Міндетті экологиялық сақтандыру

Міндетті экологиялық сақтандыру ҚР «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Міндетті экологиялық сақтандырудың нысаны болып шаруашылық және өзге қызметтердің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның, оның қоршаған ортаның апаттық ластануының нәтижесінде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленген үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және/немесе қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүддесі табылады. Міндетті экологиялық сақтандыру келісімшартын жасамайынша шаруашылық және өзге қызметтердің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның өз қызметін жүзеге асыруға құқығы жоқ.

Сақтандыру жағдайлары

Міндетті экологиялық сақтандыру келісімшарты бойынша сақтандыру жағдайы деп қоршаған ортаның апаттық ластануының нәтижесінде үшінші тұлғаның өміріне, денсаулығына, мүлкіне және/немесе қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтандырушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу факті танылады.

Сақтандыру сомасының мөлшері тараптардың келісімімен міндетті экологиялық сақтандыру келісімшартында белгіленеді, бірақ сақтандыру сомасының мөлшері келесі мөлшерден кем болмауы тиіс:

  1. жеке кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғамен міндетті экологиялық сақтандыру келісімшартын жасаған күнге республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 5000 еселік мөлшер;
  2. заңды тұлғамен міндетті экологиялық сақтандыру келісімшартын жасаған күнге республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 65000 еселік мөлшер;
  3. егер міндетті экологиялық сақтандыру келісімшарты қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бөлігінде жасалған болса, міндетті экологиялық сақтандыру келісімшартын жасаған күнге республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 17000 еселік мөлшер.

Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері ҚР «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» Заңына сәйкестараптардың келісімімен белгіленеді, бірақ сақтандыру сыйлықақысының мөлшері сақтандыру сомасына қарай:

Р. № Экологиялық қауіпті нысан Ең аз сақтандыру сомасы (АЕК) Сақтандыру тарифі (%)
1 жеке кәсіпкер болып табылатын жеке тұлға 5 000 0,76 — 2,65
2 заңды тұлға 65 000
3 міндетті экологиялық сақтандыру келісімшарты қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бөлігінде жасалған кезде 17 000 0,59 — 2,05

Сақтандыру мерзімі — Сақтандыру келісімшарты 12 айға жасалады және бірінші сақтандыру жағдайы орын алған кезде өз әрекетін тоқтатпайды.

Сақтандырушы сақтандыру төлемдерін жәбірленушінің (Пайда алушының) талабы сомасына немесе келтірілген зиянды өтеу туралы күшіне енген сот шешіміне қарай белгілейді.

Сақтандырушы сақтандыру төлемдерін барлық қажет құжаттарды алған күннен бастап 30 күн ішінде төлейді.

Related Posts