Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру

Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (АҚЖМС) ҚР «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Жолаушыларды және олардың мүлкін теміржол, теңіз, ішкі су, әуе, автомобиль және қалалық электр көліктерінде тасымалдаушылардың-ҚР резиденттерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандырылуы тиіс.

Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімшартын жасамаған тасымалдаушыға жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады.

Сақтандыру мерзімі — сақтандыру мерзімі 12 ай мерзімге жасалады, оның әрекеті бірінші сақтандыру жағдайы басталғаннан кейін тоқтамайды.

Сақтандыру жағдайлары

Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру жағдайы деп тасымалдаушының жолаушыларды тасымалдау кезінде олардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірген зиянды өтеу бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу факті танылады.

Сақтандыру сыйлықақысы

ҚР «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңына сәйкес сақтандыру сыйлықақысының мөлшері келесідей:

Көлік құралының атауы Жылдық сақтандыру сыйлықақысының мөлшері АЕК-пен
1 Автомобиль көлігі
1) жеңіл автомобилдер, автобустар, шағынавтобустар:
4 жолаушы орнына дейін
4 жолаушы орнынан асатын, 7 жолаушы орнына дейін
7 жолаушы орнынан асатын, 16 жолаушы орнына дейін 11,5
16 жолаушы орнынан асатын, 30 жолаушы орнына дейін 16
30 жолаушы орнынан асатын 23
2) трамвайлар, троллейбустар
2 Әуе көлігі
1) ұшақтар:
50 жолаушы орнына дейін 400
50 жолаушы орнынан асатын, 120 жолаушы орнына дейін 990
120 жолаушы орнынан асатын, 200 жолаушы орнына дейін 2180
200 жолаушы орнынан асатын 3820
2) тікұшақтар 135
3 Теңіз көлігі
50 жолаушы орнына дейін 50
50 жолаушы орнынан асатын, 100 жолаушы орнына дейін 100
100 жолаушы орнынан асатын, 150 жолаушы орнына дейін 150
150 жолаушы орнынан асатын, 300 жолаушы орнына дейін 300
300 жолаушы орнынан асатын 530
4 Ішкі су көлігі
50 жолаушы орнына дейін 17,5
50 жолаушы орнынан асатын, 100 жолаушы орнына дейін 35
100 жолаушы орнынан асатын, 150 жолаушы орнына дейін 50
150 жолаушы орнынан асатын, 300 жолаушы орнына дейін 90
300 жолаушы орнынан асатын 160

Теміржол тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушының жауапкершілігін сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшері тасымалдаушы сақтандыру келісімшартының әрекет ету кезеңі ішінде ҚР аумағында жолаушыларды және олардың мүліктерін тасымалдау бойынша іске асыратын қызметтерден алған (алуы тиіс) табысы сомасының 0,2%-ын құрайды, бір айда алған (алуы тиіс) табыстан ай сайынғы жарналар түрінде төленеді.
Сонымен қатар сақтандырудың бұл түрінде Франшиза қолдану қарастырылған. Сақтандыру келісімшарты бойынша Франшиза бір сақтандыру жағдайы бойынша және әр жәбірленуші бойынша 5 АЕК-ті құрайды. Келтірілген зиянның мөлшері Франшизаның мөлшерінен асатын болса, сақтандыру төлемі толық мөлшерде төленеді.
Жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін сақтандыру төлемі франшиза қолданбай төленеді.

Сақтандыру төлемдері келесідей:

Теңіз және әуе тасымалы бойынша:

Теміржол, ішкі су және автомобиль тасымалы бойынша:

Сақтандырушы сақтандыру төлемін барлық қажет құжаттарды алған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде төлейді.

css.php