінің мүліктік мүддесі
- мүліктік мүдде – сақтандырылуы тиіс мүлікке ғана емес, сонымен қатар жауапкершілігі мүлікті иеленуге байланысты туындауы мүмкін залалдарға (пайдасын жоғалту) қатысты қолданылады. Полистің стандартты шарттары сақтандырумен тек мүліктің өзін ғана өтеуді қарастырады, бірақ келісім бойынша жауапкершілік көлеміне мүлікке байланысты басқа да мүдделер қамтылуы мүмкін. Кез келген жағдайда сақтанушының мүддесі полис бойынша сақтандыру сомасынан аспауы тиіс және бұл екі жақты сақтандыруға негіз болмайды.
- Мүлікті сақтандыру
- жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сақтандыру. Келісімшартта келісілген себептер (тәуекелдер) орын алған кезде сақтандырылған мүлік зақымданған, жойылған, жоғалған жағдайда соған келген залалды өтеуді қарастырады.
- Мүлікті сақтандыру келісімшарты
- сақтандырылған мүлікті иеленуге, пайдалануға және басқаруға байланысты заңнамаға қайшы келмейтін мүліктік мүдделер сақтандыру объектісі болып табылатын келісімшарт. Мүлікті сақтандыру кезінде сақтандыру сомасы келісімшартты жасау сәтіне оның нақты құнынан аспауы тиіс. Ал сақтандыру өтемі – сақтандырылған мүлікке келген туралы залалдың құнынан аспауы тиіс.
- Нетто-мөлшерлеме
- брутто-мөлшерлеменің негізгі бөлігі, бұл мөлшерлемені есептеу кезінде сақтандыру өтемдерін немесе қамтамасын төлеуге арналған қорларға жасалған аударымдар есепке алынады. Нетто-мөлшерлемелер сақтандыру түрлеріне қарай статистикалық деректердің немесе сарапшылардың бағалауының негізінде олардың залалдылығын есепке ала отырып анықталады.
- Нетто-құн
- Сақтандыруда жүкті тағайындалу орнында түсіруге байланысты барлық шығындарды есепке алмай, сол орындағы жүктің нақты немесе сату құны. Жүктердегі ішінара залалдар әдетте жүкті түсіру бойынша шығындарды қосқанда, брутто-құнының негізінде калькуляция жасалады, алайда егер нетто-құнын қолдану айтылмаған болса. Жалпы апат кезінде және құтқару бойынша есептемелер кезінде контрабуциялық капитал бойынша есептемелерде нетто-құн қолданылады.
- Нетто-ұстап қалу
- қайта сақтандырушыларға қайта сақтандырудағы келісілген үлесін қайта сақтандыруға немесе ретроцессияға бергеннен кейін қабылданған сақтандыру немесе қайта сақтандыру бойынша қайта сақтандырушы өзінің тәуекелінде ұстап қалатын жауапкершілік сомасы.
- Облигаторлық квоталық-эксцеденттік қайта сақтандыру келісімшарты
- Облигаторлық қайта сақтандыру келісімшарттарының квоталық және эксцеденттік түрлерінің қосындысын білдіреді: сақтандырудың бұл түрінің портфелі квоталық тұрғыда қайта сақтандырылады, тәуекелдерді сақтандыру сомаларының белгіленген нормалардан асуы өз кезегінде эксцеденттік келісімшарттар қағидасымен қайта сақтандырылуы тиіс.
- Облигаторлық қайта сақтандыру
- Сақтандырушының барлық тәуекелдерін қайта сақтандырудың міндетті нысаны. Облигаторлық келісімшарт қайта сақтанушыны барлық тәуекелдерді қайта сақтандыруға өткізуге міндеттейді, ал қайта сақтандырушы ол тәуекелдерді қабылдауға міндетті. Әдетте облигаторлық қайта сақтандыру кезінде қайта сақтанушы қайта сақтандырушыға үздіксіз түрде бордеро жіберіп отырады.
- Пайда алушы
- Сақтанушы сақтандыру өтемін немесе қамтаманы алушы ретінде тағайындаған тұлға. Ол тұлға полисте көрсетіледі. Сақтандыру шарттары бойынша мүлікті сақтандыруда ол тұлға сақтандыру өтемінің сомасын алушы болып саналады. Дербес сақтандыруда – егер полисте сақтанушы тағайындайтын жеке тұлға сақтандыру сомасын қайтыс болғаннан кейінгі алушы ретінде көрсетілмеген болса, ондай тұлғалар болып мұрагерлері саналады. Пайда алушыны өмірін сақтандыру полисінде сақтандырылған тұлға қайтыс болған кезде көрсеткен жағдайда мұрагерлік тәртібіне қарамай, сақтандыру немесе сатып алу сомасын пайда алушы алады. Бірнеше пайда алушы олардың әрбіріне белгілі бір үлестерді төлеу арқылы (100% пайыз сомасында) көрсетілуі мүмкін.
- Парктік жеңілдік
- бірнеше автомобильді бірден сақтандыру кезінде берілетін жеңілдік.
