Мүліктік сақтандыру

Авто VIP — Мүліктік сақтандыру бағдарламасы

Сақтанушының сақтандырылған мүлікке иелік ету және өкім жүргізу нәтижесінде сақтандыру жағдайының басталу салдарынан келген күтілмеген шығыстар мен залалдарға байланысты мүліктік мүддесі – сақтандыру объекті болып табылады.

Жол полициясы органдарында немесе басқа құзырлы органдарда тіркеуде тұрған, Сақтанушыға меншік құқығында немесе басқа негізде тиесілі, іштен жану қозғалтқышымен қозғалатын (оған: мопедтерді, мотоциклдарды, кез-келген тракторлар мен өздігінен жүретін машиналарды қоса), сонымен қатар тіркемелер, жартылай тіркемелер – сақтандыру мәні болып табылады.

Сақтандыру келісімшарты келесідей жасқа толған адамдармен жасалады:

  • мотокөліктерге қатысты –16 жасқа толғандармен;
  • автокөліктердің басқа түрлеріне қатысты  – 18 жасқа толғандармен.

Келесідей көлік құралдары сақтандыруға қабылданбайды:

  • техникалық тұрғыдан ақауы бар, шашылған көліктер;
  • шетелде шығарылған автокөліктер үшін – 5 жылдан асқан көліктер және ТМД мен ҚХР елдерінде шығарылған автомобильдер үшін – 10 жылдан асқан көліктер;
  • Келісімшартта мамандандырылған ТЖО шоты бойынша сақтандыру төлемін төлеу қарастырылған жағдайда – 3 жылдан асқан және/немесе 100 000 (жүз мың) километрден астам жүрілген көліктер.

Қазақстан Республикасының аумағына қолданыстағы кеден нормалары мен қағидаларын бұзып кіргізілген, немесе Қазақстан Республикасы мен Интерполдың құзырлы органдарының ақпараттық базаларында бұрын ұрланған деп есепте тұрған көлік құралдары сақтандыруға қабылданбайды. Көрсетілген норманы бұза отырып жасалған Сақтандыру келісімшарты бойынша, сондай-ақ сақтандыру төлемдері бойынша Сақтандырушыға ешқандай міндеттемелер артылмайды.

Виды страхования

Сақтандыру сомасы

Осы Бағдарламаның шарттарына сәйкес Сақтандыру келісімшарты бойынша сақтандыру сомасы 750 000 (Жеті жүз елу мың) теңге мөлшерінде белгіленеді.

Сақтандыру сыйлықақысы

Сақтандыру сыйлықақысы 30 000 (Отыз мың) теңге мөлшерінде белгіленеді. Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын Сақтандыру келісімшартына қол қойғаннан кейін 2 (Екі) күн ішінде біржолғы төлеммен қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз есептеме арқылы төлейді.

Сақтандыру жағдайы

Осы Бағдарламаға сәйкес сақтандырылған көлік құралының төменде көрсетілген жағдайлардың нәтижесінде жойылуы, бүлінуі немесе жоғалуы – сақтандыру жағдайы деп саналады:

  • жол-көлік оқиғасы;
  • өрт, жарылыс;
  • дүлей апат, найзағай соғу;
  • егер Сақтандыру келісімшартында басқа шарттар айтылмаған болса, қозғалып бара жатқан көлік құралының дөңгелегінен ұшқан тастың сақтандырылған көлік құралының әйнектерін және оптикасын бүлдіруі;
  • сақтандырылған көлік құралына түрлі заттардың құлауы, атап айтқанда: қар, мұз, бұтақтар мен ағаштар, ғимараттардың/үйлердің бөліктері, терезелерден немесе ғимараттардың ойықтарынан лақтырылған заттар;
  • жолдың жүріс бөлігінен тыс жерде жылжымайтын немесе жылжымалы заттарға (ғимараттар, үйлер, кедергілер, қоршаулар, жануарлар, ағаштар және т.с.с.) соқтығысу;
  • көлік құралының инженерлік (жерасты, жерүсті, әуедегі) коммуникация желісі апаттарының салдары ретінде суға батуы, басқа да бүлінулері.

Егер сақтандырылған көлік құралының жойылуы, бүлінуі немесе жоғалуы Сақтандыру келісімшартының қолданыс кезеңінде және келісілген сақтандыру аумағының шеңберінде орын алған болса, ол оқиға – сақтандыру жағдайы деп танылады.

Бұл Бағдарламаның шарттары бойынша құзырлы органдардың (ЖПБ, ТЖМ және басқа) өкілдерінің оқиға орнында болуы міндетті емес. Бұл ретте оқиға орнын және сақтандырылған көлік құралының бүлінулерін сипаттауды міндетті түрде Сақтандырушының өкілі жүзеге асыруы тиіс.

Оқиға орнына Сақтандырушының өкілінің келуі оқиға қатысушыларын алкоголь, есірткі заттарын қолдануға қатысты медициналық куәландыру шарасынан өтуден босатпайды. 

Сақтандыру тарифтері бойынша мөлшерлеме