басқа тұлғаның (принципалдың) атынан және соның мүддесі үшін, оның қызметкері болмай тұра соның есебінен және атынан соның тапсырмаларын орындайтын немесе белгілі бір іс-әрекеттерді жасайтын сенім білдірілген және жеке тұлға. Агентке белгілі бір өкілеттік беретін тұлға өкілеттік берумен қатар, оның сол өкілеттікті пайдаланып іске асыруға болатын заңи мәмілелерді де жасауына келісім береді. Алайда агенттің төлемдерді алуға құқығы агенттік келісімде тікелей көрсетілуі қажет.