Өзге қаржы шығындарынан ерікті сақтандыру

өзге қаржы шығындарынан ерікті сақтандыру табысын жоғалтудың, қолайсыз табиғат құбылыстарының, үздіксіз, күтілмеген шығындардың, нарықтық құнын жоғалтудың, Сақтанушының контрагентінің келісімшарттағы міндеттемелерін орындамауының (лайықты орындамауының) салдарынан және қаржылық-шаруашылық қызметін жүзеге асырудың нәтижесінде орын алған басқа залалдардың салдарынан Сақтанушыға сақтандыру төлемдерін төлеуді қарастырады.

Сақтандыру тәуекелдері

Қаржылық-шаруашылық қызметін жүзеге асыру кезінде төменде көрсетілген оқиғалардың (бір немесе бірнеше оқиға жиынтығының) нәтижесінде Сақтанушының қаржылық шығындарының пайда болуы:

1) Төменде көрсетілген жағдайлардың салдарынан өндірістік үдерістің амалсыз тоқтауы себебінен Сақтанушының табысын жоғалтуы немесе оның көлемінің қысқаруы:

2) үздіксіз шығындар:

3) күтілмеген шығындар — өндірістік үдеріс амалсыз тоқтаған немесе оның көлемі қысқарған кезеңде Сақтанушының қаржылық-шаруашылық қызметін қалпына келтіру бойынша шығындары, атап айтқанда Сақтанушы тоқтатылған қызметін қысқа мерзімде залалдар басталудан бұрын болған көлемде қалпына келтіру үшін көрген шығындар;

4) төменде көрсетілген жағдайлардың салдарынан мүліктің нарықтық құнын жоғалту:

5) төменде көрсетілген жағдайлардың салдарынан Контрагенттің Азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауы немесе лайықты орындамауы:

Сақтандыру сыйлықақысы

Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері сақтандыру сомасының және тарифтік мөлшерлеменің мөлшерлеріне қарай белгіленеді.

Өзге қаржы шығындарынан ерікті сақтандырған жағдайда тарифтік мөлшерлемелер

Тәуекел тобының (түрінің) атауы Базалық
тарифтікмөлшерлеме,%
Ең төмен тарифтікмөлшерлеме,% Ең жоғары тарифтікмөлшерлеме,%
Қаржылық-шаруашылық қызметі нәтижесіндегі залалдар 3,56 2,87 17,8
Табысын жоғалту 0.64 0.52 3.2
Қолайсыз табиғат құбылыстары 0.46 0.37 2.3
Үздіксіз шығындар 0.36 0.29 1.8
Күтілмеген шығындар 0.46 0.37 2.3
Мүліктің нарықтық құнын жоғалтуы 0.53 0.43 2.65
Контрагенттің өз міндеттемелерін орындамауы немесе лайықты орындамауы 0.61 0.49 3.05
Қаржылық-шаруашылық қызметі нәтижесіндегі өзге залалдар 0.50 0.40 2.5

Тарифтік мөлшерлеменің (үстемеақының) артуына әсер ететін факторлар

Факторлар Тарифтің немесе тарифтің кейбір құрамдас бөліктерінің артуы,%
Шығындардың кері статистикасы 100%-ға дейін
Сақтанушының қызметінің түрі 200%-ға дейін
Елдің экономикасының, ғаламдық дағдарыстың жалпы экономикалық құлдырау кезеңінде сақтандыру 200%-ға дейін
Сақтанушының соңғы үш жыл ішіндегі тиімсіз қызметі 100%-ға дейін
Салалық тәуекелдердің болуы 100%-ға дейін
Тәуекел-менеджменті жүйесінің болмауы 50%-ға дейін
Сақтандыру аумағының кеңеюі 50%-ға дейін

Бұл ретте, жалпы тарифтік мөлшерлеме тек 500%-ға ғана артуы мүмкін.

Франшиза

Сақтандыру келісімшартымен франшиза қарастырылады. Франшизаның түрі мен мөлшері Тараптардың келісімімен белгіленеді және не сақтандыру сомасының пайызымен, не болмаса абсолютті мөлшерде белгіленеді.

css.php