- Паушалдық жүйе
- жермен жүретін көліктің жүргізушісі мен жолаушыларын сақтандыру кезінде полисте жермен жүретін көліктегі жолаушылардың барлығы бойынша жалпы сақтандыру сомасы жеке айтылады, бір жәбірленуші бойынша сақтандырушының жауапкершілік лимиттері белгіленеді.
- Полисті жою
- сақтанушы мен сақтандырушының өзара келісімі бойынша полистің қолданысының тоқтатылуы. Кейде сақтандыру келісімшарты қате жасалған болуы мүмкін. Сондай жағдайларда ол келісімшарт толығымен жойылуы мүмкін (бұрын еш болмағандай етіп). Полис бойынша жауапкершілік басталып кеткен кезде де тараптардың өзара келісімімен жойылуы мүмкін. Кей жағдайларда сақтандыру компаниясы сақтанушы сақтандыру ережелерін сақтамаған кезде немесе сақтандыру туралы өтініште тәуекелді дұрыс сипаттамаған кезде сақтанушыға шұғыл хабарлап, полисті біржақты тәртіпте жоюға құқылы.
- Регресс
- сақтандырушының келген залал үшін өтемақы алу мақсатында сақтандыру жағдайының басталуына кінәлі үшінші тарапқа кінәрат білдіруге құқығы. Сақтандырушының мұндай құқығы оған заңды залалды төлегеннен кейін және ол төлеген соманың көлемінде туындайды.
- Редукцияланған сақтандыру сомасы
- өмірін сақтандыру келісімшарты бойынша сақтанушы сақтандыру жарналарын төлеуді мерзімінен бұрын тоқтатуына байланысты азайған сақтандыру сомасы. Редуцияланған сақтандыру сомасында келісімшарт сақтандыру мерзімі аяқталғанға дейін жарналарды төлеусіз қолданысын ары қарай жалғастырады.
- Рента
- сақтандырушы келісімшартта белгіленген мерзім ішінде сақтандыру арқылы қамтама ретінде (үздіксіз табыс) келісімшартта көрсетілген мөлшерде дамыл-дамыл төлеп тұратын сома немесе сомалар. Төлемдер сақтандыру келісімшартында қарастырылған сақтандыру жағдайының (жағдайларының) басталуына байланысты төленеді – мысалы, келісімшартта айтылған жасқа келуге байланысты немесе сақтандыру ережесінде қарастырылған жағдайда (жағдайларда).
- Ретроцедент
- сақтандырылған тәуекелді үшінші қайта сақтандырушыға (ретроцессионарийге) беретін қайта сақтандырушы.
- Ретроцессионарий
- сақтандырылған тәуекелді ретроцеденттен қабылдайтын қайта сақтандырушы (үшінші тұлға)
- Ретроцессия
- сақтандырылған тәуекелді қайта сақтандырушыдан үшінші қайта сақтандырушыға (ретроцессионарийге) өткізу үдерісі
- Сатып алу құны
- Сақтанушының полисінің қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда оның құқығы бар қолма-қол ақша сомасы. Бұл сома бөліп төлеу схемасы жасалған кезде есептеледі (бұл тек өмірді сақтандыру полистеріне қатысты). Әдетте келесідей есептеледі: сатып алу құны = сақтанушы төлеген сома + сол сомаға пайыздық кіріс – компанияның полисті жасау және оған қызмет көрсету бойынша шығыстары.
- Сақтандыру арқылы бағалау
- сақтандыруға қабылданатын немесе қабылданған жылжымалы және жылжымайтын мүліктің нақты құнын анықтау үдерісі. Сақтандыру арқылы бағалаудың негізінде сақтандыру сомасы мен сақтандыру төлемдері есептеледі, келген залалдың көлемі мен сақтандыру төлемінің мөлшері анықталады. «Тәуекелді бағалау» сөзі жиынтығында келесідей түсініледі: тәуекел – бұл қауіп, бірақ болжауға болатын, белгілі қауіп. Басқа да болжалдауға болмайтын, осы сәтте белгісіз, бірақ орын алуы мүмкін қауіптер бар; болжалданатын, бірақ ұнамсыз оқиғалардың басталу ықтималдығының дәрежесі – тәуекелдің сандық жағы, ал болжалданған залалдың мөлшері – шешім қабылдау үшін маңызды көрсеткіш: осы тәуекелден сақтану қажет пе жоқ па; қандай ең оңтайлы және жаһандық сақтандыру өтемі осы сақтандыру объекті үшін қажет; мұндай сақтандыру қандай шарттармен және қандай мөлшерлемемен жүзеге асырылуы тиіс; қауіп басталған жағдайда жою және азайту үдерісі; қайта сақтандыру арқылы қорғаудың мөлшері мен пайдалылығы; тәуекелдерді басқару, тәуекелдерді бақылау шараларын қолдану; аталған аспектілерде тәуекелді жаһандық бағалау қажеттілігі – тәуекел-менеджерлерінің қызметтерін нақты және перспективалы етеді.
