ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ АҚЖ-СЫН ЕРІКТІ САҚТАНДЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін атқару іс-әрекеттерінің салдарынан атқару өндірісіне қатысушыларға және басқа тұлғаларға (бұдан әрі мәтін бойынша – Пайда алушылар) келген залалды өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүдделері – сақтандыру нысаны болып табылады.

Сақтанушының атқару іс-әрекеттерін жасау кезінде қандай да бір абайсыз бұзылымдарға немесе аңдаусыз қателерге және олқылықтарға байланысты үшінші тұлғаларға келген мүліктік зиянды өтеу міндетіне қатысты мүліктік мүдделерін сақтандыру жеке сот орындаушыларының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру келісімшартының (бұдан әрі мәтін бойынша – келісімшарт) мәні болып табылады.

Сақтандыру келісімшартының әрекет ету кезеңі ішінде Сақтанушы сақтандыру тәуекелін арттыруға едәуір ықпал етуі мүмкін өзгертулер болған жағдайда сақтандыру келісімшартын жасау кезінде өзіне белгілі болған  хабарланған жағдайлардағы маңызды өзгертулер туралы Сақтандырушыға жедел хабарлауға міндетті.

 

САҚТАНДЫРУ СОМАСЫ, САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫ, ФРАНШИЗА

 

Сақтандыру келісімшарты бойынша сақтандыру сомасы тараптардың келісімімен белгіленеді.

Сақтандыру келісімшартында франшиза белгіленеді, оның мөлшері мен түрі сақтандыру келісімшартында белгіленеді. Тараптардың келісімімен франшиза не сақтандыру сомасына (залал сомасына) есептегендегі пайызбен, не болмаса абсолютті мөлшерде белгіленеді.

Сақтандыру келісімшарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы жеке сот орындаушыларының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру  бойынша сақтандыру сомалары мен сақтандыру тарифтері мөлшерінің кестесіне сәйкес сақтандыру сомасының пайызымен белгіленеді.

Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын біржолғы төлеммен немесе кезеңді сақтандыру жарнасы түрінде бөліп төлеу арқылы, қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз төленеді.

 

САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІ

 

Сақтандыру келісімшарты сол оқиғаның басталуына байланысты сақтандыру төлемін төлеуді қарастыратын оқиға, атап айтқанда жеке сот орындаушысының атқару іс-әрекеттерін жасау кезінде орын алған абайсыз бұзылымдардың немесе аңдаусыз қателердің және олқылықтардың нәтижесінде Пайда алушыға келген зиян осы Бағдарлама бойынша сақтандыру жағдайы деп танылады.

Сот Сақтанушының атқару іс-әрекеттерін жасау нәтижесінде Пайда алушыға келген зиянды өтеу міндетін белгелеген сәттен бастап сақтандыру жағдайы басталған болып саналады.

Келесі жағдайларда оқиға сақтандыру жағдайы болып танылады:

  • сақтандыру келісімшартының әрекет ету кезеңінде орын алса;
  • сақтандыру келісімшартында көрсетілген сақтандыру аумағында орын алса;
  • зиян келтіретін тікелей себеп-салдар байланысы болса және сақтандыру келісімшартына сәйкес сол оқиға бойынша залалды өтеу тиіс оқиға орын алса;
  • сот шешімі заңды күшіне енсе.

Сақтанушының тек кәсіби қызметіне байланысты кінараттар сақтандырумен өтеледі.

Сақтандыру жағдайының басталғанын, сондай-ақ өзіне залал келгенін дәлелдеу  Сақтанушының міндеті болып табылады.

Заладың мөлшері жеке сот орындаушысының атқару іс-әрекеттерін жасауының нәтижесінде Пайда алушыға келтірген зиянның сот шешімімен сақтандыру сомасының көлемінде белгіленген мөлшеріне қарай белгіленеді.

Егер Сақтанушы келтірген зиянды сол зиянды келтіруге кінәлі үшінші тұлғалар ішінара өтеуі тиіс болса, келісімшартта басқа шарттар қарастырылмаған жағдайда, Сақтандырушы төленуі тиіс толық сома мен зиян келтірген тұлғадан өндіріп алу тиіс соманың арасындағы айырмашылықты ғана өтейді.

Сақтанушы сондай тұлғалардың бар екені және сол тұлғалардан өндіріп алу тиіс төлем сомалары туралы Сақтандырушыға хабарлауға міндетті.

Төменде көрсетілген жағдайларда Сақтандырушы сақтандыру төлемін кейінге қалдыруға құқылы:

  • егер сақтандыру жағдайын растайтын құжаттардың шынайылығына себепті күмәні болса – қажет дәлелдемелер әкеп тапсырылғанға дейін;
  • егер құзырлы органдар Сақтанушыға (Пайда алушыға), оның жұмыскерлеріне немесе өкілеттік берген өзге тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғаған және залал келуге әкеп соқтырған жағдайларға тергеу жүргізіліп жатқан болса – тергеу аяқталғанға дейін;
  • белгіленген тәртіпте сот шешіміне шағымданған (қарсылық білдірген) жағдайда – сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін.

Егер сақтандыру келісімшартында басқа шарттар тікелей қарастырылмаған болса, Сақтандыру төлемін төлеу туралы немесе сақтандыру төлемін төлеуден бас тарту туралы шешімді Сақтандырушы сақтандыру жағдайының басталғанын, оның басталу себептерін және алушының сақтандыру төлеміне құқығын растайтын соңғы қажет құжатты алған және тиісті сақтандыру актін бекіткен сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

Егер сақтандыру келісімшартында басқа шарттар тікелей қарастырылмаған болса, сақтандыру төлемін төлеуден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда Сақтандырушы ол жөнінде Сақтанушыға жазбаша түрде, бас тартудың негізделген себептерін көрсетіп, Сақтанушы соңғы қажет құжатты берген сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде хабарлайды.

Егер сақтандыру келісімшартында басқа шарттар тікелей қарастырылмаған болса, сақтандыру төлемін төлеу туралы шешім қабылдаған жағдайда Сақтандырушы сақтандыру төлемін Пайда алушыға шешім қабылдаған сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Сақтандыру келісімшарты бойынша жалпы төлем сомасы сақтандыру сомасынан аспауы тиіс.

 

Related Posts
Leave a Reply

Your email address will not be published.Required fields are marked *