Мүліктік сақтандыру
Мүлікті залалдан ерікті сақтандыру
Мүлікті залалдан ерікті сақтандыру келісімшартта белгіленген оқиғаның немесе оқиғалар жиынтығының (сақтандырылған тәуекелдердің) басталуының нәтижесінде сақтандырылған мүліктің жойылу, бұзылу немесе оны жоғалту салдарынан сақтанушыға сақтандыру төлемін төлеуді қарастырады.
Сақтандыру тәуекелдері тізбесі
- Сақтандыру жағдайы деп мүліктің келесі оқиғалардың (оқиғалар жиынтығының немесе олардың кез келген комбинациясының) нәтижесінде жоғалуы, жойылуы немесе бұзылуы танылады:
- өрт, найзағай түсу, жарылыс. Өрт деп отты жағуға немесе оның жануын ұстап тұруға арнайы арналған орындардан тыс жерде пайда болған немесе сол орындардың сыртына таралған және өзі дербес таралуы мүмкін от түсініледі. Найзағай түсу деп найзағайдың затқа тікелей түсуі түсініледі. Жарылыс деп газдардың немесе будың таралу екпініне негізделген күштердің кенет пайда болуы түсініледі. Суйыққойманың (қазанның, құбырдың және т.с.с) жарылуы оның қабырғасы бұзылып, суыққойма ішіндегі қысым мен сыртындағы қысымның айырмашылығы кенеттен теңескен кезде орын алады. Егер суйыққойманың ішіндегі жарылыс химиялық реакцияның нәтижесінде жүзеге асса, онда суйыққойманың бұзылғаны үшін залал оның қабырғаларының бүтіндігі бұзылып-бұзылмағанына қарамастан өтелуі тиіс. Сақтандыру өтелімі жану камерасында болған жарылыстың нәтижесінде ішкі жану қозғалтқышы қондырғыларына келген залалға сондай-ақ газдың ішкі қысымының пайда болуы нәтижесінде электр ажыратқыштарының бөлшектеріне келген залалға таралмайды;
- дүлей апаттар: су тасқыны, жер сілкінісі, жанартаудың атқылауы, жерасты отының әрекеттері, жердің шөгуі, лай-тас көшкіні, тау көшкіні, тастың құлауы, қар массасының молдығы, қар көшкіні, қатты жел (дауыл), құйың, қара құйың, сел, жерасты суларының көтерілуі;
- құбырлардың жарылуының салдарынан суқұбыры, кәріз, жылыту жүйелерін су басу. Қосымша тәуекел ретінде мүлікті сақтандыру келісімшартының шарттарымен автоматты өрт сөндіру жүйесінің жалған қосылу оқиғасын қоспағанда, соның қосылуынан болған су басу да өтелуі мүмкін;
- көлік құралының басып кетуі;
- ағаштардың құлауы;
- үшінші тұлғалардың заңға қайшы әрекеттері: ұрлық, тонау, қарақшылық, үшінші тұлғалардың мүлікті қасақана жойюы (бұзуы), бұзақылық;
- сақтандырылған мүлікке ұшу аппаратарының, олардың сынықтарының немесе ұшу аппаратарынан заттардың және жүктердің құлауы.
- Тараптардың келісімімен келісімшарт жабдықтың бұзылу (ақауы болу) тәуекелімен толықтырылуы мүмкін.
«Жабдықтың бұзылуы (ақауы болуы)» тәуекелі бойынша сақтандыру өтелімі төменде көрсетілген жағдайларда сақтандырылған машиналардың және жабдықтардың (немесе олардың бөлшектерінің) жойылуына немесе бұзылуына әкеп соқтыратын сақтандыру жағдайларына таралады:
- электр тоғының қысқа тұйықталуы, электр желісінде токтың шамадан асып кетуі, кернеудің, атмосфералық разрядтың түсіп кетуі түрінде электр қуатының әсер етуі;
- гидравликалық соққы;
- бу қазандарының, ішкі жану қозғалтқыштарының, қуаттың басқа көздерінің жарылуы;
- төмен температураның әсері;
- тростар мен шынжырлардың үзілуі, сақтандырылған заттардың құлауы, олардың басқа заттарға соғылуы және апаттық сипаттағы басқа себептер.
Сақтандыру сыйлықақысы
Сақтандыру сыйлықақысы сақтандыру сомасының және тарифтік мөлшерлеменің мөлшерлеріне қарай белгіленеді. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері сақтандыру нысанына және сақтандыру тәуекелінің сипатына байланысты.
Жылжымайтын мүлікті сақтандыру бойынша тарифтік мөлшерлемелер
Тәуекел тобының (түрінің) атауы | Ең төмен тарифтікмөлшерлеме, % | Базалық тарифтікмөлшерлеме, % | Ең жоғары тарифтікмөлшерлеме, % |
Жылжымайтын мүлік (толық пакет) | 0,024 | 0,159 | 8,089 |
өрт, найзағай түсу, жарылыс | 0,010 | 0,068 | 3,478 |
дүлей апаттар | 0,005 | 0,030 | 1,537 |
су басу | 0,003 | 0,021 | 1,052 |
көлік құралының басып кетуі | 0,001 | 0,006 | 0,324 |
ағаштардың құлауы | 0,001 | 0,006 | 0,324 |
үшінші тұлғалардың заңға қайшы әрекеттері | 0,003 | 0,022 | 1,132 |
сақтандырылған мүлікке басқарылатын ұшу апараттарының құлауы | 0,001 | 0,005 | 0,243 |
Жылжымалы мүлікті сақтандыру бойынша тарифтік мөлшерлемелер
Тәуекел тобының (түрінің) атауы | Ең төмен тарифтікмөлшерлеме, % | Базалық тарифтікмөлшерлеме, % | Ең жоғары тарифтікмөлшерлеме, % |
Жылжымайтын мүліктен басқа мүлікті сақтандыру (толық пакет) | 0,050 | 0,180 | 18,0 |
өрт, найзағай түсу, жарылыс | 0,022 | 0,077 | 7,740 |
дүлей апаттар | 0,010 | 0,034 | 3,420 |
су басу | 0,007 | 0,024 | 2,340 |
көлік құралының басып кетуі | 0,002 | 0,007 | 0,720 |
ағаштардың құлауы | 0,002 | 0,007 | 0,720 |
үшінші тұлғалардың заңға қайшы әрекеттері | 0,007 | 0,025 | 2,520 |
сақтандырылған мүлікке басқарылатын ұшу апараттарының құлауы | 0,001 | 0,005 | 0,540 |
Машиналар мен жабдықтарды сақтандыру бойынша тарифтік мөлшерлемелер
«Бұзылу» тәуекелі
Тәуекел тобының (түрінің) атауы | Ең төмен тарифтікмөлшерлеме, % | Базалық тарифтікмөлшерлеме, % | Ең жоғары тарифтікмөлшерлеме, % |
машиналар мен жабдықтарды бұзылудан сақтандыру | 0,050 | 0,180 | 18,000 |
Франшиза
Сақтандыру келісімшартымен франшиза қарастырылады. Франшизаның түрі мен мөлшері Тараптардың келісімімен белгіленеді және не сақтандыру сомасының пайызымен, не болмаса абсолютті мөлшерде белгіленеді.