- Сақтандыру арқылы қадағалау
- Сақтандыру қызметін реттеу жөніндегі мемлекеттік басқару органы; уәкілетті мемлекеттік орган тарапынан сақтандырушылардың қызметін қадағалау.
- Сақтандыру арқылы қамтама
- дербес сақтандыру немесе жауапкершілігін сақтандыру келісімшарты бойынша сақтанушының немесе үшінші тұлғаның қайтыс болуына, жарақаттануына немесе денсаулығына басқадай залал келуіне әкеп соқтырған сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы төлеуі тиіс сақтандыру сомасы. Сақтандыру арқылы қамтама, синонимі – «сақтандыру арқылы өтеу»: сақтанушының жекелеген объектілері немесе барлық мүлкі сақтандырылған соманың абсолютті көрінісі; сақтандырушы жүргізген операциялардың жекелеген түрі бойынша немесе олардың бүкіл жиынтығы бойынша сақтандырушы тәуекелге қабылдаған міндеттемелерді бағалау құны; Сақтандырылған тұлғаға, пайда алушыға немесе заң бойынша мұрагерге төленуі мүмкін.
- Сақтандыру брокері
- Сақтанушының немесе сақтандырушының тапсырмаларының негізінде өз атынан сақтандыру бойынша делдалдық қызмет атқаратын, белгіленген тәртіпте кәсіпкер ретінде тіркелген заңды немесе жеке тұлға. Брокер сақтандыру тәуекелдерін кез келген сақтандыру компанияларына өзі дербес салады, сол үшін сақтанушыдан белгілі бір сыйақы алады. Кейде өз клиенттерінен (сақтанушыларға) кеңестер беретін және солардың атынан сақтандыру келісімшарттарын жасайтын делдал. Брокер заңнама және сақтандыру тәжірибесі саласында сарапшы болуы тиіс. Ол кәсіпқой маман ретінде сақтандыру туралы барлық нәрсені білуі тиіс және оның білім ең жақсы сақтандыру шарттары мен пайыздық мөлшерлемелерді қамтамасыз етуге көмектесуі тиіс.
- Сақтандыру валютасы
- Сақтандыру жасалған валюта. Сыйлықақы және сақтандыру өтемдерінің сомасы сақтандыру валютасымен төленеді. Сақтандыру валютасы сақтандыру келісімшартында міндетті түрде көрсетіледі.
- Сақтандыру жарнасы
- сақтандыру үшін сақтанушы сақтандыру келісімшартына немесе заңға сәйкес сақтандырушыға төлеуі тиіс төлем; төленген сақтандыру мүддесі; заңға немесе сақтандыру келісімшартына сәйкес сақтанушының сақтандыру тәуекелі үшін сақтандыруға төленетін төлем; Сақтандыру жарнасы сақтандыру тарифтеріне, сақтандыру мерзіміне, сақтандыру сомасының мөлшеріне және сақтандырушыға ұсынылған жеңілдіктерге қарай есептеледі. Мысалы, автокөлік құралын бірнеше жыл апатсыз пайдаланған кезде және бірқатар басқа факторлар кезінде. Сақтандыру жарнасын сақтанушы сақтандыру қатынастарын бастаған кезде біржолғы аванспен немесе бүкіл сақтандыру мерзімі ішінде бөлшектеп (мысалы, ай сайын, тоқсан сайын) төлейді. Сақтандыру жарнасының мөлшері сақтандыру полисінде көрсетіледі.
- Сақтандыру жауапкершілігінің көлемі
- Сақтандыру жағдайының, оқиғасының басталуының нәтижесінде залалды өтеу үшін сақтандырушы сақтанушыға төлеуі мүмкін максималды сома. Әдетте сақтандыру сомасы жоқ (жауапкершілігін сақтандыру) келісімшарттарында қолданылады.
- Сақтандыру жағдайының ықтималдылығы
- жекелеген сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру өтемі төленетін сақтандыру жағдайының басталу ықтималдылығының санмен бағалау. Сақтандыру жағдайының ықтималдылығы сақтандыру тарифтерін, мөлшерлемелерді, сыйлықақыларды, жеңілдіктерді, соларға белгіленетін үстемеақыларды белгілеу үшін негіз болып қолданылады.
- Сақтандыру келісімшарты
- сақтанушы мен сақтандырушының арасында жасалатын келісім. Сол келісім бойынша бір тараптың (сақтандырушының) келісілген сыйақы (сақтандыру сыйлықақысы) үшін сақтандыру келісімшартында қарастырылған сақтандырылған мүлікпен орын алған жағымсыз оқиғаның салдарынан екінші тарапқа (сақтанушыға) залалдарды өтеу міндеттемесі. Сонымен қатар қараңыз: САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІ
- Сақтандыру компаниясының агенті
- басқа тұлғаның (принципалдың) қызметкері болып табылмайтын, бірақ соның тапсырмаларын орындайтын немесе соның атынан және соның мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді жүзеге асыратын сенім артылған заңды немесе жеке тұлға. Агентке белгілі бір өкілдіктер беретін тұлға бір уақытта оның сол өкілдікті пайдалану кезінде заңдық мәмілелерді жүзеге асыруға келісім береді. Алайда агенттің төлемдерді алу құқығы агенттік келісімшартта тура көрсетілуі тиіс.
