Мүліктік сақтандыру

«Менің пәтерім» ерікті сақтандыру бағдарламасы

Сақтандыру объектісі мен субъектісі

«Менің пәтерім» Жеке тұлғалардың дербес пайдалануындағы ғимараттарды ерікті сақтандыру бағдарламасы

Жылжымайтын мүлік иесінің (бұдан әрі мәтін бойынша – Сақтанушының) Сақтандыру келісімшартында көрсетілген жылжымайтын мүлікке иелік ету, оны пайдалану, өкім жүргізуге, сондай-ақ Бағдарламада қарастырылған сақтандыру жағдайы басталған кезде туындауы мүмкін күтілмеген шығыстарға байланысты мүліктік мүддесі – сақтандыру объекті болып саналады.

Жеке тұлғаларға тиесілі (қабырғалар, төбе, терезелер, есіктер, жайлардың ішкі өңделімі, едендер), Бағдарламада қарастырылған сақтандыру жағдайы басталған кезде зиян келген жылжымайтын мүлікті сақтандыру – Сақтандыру келісімшартының мәні болып саналады.

Келесі мүліктер сақтандыруға қабылданбайды:

  • тұрғын үй қорынан шығарылған жылжымайтын мүлік (жапсаржайлар, аулада орналасқан жеке тұрған құрылыс жайлары, жылжымалы модульдер және т.с.с.);
  • тұрғындар уақытша пайдаланып жатқан жылжымайтын мүлік;
  • Каркас-қамыстан саманнан салынған, ескі ғимараттар.

Осы Бағдарламаның шарттарына сәйкес сақтандыру аумағындағы кез-келген жылжымалы мүлік – сақтандыру мәні болып саналмайды.

Виды страхования

САҚТАНДЫРУ СОМАСЫ, САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫ

Осы Бағдарламаның шарттарына сәйкес Сақтандыру келісімшарты бойынша сақтандыру сомасы тараптардың келісімімен төмендегі кестеде көрсетілген мөлшерлерде белгіленеді. Сақтандыру келісімшарты бойынша төленуі тиіс сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (теңгемен)  сақтандыру сомасын ескере отырып, төмендегідей кестеге сәйкес белгіленеді: 

«Менің пәтерім» Жеке тұлғалардың дербес пайдалануындағы жылжымайтын мүлікті ерікті сақтандыру бағдарламасы бойынша сақтандыру сомалары мен сақтандыру сыйлықақыларының

КЕСТЕСІ

Сақтандыру сомасының мөлшері (теңге)

300 000

700 000

900 000

Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (теңге)

3 000

7 000

9 000

Сақтандыру келісімшартында сақтандыру сомасының пайызымен шартсыз франшиза қарастырылады:   

  • Сақтандырылған жылжымайтын мүліктің бүлінуі – сақтандыру сомасының 1,0 %;
  • Жылжымайтын мүліктің жойылуы (егер залал жылжымайтын мүліктің шынайы құқының 85 %-ынан астам) – сақтандыру сомасының 10,0 %;
  • «жер сілкінісі» тәуекелі бойынша – сақтандыру сомасының 10,0 %.

САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ

Осы Бағдарламаға сәйкес Сақтандыру келісімшартында қарастырылған оқиғаның немесе оқиғалар жиынтығының сақтандырылған тәуекелдердің) басталу нәтижесінде сақтандырылған жылжымайтын мүліктің бүлінуі немесе жойылуы, оған: іргелес аумақта тұратын бөтен адамдарға (бұдан әрі мәтін бойынша – көршілер) келген зиянды қоса – сақтандыру жағдайы деп танылады.

Төменде көрсетілген оқиғалардың нәтижесінде сақтандырылған жылжымайтын мүліктің бүлінуі немесе жойылуы осы Бағдарлама бойынша сақтандыру жағдайы болып танылады:

  • өрт, жарылыс, тұрмыстық мақсатта пайдаланып жатқан газдың жарылысы;
  • жер сілкінісі;
  • дүлей апаттар;
  • әрі сақтандырылған жылжымайтын мүлікті құтқару үшін қабылданған, әрі іргелес үй-жайларда өртті өшіру немесе өрттің таралуының алдын алу кезінде қолданылған шаралардың салдарынан келген залал;
  • су құбырларынан, сплинтер, кәріз құбырларынан және жылыту жүйесінен аққан судың басуы, көрші жайлардан су кіру.

Сақтандыру тарифтері бойынша мөлшерлеме