Міндетті автосақтандыру
КҚИ АҚЖМС
Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (КҚИ АҚЖМС) «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Көлік құралы иесінде көлік құралы иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімшарты болмаған жағдайда көлік құралдарын пайдалануға болмайды.
Онлайн-калькулятор
Міндетті автосақтандыру құнын есептеңіз де бірнеше минут ішінде өтінім рәсімдеңіз
Сақтандыру жағдайлары
Сақтандырылған тұлғаның көлік құралы иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімшартында көрсетілген сақтандырылған көлік құралын пайдаланудың нәтижесінде жәбірленуші деп танылған тұлғаның өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келген зиянды өтеу бойынша сақтандырылған тұлғаның азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу факті – сақтандыру жағдайы деп танылады.
Сақтандыру сыйлықақысы
«Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес сақтандыру сыйлықақысының мөлшері 1,9 АЕК мөлшерінде белгіленген базалық сыйлықақы негізінде есептеледі, оған төмендегі шарттарға қарай Заңмен белгіленген тұлғаларға арналған коэффициенттер қолданылады:
1) көлік құралын тіркеген орын,
2) көлік құралының түрі,
3) сақтанушының (сақтандырылған тұлғаның) жасы және көлік жүргізу өтілі,
4) көлік құралын пайдалану мерзімі;
5) Азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылған («бонус-малус» жүйесі) тұлғалардың кінәсінен сақтандыру жағдайларының болуы немесе болмауы: бонус-малус – осы жүйе бойынша тиісті сынып тағайындау арқылы сақтанушыға (сақтандырылған тұлғаға) оның кінәсінен сақтандыру жағдайының болуына немесе болмауына қарай арттыратын немесе төмендететін коэффициенттерді қолдану арқылы көлік құралы иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімшарты бойынша төленуі тиіс сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін есептеу кезінде пайдаланылатын жеңілдіктер мен үстемеақылар жүйесі.
Cақтандыру мерзімі аяқталғаннан кейін тиісті сынып тағайындау арқылы «бонус-малус» жүйесі бойынша коэффициенттер келесідей мөлшерде белгіленеді:
Сақтандыру мерзімінің басындағы сынып |
Коэффициент мөлшері |
Сақтанушының (сақтандырылған тұлғаның) кінәсінен сақтандыру жағдайларының болуын есепке ала отырып, сақтандыру мерзімінің аяғындағы сынып |
0 1 2 3 4 және > Сақтандыру Сақтандыру Сақтандыру Сақтандыру Сақтандыру жағдайы жағдайы жағдайы жағдайы жағдайы |
||
1 М сыныбы 0-сынып 1-сынып 2-сынып 3-сынып 4-сынып 5-сынып 6-сынып 7-сынып 8-сынып 9-сынып 10-сынып 11-сынып 12-сынып 13-сынып |
2 2,45 2,30 1,55 1,40 1,00 0,95 0,90 0,85 0,80 0,75 0,70 0,65 0,60 0,55 0,50 |
3 4 5 6 7 0 М М М М 1 М М М М 2 М М М М 3 1 М М М 4 1 М М М 5 2 1 М М 6 3 1 М М 7 4 2 М М 8 4 2 М М 9 5 2 М М 10 5 2 1 М 11 6 3 1 М 12 6 3 1 М 13 6 3 1 М 13 7 3 1 М |
Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты ол күшіне енген күннен бастап он екі ай мерзімге жасалады.
Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында белгіленген күннен бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.
Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты мынадай жағдайларда бұзылған болып есептеледі:
1) шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы;
2) шартты мерзімінен бұрын бұзу;
Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандыру төлемі жасалған кезде тоқтатылмайды.
Сақтандырушының бір сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершілігінің ең жоғары мөлшері (сақтандыру сомасы) (айлық есептік көрсеткіште):
- әрбір жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиян үшін және нәтижесінде:
- өлім – 2000;
- мүгедектікті анықтау:
- бірінші топ – 1600;
- екінші топ – 1200;
- үшінші топ – 500;
- мүмкіндігі шектеулі бала – 1000;
- мүгедектік белгіленбестен мүгедектікке, жарақаттануға немесе денсаулыққа өзге де зақым келтіруге – амбулаториялық және (немесе) стационарлық емдеуге жұмсалған нақты шығыстар мөлшерінде, бірақ 300-ден аспайды;
- бiр жәбiрленушiнiң мүлкiне келтiрiлген зиян үшiн – келтiрiлген зиян мөлшерiнде, бiрақ 600-ден аспайды;
- екi немесе одан да көп жәбiрленушiнiң мүлкiне бiр мезгiлде келтiрiлген зиян үшiн – келтiрiлген зиян мөлшерiнде, бiрақ әрбiр жәбiрленушiге 600-ден аспайды. Бұл ретте барлық зардап шеккендерге сақтандыру төлемдерінің жалпы сомасы 2000-нан аспауы керек.
Зиян сомасы сақтандырушының жауапкершілік шегінен асып кеткен жағдайда, әрбір жәбірленушіге сақтандыру төлемі оның мүлкіне келтірілген зиянның дәрежесіне пропорционалды түрде жүргізіледі.
Сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін калькуляторды пайдалануға болады.