- Сақтандыру лимиті
- сақтандыру келісімшартында (полисінде) көрсетілген сақтандыру сомасы, соның көлемінде сақтандырушыға сақтанушының (үшінші тұлғалардың) алдында жауапкершілік артылады; мүлікті сақтандыруға болатын немесе дербес сақтандыру келісімшартын жасауға болатын максималды сақтандыру сомасы. Белгілі бір полис бойынша – әр сақтандыру жағдайы бойынша және жалпы алғанда бір жыл ішіндегі төлемдер сомасы бойынша мүмкін болған максималды сақтандыру төлемі.
- Сақтандыру мүддесі
- Сақтандырудағы материалдық мүдделілігінің шамасы. Сақтандыру сомасымен және сақтандыру полисінің шарттарымен көрсетіледі. Егер сақтандыру объектінде сақтандыру мүддесі болмаса немесе сақтандыру мүддесінің басталуын күтпесе, бір де бір заңды немесе жеке тұлға сақтандыруға жүгіне алмайды. Егер сақтандырылған мүлік жоғалған немесе зақымданған болса немесе егер сақтандырылған мүлікке байланысты сақтанушының үшінші тұлғалардың алдында материалдық жауапкершілігі туындаса, сақтанушы материалдық залал көруі тіис. Аталған мүдде – сақтандыру келісімшартын жасау кезінде сақтанушының сақтандырылып жатқан мүлікте міндетті түрде сақтандыру мүддесінің болуы шарт емес екенін білдіреді.
- Сақтандыру нысаны
- Сақтандырудың себебі мен мақсаты болып табылатын мүдде; дербес сақтандыруда: азаматтардың өмірі, денсаулығы және еңбек етуге қабілеттілігі; мүлікті сақтандыруда: ғимараттар, үйлер, көлік құралдары, фрахт, коллекциялар, үйдің мүлкі, тасымалданатын жүктер және басқа материалдық құнды заттар; жауапкершілігін сақтандыруда: сақтанушы бұзуы мүмкін (мысалы, аса қауіпті құралдарды пайдалану кезінде) үшінші тұлғалардың мүліктік мүддесі үшін жауапкершілігі;
- Сақтандыру полисі
- сақтандырушы жасалған сақтандыру келісімшартын куәландыру мақсатында сақтанушыға беретін және сақтандыру келісімшартының шарттары қамтылған белгіленген үлгідегі ақша құжаты. Сақтандыру полисі – стандартты және дербес болып бөлінеді. Стандартты сақтандыру полисін сақтандырушы жаппай сипаттағы қарапайым сақтандыру тәуекелдері бойынша жазады. Дербес сақтандыру полисі – (мысалы, коножұлдыздардың сырт келбетін сақтандыру) әдетте кәсіби карьерасына байланысты жеке сақтандыру мүдделерін білдіреді. Барлық стандартты полистерде айрықша сақтандыру мүдделерін қанағаттандыратын келісімшарттың ерекше шарттары және соған байланысты әрекеттер қарастырылуы мүмкін (мысалы, сақтанушының мұрагерлік өкімі). Келісімшарттың ерекше шарттарын стандартты полиске кіргізу – абсолютті немесе салыстырмалы шамалармен көрсетіледі. Полис сақтандыру келісімшартының бар екенінің заңдық дәлелдемесі болып табылады және қажет жағдайда сотқа ұсынылуы мүмкін. Егер сақтанушы өзіне табысталуы тиіс полис бойынша сыйлықақы төлемеген болса немесе берешегі болса, брокер аталған сыйлықақы төленгенге дейін полисті ұстауға құқылы.
- Сақтандыру сомасының залалдылығы
- сақтанушының сақтандыру өтемі мен сақтандыру сомасының арасында арақатынасты сипаттайтын қызметінің экономикалық көрсеткіші
- Сақтандыру сыйлықақысына үстеме ақы
- қандай да бір жағдайлардың салдарынан Сақтандырушының тәуекелі артқан жағдайларда сақтандырушы ұстап қалатын сақтандыру сыйлықақысының бөлігі.
- Сақтандыру сыйлықақысының депосы
- Қайта сақтандырушы өз міндеттемелерін орындау кепілдігі ретінде қайта сақтандыру келісімшартын жасау кезінде ұстап қалатын сыйлықақының бөлігі . келісімшарт тоқтатылған жағдайда қайта сақтандырушыға толығымен төленеді.
- Сақтандыру түрлері
- Дербес сақтандыру, мүлікті сақтандыру және жауапкершілікті сақтандыру сыныптамасы негізге алынған белгіге қарай сақтандыру түрі. Сақтандырушылардың пікірінше: біркелкі объектілерде соларға тән қауіпсіздіктерден сақтандыру. Сақтанушылардың аталған объектілерді сақтандыру арқылы қорғауға байланысты нақты мүдделерін білдіреді.
