Тасымалдаушының сақтандыру

Тасымалдаушының сақтандыру (Страхование перевозчика)

ТЖ АҚЖМС

Тасымалдаушылардың жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (ТЖ АҚЖМС) «Тасымалдаушылардың жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Тасымалдаушының Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленген, жолаушыларды тасымалдау кезінде олардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келген зиянды өтеу міндетіне байланысты тасымалдаушының мүліктік мүддесі –  тасымалдаушылардың жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың нысаны болып табылады.

Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімшартына жасамаған тасымалдаушының жолаушыларды тасымалдауына болмайды.

Онлайн-калькулятор

Тасымалдаушының сақтандыру (Страхование перевозчика)

Сақтандыру сыйлықақысының құнын есептеп, бірнеше минут ішінде өтініш жіберіңіз

Сақтандыру тәуекелдері

Жолаушыларды тасымалдау кезінде олардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келген зиянды өтеу бойынша тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу факті – тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру жағдайы болып табылады.

Жәбірленушінің өміріне және денсаулығына келген зиянның құрамына жәбірленушінің өліміне, еңбекке қабілеттілігін уақытша немесе ұзақ уақытқа жоғалтуына байланысты зиянның материалдық шығыны да қамтылған.

Тасымалдаушы тасымалдауға қабылдаған (багаж) және (немесе) жолаушының өзімен болған мүлкі жолаушыны тасымалдау кезінде жоғалса, жетіспесе немесе бүлінсе (бұзылса), ол мүліктің құны жәбірленушінің мүлкіне келген зиянға қосылады.

Сақтандыру сыйлықақысы

Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру кезінде бір көлік құралы үшін жылдық сақтандыру сыйлықақысының келесідей мөлшері (айлық есептік көрсеткішпен) белгіленеді:

Р. №

Көлік құралының атауы

Жылдық сақтандыру сыйлықақысының мөлшері – АЕК

1

1)    жеңіл автомобильдер, автобустар, микроавтобустар:

4 жолаушы орнына дейін

4-тен көп, 7 жолаушы орнына дейін

7-ден көп, 16 жолаушы орнына дейін

16-дан көп, 30 жолаушы орнына дейін

30-дан көп жолаушы орны

2)   трамвайлар, троллейбустар

 

3

5

11,5

16

23

7

2

1)              ұшақтар:

50 жолаушы орнына дейін

50-ден көп, 120 жолаушы орнына дейін

120-ден көп, 200 жолаушы орнына дейін

200-ден көп жолаушы орны

2)     тікұшақтар

 

400

990

2180

3820

135

3

Теңіз көлігі:

50 жолаушы орынына дейін

50-ден көп, 100 жолаушы орнына дейін

100-ден көп, 150 жолаушы орнына дейін

150-ден көп, 300 жолаушы орнына дейін

300-ден көп жолаушы орны

50

100

150

300

530

4

Ішкі су көлігі:

50 жолаушы орынына дейін

50-ден көп, 100 жолаушы орнына дейін

100-ден көп, 150 жолаушы орнына дейін

150-ден көп, 300 жолаушы орнына дейін

300-ден көп жолаушы орны

 

17,5

35

50

90

160

Темір жол арқылы тасымалдап жатқан тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшері тасымалдаушының жауапкершілігін сақтандыру келісімшартының қолданыс кезеңі ішінде Қазақстан Республикасының аумағында жолаушыларды тасымалдау және тасымалдаушы алған (алуы тиіс) мүлікті тасымалдау қызметін іске асырудан түскен табыс сомасының 0,2 пайызын құрайды, бір айда алған (алуы тиіс) табыстан ай сайынғы жарналар түрінде төленеді.

Сақтандыру төлемдері

Сақтандырушының бір сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершілігінің ең жоғары мөлшері (сақтандыру сомасы) (айлық есептік көрсеткіште):

әрбір жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін және нәтижесінде:

  • өлім – 5000;
  • мүгедектікті анықтау:
  • бірінші топ – 5000;
  • екінші топ – 3500;
  • үшінші топ – 2500;
  • мүмкіндігі шектеулі бала – 5000;
  • мүгедектік белгіленбестен мүгедектікке, жарақаттануға немесе денсаулыққа өзге де зақым келтіруге – амбулаториялық және (немесе) стационарлық емдеуге жұмсалған нақты шығыстар мөлшерінде, бірақ 200-ден аспайды;
  • әрбір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін – келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ 250-ден аспайды.

Сақтандыру төлемінің сомасын есептеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес сақтандыру төлемі жасалған күні белгіленген айлық есептік көрсеткіш пайдаланылады.

Франшиза

Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімшарты бойынша франшиза бір сақтандыру жағдайы бойынша және әр жәбірленуші бойынша айлық есептік көрсеткіштің бес еселік мөлшерін құрайды. Келген зиянның мөлшері франшизаның белгіленген мөлшерінен асып кетсе, сақтандыру төлемі толық көлемде төленеді.

Жәбірленушінің өміріне және денсаулығына келген зиян үшін сақтандыру төлемі франшиза қолданбай төленеді.