Жүктерді ерікті сақтандыру

жүктерді ерікті сақтандыру кез келген кездейсоқ немесе болуы мүмкін оқиғалардың басталуының нәтижесінде жүктің жоғалуының, жеткіліксіз болуының және/немесе зақымдануының (бұзылуының) салдарынан сақтанушыға сақтандыру төлемін төлеуді қарастырады.

Сақтандыру тәуекелдері:

Сақтандыру жағдайы деп кез келген кездейсоқ немесе болуы мүмкін оқиғалардың басталуының нәтижесінде жүктің жоғалуы, жеткіліксіз болуы және/немесе зақымдануы (бұзылуы) танылады.
Сақтандыру келісімшарты келесі жағдайлардың бірінің негізінде жасалуы мүмкін:

  1. «А» — «барлық тәуекелдер үшін жауапкершілікпен»
    «А» шартымен жасалған сақтандыру келісімшарты бойынша келесі өтелімдер қарастырылған:

    • кез келген себептермен орын алуының салдарынан жүктің барлығының немесе бөлігінің зақымдануынан немесе толық жойылуынан келген барлық залалдар,
    • жалпы апаттан келген шығындар, залалдар. Осы Ережелерге қатысты жалпы апаттар деп төтенше жағдайларда жүкті тасымалдап бара жатқан көлік құралын, фрахтыны олар үшін ортақ қауіптен сақтау мақсатында қасақана жүзеге асырылған ақылға қонымды әрекеттердің нәтижесінде келген залалдар түсініледі. Ортақ апат кезіндегі залалдар жүкті тасымалдауға қатысқан барлық қатысушылардың (көлік құралдары, жүк, фрахт иелерінің) арасында бөлінеді.
    • жүкті құтқару бойынша, залалды азайту бойынша барлық қажет дәне дұрыс жасалған шығындар (тиісті құжаттармен расталған)
  2. «В» — «жеке апат үшін жауапкершілікпен»
    «В» шартымен жасалған сақтандыру келісімшарты бойынша төменде көрсетілген оқиғалардың салдарынан жүктің барлығынің немесе бөлігінің зақымдануынан немесе толығымен жойылуынан келген барлық залалдар өтеледі.

    • өрт немесе жарылыс;
    • кеменің апатқа ұшырауы, қайырға тұрып қалуы, теңіз немесе өзен кемесінің аударылып кетуі;
    • құрлықпен тасымалдау кезінде көлік құралының аударылып кетуі немесе жолдан құлауы;
    • суды қоспағанда, кеменің немесе басқа көлік құралының басқа нысанмен соқтығысуы немесе жанасуы;
    • жүкті портта түсіру — баспана;
    • жеке апат бойынша шығындар, залалдар;
    • жер сілкінісі, жанартаудың атқылауы немесе найзағай түсу;
    • борттың сыртына шайып кету;
    • теңіз, көл немесе өзен суының көлік құралына, жүк салынған контейнерге, немесе сақтау орнына өтуі;
    • жүкті арту немесе түсіру кезінде оның борттың сыртына құлауының нәтижесінде жүкті толық немесе оның бөлігін жоғалту.

    Жүкті құтқару бойынша, залалды азайту бойынша жасалған барлық қажет және дұрыс шығындар да (тиісті құжаттармен расталған) өтеледі.

  3. «С» — «апатқа ұшырау жағдайларын қоспағанда, зақымданғаны үшін жауапкершіліксіз»
    «С» шартымен жасалған сақтандыру келісімшарты төменде көрсетілген оқиғалардың салдарынан апатқа ұшырадан жүктің барлығының немесе бөлігінің зақымдануынан немесе толығымен жойылуынан келген залалдар өтеледі:

    • кеменің апатқа ұшырауы, қайырға тұрып қалуы, теңіз немесе өзен кемесінің аударылып кетуі;
    • құрлықпен тасымалдау кезінде көлік құралының аударылып кетуі немесе жолдан құлауы;
    • суды қоспағанда, кеменің немесе басқа көлік құралының басқа нысанмен соқтығысуы немесе жанасуы.

    Жүкті құтқару бойынша, залалды азайту бойынша барлық қажет дәне дұрыс жасалған шығындар да өтеледі.

Сақтандыру сыйлықақысы

Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері сақтандыру сомасының және тарифтік мөлшерлеменің мөлшерлеріне қарай белгіленеді. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері көлік құралының түріне, сақтандыру жауапкершілігінің нұсқасына, түріне және жүктің сипатына, жүру бағытан және сақтандыру тәуекелінің дәрежесін белгілейтін басқа деректерге байланысты болады.

Тарифные ставки по договору добровольного страхования грузов

Условия Тарифтік мөлшерлеме
(сақтандыру сомасының %-ымен)
ең төмен базалық ең жоғары
«A»: барлық тәуекелдер үшін жауапкершілікпен 0,006 0,261 3,810
«B»: жеке апат үшін жауапкершілікпен 0,005 0,237 3,463
«C»: апатқа ұшырау жағдайларын қоспағанда, зақымданғаны үшін жауапкершіліксіз 0,003 0,142 2,078

«A» шартымен жасалған жүктерді сақтандыру келісімшарты бойынша тарифтік мөлшерлемелер

Көлік түрі Тарифтік мөлшерлеме
(сақтандыру сомасының %-ымен)
ең төмен базалық ең жоғары
Автомобиль және Теміржол көлігі 0,006 0,261 3,810
Теңіз және Өзен көлігі 0,005 0,208 3,048
Авиация және Құбыр желісі көлігі 0,004 0,182 2,667

«B» шартымен жасалған жүктерді сақтандыру келісімшарты бойынша тарифтік мөлшерлемелер

Көлік түрі Тарифтік мөлшерлеме
(сақтандыру сомасының %-ымен)
ең төмен базалық ең жоғары
Автомобиль және Теміржол көлігі 0,005 0,237 3,463
Теңіз және Өзен көлігі 0,004 0,189 2,771
Авиация және Құбыр желісі көлігі 0,004 0,166 2,424

«С» шартымен жасалған жүктерді сақтандыру келісімшарты бойынша тарифтік мөлшерлемелер

Көлік түрі Тарифтік мөлшерлеме
(сақтандыру сомасының %-ымен)
ең төмен базалық ең жоғары
Автомобиль және Теміржол көлігі 0,003 0,142 2,078
Теңіз және Өзен көлігі 0,003 0,114 1,662
Авиация және Құбыр желісі көлігі 0,002 0,099 1,455

Франшиза

Сақтандыру келісімшартымен франшиза қарастырылады. Франшизаның түрі мен мөлшері Тараптардың келісімімен белгіленеді және не сақтандыру сомасының пайызымен, не болмаса абсолютті мөлшерде белгіленеді.

Related Posts