- Сақтандыру қамтамасының тепе-тең жүйесі
- сақтандыру өтемін сақтандыру сомасы сақтандыру объектін бағалауға қатысты құрайтын залалдың бөлігінің мөлшерінде төлеуді қарастырады. Мысалы, егер сақтандыру сомасы сақтандыру объекті бағасының 80%-ына тең болса, онда сақтандыру өтемі де залалдың 80%-ына тең болады. Бұл ретте залалдың білігі сақтанушының тәуекелінде қалады: сақтандыру сомасы мен сақтандыру объектінің бағасының арасындағы айырмашылық қаншалықты аз болса, толық өтеу дәрежесі соншалықты жоғары болады.
- Сақтандыру өтем объекті
- Заңмен немесе сақтандыру келісімшартымен қарастырылған нақты оқиғалардың тізімі (мысалы, ұрлық, өрт, жер сілкінісі және т.б.). осы оқиғалар басталған кезде сақтандырушы сақтандыру қорының қаражаттарының есебінен сақтанушыға төлем жасайды.
- Сақтандырудың жинақтау бағдарламасы
- тәуекел өтемдерімен бірге ақша қаражаттарын жинау немесе жинақтау элементі. Жинақтау бағдарламаларына – мысалы, дербес сақтандыру, зейнетақыны сақтандыру және т.б. жатады.
- Сақтандырушының жауапкершілік лимиті
- сақтандырушының сақтандыру келісімшартының шарттарынан туындайтын максималды жауапкершілігі.
- Сақтандырылған тұлға
- Өмірі, денсаулығы және еңбек етуге қабілеттілігі сақтандыру арқылы қорғау объекті ретінде әрекет ететін жеке тұлға. Сақтандыру жағдайы соған немесе пайда алушыға, немесе оның мұрагерлеріне сақтандыру өтемдерін төлеуге әкеп соқтырған адам – сақтандырылған тұлға болып саналады. Сақтандырылған тұлға мен сақтанушы бір адам болуы міндетті емес.
- Сақтанушының кінәсі
- сақтандыруда сақтанушының өрескел немесе қасақана кінәсі және абайсыздық деп бөлу қалыптасқан. Сақтанушының өрескел кінәсі сақтандырушы үшін сақтандыру өтемін төлеуден немесе оны залалдың сипаты мен мөлшеріне қарай ымыралы негізде төлеуден бас тарту үшін жеткілікті негіздеме болып табылады. Өрескел кінә сақтанушының сақтандыру объектісін сақтау бойынша міндетін сақтамаудан байқалуы мүмкін. Егер сақтанушы тарапынан орын алған абайсыздықтың немесе немқұрайлылықтың салдары айтарлықтай маңызды болмаса, сақтандырушы оларды сақтандыру өтемін төлеу туралы мәселені шешу кезінде кешірім себептері ретінде қарастыруы мүмкін.
- Сақтанушының өтініші
- Сақтандыру бойынша келісімшарт жасағанға дейін, дәлірек айтқанда сақтандырушы тәуекелде болғанға дейін сақтанушы материалдық сипаттағы барлық факторлар туралы немесе сақтанушыға белгілі немесе оған өзінің қызметіне қатысты белгілі болуы тиіс және сақтандырушының тәуекелді сақтандыруға қабылдау жайында шешім қабылдауына немесе тәуекелден бас тартуына, сыйлықақының лайықты мөлшерлемесін белгілеуіне әсер етуі мүмкін жағдайлар туралы сақтандырушыға мәлімдеме жасауға міндетті. Егер сақтанушы осындай мәлімдемені жасамаса, сақтандырушы онымен келісімшарт жасаудан бас тартуға құқылы. Сонымен қатар, егер сақтандырушы талап етпесе, сақтанушы жалпыға белгілі фактілер сақтандырушыға белгілі болуы ықтимал немесе қызметіне қатысты білуі тиіс жағдайлар туралы мәлімдемелер жасауы тиіс емес.
- Сыйлықақы
- сақтандырушы сақтандыру полисін ұстаушыға полистің шарттарында келісілген сақтандыру жағдайы бастал кезде тиісті соманы төлеу міндеттемесін өзіне қабылдағаны үшін сақтанушы сақтандырушыға төлейтін сома. Сыйлықақы ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда немесе жыл сайын төленуі мүмкін.
- Сыйлықақы қоры
- Қайта сақтандыру келісімшарттарының жалпыға қабылданған шарттарына сәйкес залалдарды төлеу және сыйлықақыны қайтару төлемдері үшін қор құру үшін өткізетін тарап қайта сақтандыру сыйлықақысының бөлігін ұстап қалуға құқылы.
- Тантьема
- қайта сақтандыру келісімшарттарына қатысуға жол бергені үшін қайта сақтандырушының пайдасынан цедентке ұсынылатын комиссия (сыйақы)
- Тарифтік басшылық
- сақтандырушы сақтандыру келісімшарттарын жасау кезінде пайдаланатын тарифтерді жүйелі түрде баяндау.
