Жеке сақтандыру

Шетелге шығатын азаматтардың медициналық және/немесе медициналық-көліктік шығындарын ерікті сақтандыру ережелері

Не үшін?

Сақтандырушы келісімшартта қарастырылған оқиға (сақтандыру жағдайы) басталған кезде өзінің өкілі (сервис компаниясы) арқылы Сақтандыру келісімшарты бойынша келісімшартта келісілген Сақтанушы төлейтін ақыға сақтандыру келісімшартында қарастырылған Сақтандырылған тұлғаға көрсетілген медициналық, медициналық-көліктік және өзге қызметтер үшін келісімшартта белгіленген сома (сақтандыру сомасы) мен жауапкершілік лимиттері шеңберінде шығындарды төлеуге міндеттенеді.

Егер Сақтандырылған тұлға медициналық және медициналық-көліктік қызметтер үшін өзі дербес төлем жасаса, осы Шарттардың ережелері сақталған кезде Сақтандырушы аталған шығындарды Сақтандырылған тұлғаның (өзге уәкілетті тұлғаның) жазбаша өтінішінің және түпнұсқа құжаттардың негізінде өтейді.

Виды страхования

САҚТАНДЫРУ НЫСАНЫ

Сақтандыру аумағында болған уақытта сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтандырылған тұлғаның жедел медициналық және медициналық-көліктік жәрдем алу қажеттелігіне байланысты мүліктік мүдделері (қосымша шығындары) сақтандыру нысаны болып табылады.

САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ

Сақтандыру келісімшартында қарастырылған оқиға орын алса, сол жағдай сақтандыру жағдайы болып табылады және сол сәттен бастап Сақтандырушының сақтандыру төлемін жасау міндеті туындайды.

Нәтижесінде сақтандырылған тұлғаның денсаулығына зиян келген немесе ол қайтыс болған және медициналық және/немесе медициналық-көліктік жәрдем көрсетуге шығындар туындаған нақты, кенеттен және байқаусыз болған оқиғалар сақтандыру жағдайы деп танылады.

САҚТАНДЫРУ КЕЛІСІМШАРТЫНЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ АУМАҒЫ МЕН МЕРЗІМІ

Сақтандырылған тұлғаның тұрақты тұратын елін және Сақтандырылған тұлға сол елдің азаматы болып табылатын елді қоспағанда, сақтандыру келісімшарты әлемнің барлық елдерінде әрекет етеді.

Сақтандыру келісімшартының әрекет ету аумағынан келесілер шығарылады:

  • аумағында әскери әрекеттер немесе террорға қарсы әскери операциялар жүргізіліп жатқан мемлекеттер;
  • сол елдерге қатысты БҰҰ-ның экономикалық және/немесе іскери санкциялары қойылған мемлекеттер;
  • эпидемия ошағы анықталған және эпидемия ошағы деп танылған аумақтар;
  • белгілі-бір мемлекеттерге барғанда сол мемлекеттің адам денсаулығына айқын ықтималдылықпен зиян келуі мүмкін аумақтары.

Сақтандыру келісімшартының әрекет ету мерзімі Астана қ. уақтымен саналады және сақтандыру полисінде мерзімнің басталуы ретінде көрсетілген күнгі сағат 00-00-ден бастап басталады, сақтандыру полисінде мерзімнің аяқталуы ретінде көрсетілген күнгі сағат 24-00-де бітеді.

Сақтандыру келісімшартын 30 және одан көп күндік кезеңге жасаған кезде Сақтандырушыға сақтандыру полисінің «күндер саны» бағанында белгіленген күндер (лимит) саны көлемінде ғана жауапкершілік артылады. Сақтандыру аумағына әр барған кезде сақтандыру полисінің «күндер саны» бағанында көрсетілген сақтандыру мерзімі сақтандыру аумағында өткізген күндер санына дағдылы түрде азайып отырады. Бұл ретте Сақтандырушының жауапкершілігі «күндер саны» бағанында белгіленген лимит біткеннен кейін тоқтайды.

Сақтандыру келісімшартында басқа шарттар қарастырылмаған болса, сақтандыру келісімшартының мерзімі ең азы – 1 күн, ең көбі – 1 жыл.

Сақтандыру сыйлықақысы

Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері тараптардың келісімімен, бекітілген тарифтерге сәйкес белгіленеді.

Шетелге шығатын азаматтардың медициналық және/немесе медициналық-көліктік шығындарын ерікті сақтандыру бойынша

Базалық тарифтер мен сақтандыру сомасының кодировкасы

 

ТМД, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Кариб бассейні, Куба, Австралия және Жапония елдерін қоспағанда, бүкіл әлем (оның ішінде Еуропа)
Тарифтік жоспардың кодыHKLFMNEТ
Сақтандыру сомасы15 000 USD25 000 USD30 000 USD40 000 USD50 000 USD100 000 USD30 000 EUR50 000 EUR
Сақтандыру мерзімі (сақтандырылған күндер лимиті)Сақтандыру сыйлықақысы, күніне USDСақтандыру сыйлықақысы, күніне EUR
1-6 күн1.261.501.622.122.554.901.622.55
7-13 күн0.881.051.131.481.793.431.131.79
14-29 күн0.760.900.971.271.532.940.971.53
30-59 күн0.630.750.811.061.282.450.811.28
60-365 күн0.570.680.730.951.152.210.731.15
ТМД елдерін қоспағанда, бүкіл әлем, (оның ішінде Солтүстік және Оңтүстік Америка, Кариб бассейні, Куба, Австралия және Жапония елдері)
Тарифтік жоспардың кодыLMN
Сақтандыру сомасы30 000 USD50 000 USD100 000 USD
Сақтандыру мерзімі (сақтандырылған күндер лимиті)Сақтандыру сыйлықақысы, күніне USD
1-6 күн4.056.3812.25
7-13 күн2.844.468.58
14-29 күн2.433.837.35
30-59 күн2.033.196.13
60-365 күн1.822.875.51

65 жастан үлкен тұлғалардың пайдасына жасалған сақтандыру келісімшарттары бойынша төлеу тиіс сақтандыру сыйлықақысының сомасын есептеу кезінде есептеу тарифіне арттыру коэффициенті қолданылады:

толық 65-70 жас – 2;

толық 71-75 жас – 3;

толық 76-80 жас – 4;

толық 81-85 жас – 5.

Франшиза

Түркия мен Мысыр үшін шартсыз франшиза белгіленген – 30 USD

Сақтандыру тарифтері бойынша мөлшерлеме