Адендум

бұрын жасалған сақтандыру немесе қайта сақтандыру келісімшартына жазбаша толықтыру. Ол толықтыруда келісімшарттарда бұрын қарастырылған шарттарға тараптар арасында келісілген өзгертулер болады. Ондай толықтырулар сақтандыру тарифін өзгертуге және сол полис бойынша тиісті өзара есептемелер жасауға әкеп соқтыруы мүмкін.