- Тарифтік мөлшерлеме
- сақтандыру тәуекелінің бағасы. Абсолютті ақшалай брутто-мөлшерлеме, белгілі бір мезгіл аралығындағы (сақтандыру мерзімінде) сақтандыру сомасының пайыздарымен немесе промилесімен көрсетіледі. Брутто-мөлшерлеме – актуарий есептеген нетто-мөлшерлеме қосу жүктеме. Нетто-мөлшерлеме сақтандырушының сақтандыру қорынан төлейтін шығыстарын көрсетеді; жүктеме – сақтандырушының істерді жүргізуге, сақтандыру агенттерінің немесе брокерлердің делдалдық қызметтері үшін төлейтін (комиссиялық сыйақы) жұмсайтын шығыстары, сақтандыру шарасын жүргізуден алынған пайда және басқа шығыстар.
- Тепе-тең емес қайта сақтандыру
- Сақтандыру сомалары, сыйлықақылары және төлемдері қайта сақтанушы мен сақтандырушының арасында тепе-тең бөлінбейтін қайта сақтандыру. Қайта сақтандырушы залал келісімшартта келісілген сомадан асып кеткен жағдайда ғана залалды өтеуге қатысады (эксцедент).
- Тепе-тең қайта сақтандыру
- сақтандыру сомалары, сыйлықақылары және төлемдері сақтанушы мен сақтандырушының арасында теңдей, дәлірек айтқанда өздеріне қабылдаған жауапкершілік үлестеріне сәйкес бөлінетін қайта сақтандыру.
- Теңіздік сақтандыру
- теңіз кәсіпорны қатысушыларының мүліктік мүдделерін кеме, жүк және фрахт ұшырайтын қауіптермен және кездейсоқтықтармен байланысты тәуекелдерден қорғау. Сонымен қатар теңіздік сақтандыруға кеме иелерінің жауапкершілігін сақтандыру да жатады. Сақтандырушының жауапкершілік көлемі, тараптардың залал туындағанға және туындағаннан кейінгі өзара қатынастары және т.б. тиісті сақтандыру шарттарымен белгіленеді.
- Толық жойылу
- сондай тәуекелдерден сақтандырылған тәуекелдердің әсер етуінің нәтижесінде сақтанушының сақтандырылған мүлікті (кеме, жүк, автомобиль) қайтарымсыз жоғалтуы.
- Тонау
- Мүлікті ашық ұрлау
- Тонау
- бөтен мүлікті ұрлау мақсатында өмірге немесе денсаулыққа қауіпті зорлық көрсету арқылы немесе сондай зорлық көрсетемін деп қоқан-лоқы жасау арқылы шабуыл жасау.
- Топтық сақтандыру
- сақтандырушы жекелеген жеке тұлғалармен емес, керісінше сақтанушы ретінде әрекет ететін кәсіпорынның әкімшілігімен немесе кәсіподағымен жасайтын дербес сақтандыру келісімшарттарының жиынтығы. Сол кәсіпорында жалданып істейтін адамдар – сақтандырылған тұлғалар болып табылады. Топтық полис жұмыс берушіге немесе топтың өкіліне беріледі, ал топтың әрбір мүшесі сақтандыру сертификатын алады.
- Түзету коэффициенттері
- Нақты объектіні немесе жеке тұлғаны сақтандыруға қабылдау кезіндегі тәуекел дәрежесіне сәйкес орташа сақтандыру тарифтерін арттыру немесе азайту мақсатында сақтандырушы (андеррайтер) қолданатын коэффициенттер.
- Тәуекел
- сақтандыру кезінде «тәуекел» термині бірнеше мағынада қолданылады. Ең алдымен бұл мағына – кездейсоқтық түрінде қабылданады: орын алуы мүмкін, бірақ бақылаудан тыс, міндетті орындалуы тиіс емес жағдай. Ықтимал оқиға немесе оқиғалар жиынтығы, солардың басталу жағдайына сақтандыру жасалады. Сақтандырушының жауапкершілігі де тәуекел мағынасында қолданылуы мүмкін: сақтандыру объекті тәуекелде болады, дәлірек айтқанда сақтандырушының жауапкершілігінде болады. Сонымен қатар «тәуекел» сақтандыру объекті мағынасында қолданылуы мүмкін: мысалы, кеме. Сондай-ақ «тәуекел» мағынасында сақтандырушының жауапкершілігінің белгілі бір түрі немесе заты қолданылуы мүмкін. Статистика, эмпирикалық және ықтималдық теориясының негізінде анықталады. Тәуекелді бағалаудың шынайылығы түрлі экономикалық-математикалық модельдер (актуарлық есептемелер) құрудың көмегімен тексеріледі. Сақтандыру қорының мөлшерін белгілеу үшін аса маңызды.
- Тәуекел сыйлықақысы
- сақтандыруда сыйлықақы екі бөлікке бөлінеді. Негізгі бөлігі сақтандыру өтемінің сомасын төлеу үшін қажет қорды құруға арналған, компанияның сақтандыру тәуекелімен байланысты және тәуекел сыйлықақысы деп аталады. Тәуекел сыйлықақысына қосылған үстемеақы төтенше залалдар жағдайына қор құру және іс жүргізуге кететін шығыстарды өтеу үшін қолданылады.
- Тәуекел-менеджмент
- брокерлік фирмалар, сақтандыру және қайта сақтандыру компаниялары өз клиенттеріне көрсететін қызметтің жаңа түрі. Соңғы жылдарда басылымдарда кеңінен жарнамаланып және талқыланып жатыр. Бұл сөздің дәл мағыналық аудармасы жоқ. Алайда бұл сөзді «тәуекелді бағалау» деп аударғанда өз мағынасына көбірек жақын келеді.
- Төленбеген залалдар қоры
- сақтандырушы өзіне мәлімделген, бірақ әлі төленбеген залалдар бойынша қаржылық міндеттемелерін орындау үшін құрған арнайы қор.
- Факультативтік қайта сақтандыру
- дербес негізде бір немесе бірнеше жекелеген тәуекелдерді қайта сақтандыру. Қайта сақтанушы қайта сақтандырушыға әр тәуекелді жеке ұсынады. Бұл ұсыныс қайта сақтандыру слипі түрінде рәсімделеді. Факультативті сақтандыру қайта сақтандырушыға да, қайта сақтанушыға да толық еркіндік береді. Қайта сақтанушы кез келген тәуекелді ұсынуға құқылы, ал қайта сақтандырушы тәуекелден бастартуы мүмкін немесе оны ішінара қабылдауы мүмкін. Әдетте факультативті қайта сақтандыру аса үлкен тәуекелдерді қайта сақтандыру кезінде пайдаланылады.
- Факультативтік-облигаторлық қайта сақтандыру
- қайта сақтандырудың аралас нысаны, соған сәйкес қайта сақтанушы тәуекелдердің барлығын емес, өз еркіне қарай тек белгілі бір тәуекелдерді ғана бере алады, ал сақтандырушы ол тәуекелдерді қабылдауға міндетті.
- Франшиза
- сақтанушының сақтандыру шарттарына сәйкес сақтандырушы өтемейтін залалдарының белгілі бір бөлігі. Франшиза сақтандырылған мүліктің құнының белгілі бір пайызы түрінде немесе белгілі бір сомада белгіленуі мүмкін. Қалай келісілгеніне қарай франшиза әрі сақтандырылған мүліктің жалпы құнына, әрі жүктің жекелеген жерлеріне қолданылуы мүмкін. Сақтандыру сомасына пайызбен немесе абсолютті шамасымен белгіленетін шартты (шегерілмейтін, шектік) және шартсыз (шегерілетін) франшиза болып бөлінеді. Шартты франшизада егер залал мөлшері франшизадан асса, сақтандырушы залал үшін жауапкершіліктен босатылады. Шартсыз франшизада сақтандырушының жауапкершілігі франшизаны шегеріп тастағанда залалдың мөлшерімен белгіленеді. Франшиза сақтанушының залалды өтеуде өзінің қатысу нысаны болып табылады және әдетте сақтанушының залалдары аса үлкен болмаған жағдайлар үшін қолданылады. Сақтандыру келісімшартына франшизаны енгізудің мақсаты – сақтандырушыны ұзақ залалдарды жоюға байланысты шығыстардан босату, себебі көп жағдайларда мұндай шығыстар залалдың сомасынан асып кетеді. Сонымен қатар, франшиза сақтанушыны сақтандырылған мүлікке ұқыптылықпен қарауға міндеттейді.
- Фронтингтеу
- тәуекелдерді толығымен (100%) басқа сақтандыру немесе қайта сақтандыру компанияларына, әдетте солардың өтініші бойынша тиісті сыйақы үшін сақтандыруға немесе қайта сақтандыруға қабылдау.
- Цедент
- сақтанушымен жасалған келісімшарт бойынша қабылданған тәуекелдің бөлігін ақыға қайта сақтандырушыға сақтандыруға беретін сақтандырушы.
- Цессионарий
- (ЦЕССИОНЕР) тәуекелдерді қайта сақтандыруға қабылдайтын сақтандырушы.
- Цессия
- сақтандырылған тәуекелді қайта сақтандыруға беру үдерісі.
- Шартсыз франшиза
- Сақтандырушы белгіленген франшизаны шегеріп тастағанда, келген залалдың кез келген мөлшерінде залалды өтеу тәртібі. Франшиза тіркелген ақша сомасымен немесе сақтандыру сомасының пайызымен белгіленуі мүмкін. Қараңыз: ФРАНШИЗА.
- Шұғыл медициналық көмек
- емдеудің бүкіл кезеңінде жіті ауру немесе жарақаты бар пациенттерге білікті медициналық көмек көрсету бойынша іс-шаралар топтамасы (емхана – жедел медициналық жәрдем – стационар).
- Экстра-сыйлықақы
- қауіптігі жоғары қосымша тәуекелдерді сақтандыру үшін сақтанушы сақтандырушыға қарапайым сыйлықақыға қосымша төлейтін қосымша сыйлықақы.
- Эксцедент
- қайта сақтанушының өзі ұстап қалатын сомадан тыс қайта сақтандырылуы тиіс тәуекел сомасы.
- Эксцеденттік келісімшарт
- тепе-тең қайта сақтандыру келісімшарттарының кеңінен таралған нысаны. Осы келісімшарттың шарттарына сәйкес сақтандыру сомасы қайта сақтанушының өзі ұстап қалатын сомадан асатын сақтандырылуға қабылданған барлық тәуекелдер белгілі бір лимит көлемінде қайта сақтандыруға өткізілуі тиіс, дәлірек айтқанда келісілген ретке көбейтілген қайта сақтанушының өзі ұстап қалатын сомалар.
- Қайта сақтандыру
- сақтандырушы тәуекелдерді қабылдай отырып, олар бойынша (сақтанушының алдындағы) жауапкершілігін келісілген шарттармен басқа сақтандырушыларға толығымен немесе ішінара беретін экономикалық қатынастар жүйесі.
- Қайта сақтандыру келісімшарты
- қайта сақтандыру келісімшарты – қайта сақтанушы мен қайта сақтандырушының өзара қатынастарын айқындайтын және олардың құқықтары мен міндеттерін белгілейтін заңды құжат.
- Қайта сақтандыру комиссиясы
- тәуекелді қайта сақтандыруға беру кезінде тәуекелді беріп жатқан компания өзінің пайдасына ұстап қалатын сыйлықақының бөлігі. Брутто немесе нетто-сыйлықақы есептелуі мүмкін.
- Қайта сақтандыру слипі
- Қайта сақтанушы әлеуетті қайта сақтандырушыларға тарататын және тиісті тәуекелдерді факультативті қайта сақтандыруға қатысу туралы ұсыныс қамтылған құжат.
- Қайта сақтандырушы
- қайта сақтандыру объектілерін қабылдайтын сақтандыру ұйымы.
- Қайта сақтандырушы (цедент)
- сақтанушымен жасалған келісімшарт бойынша қабылдаған тәуекелдің бөлігін қайта сақтандырушыға қайта сақтандыруға беретін сақтандырушы.
- Қатысу үлесі
- (ҮЛЕС) бұл сөз қайта сақтандыру тәжірибесінде қолданылады, бастапқы сақтандырушы өзінің жауапкершілігінде тәуекелдің бөлігін ұстап қалып, қалған бөлігін қайта сақтандыруға береді.
- Қосымша жабдық бойынша залал
- ЖКАО, өрт, жарылыс, дүлей құбылыстар нәтижесінде, сонымен қатар үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттерінің нәтижесінде сақтандырылған мүліктің қосымша жабдықтарының ұрлануы, зақымдануы, жойылуы.
- Қосымша сыйлықақы
- сақтанушы бұрын келісілген сақтандыру шарттарына қосымша тәуекелдерді қосқаны үшін төлейтін қосымша сақтандыру жарнасы.
- Қысқа мерзімді сақтандыру
- 12 айдан аз мерзімге жасалған сақтандыру; кінәраттарды жылдам реттеу мүмкін сақтандыру түрлері
- Үшінші тұлғалар
- сақтанушымен келісімшарттық қатынастары (мысалы, клиент болу) жоқ және оның қызметкері болып саналмайтын тұлғалар
- Ұрлық
- мүлікті құпия ұрлау, заңсыз кіріп ұрлау
- Әртараптандыру
- Сақтандыру ісінде сақтандырудың бір-бірімен байланысты емес көп түрінің бір мезгілде дамуы, сақтандырушы ұсынған сақтандыру қызметінің спектрін кеңеюі. Әртараптандыру – сақтандырушы сақтандыру қорын салу шарттары.
- Өз құқығын қорғауға кеткен шығындар
- сақтандырушыға білдірілген кінәраттар бойынша және соларды қанағаттандырудан ол бас тартып жатқан сақтанушының өз құқықтарын қорғаудан туындаған сот шығындары. Сақтандырушының жауапкершілігін дәлелдеген кезде ол шығындарды сақтанушы сақтанушыға өтеуі тиіс.
- Өзара сақтандыру
- Сақтандыру арқылы қорғау нысаны. Осы нысанда сақтанушы бір уақытта сақтандыру қоғамдастығының мүшесі болып табылады. Өзара сақтандыру – жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар тобының арасындағы келісілген шарттарға сәйкес залалдарды бір-біріне белгілі бір үлестермен өтеу туралы келісім.
- Өзара сақтандыру қоғамы
- Сақтандыру полистерінің ұстаушылары мүшелері және иелері болып табылатын өзара сақтандыру компаниясы.
- Өтініш беруші
- Полистер сатып алуға және сыйлықақылар төлеуге ниетті, сақтандыру туралы өтініш берген тұлға.