сақтанушы сақтандыру келісімшартына немесе заңға сәйкес сақтандыру үшін сақтандырушыға төлеуге міндетті төлем; төленген сақтандыру мүддесі; заңға немесе сақтандыру келісімшартына сәйкес сақтанушының сақтандыру тәуекелі үшін сақтандырушыға төленетін төлем. Сақтандыру жарнасы сақтандыру тарифтеріне, сақтандыру мерзіміне, сақтандыру сомасының мөлшеріне және сақтанушыға ұсынылып жатқан жеңілдіктерге қарай есептеледі, мысалы, көлік құралын бірнеше жыл ішінде апатқа ұшырамай жүргізу және басқа да кейбір факторларға қарай. Сақтандыру жарнасын сақтанушы сақтандыру қатынастарын жасаған кезде біржолғы алғытөлеммен немесе сақтандыру мерзімінің ішінде бөліктермен (мысалы, ай сайын, тоқсан сайын) төлейді. Сақтандыру жарнасының мөлшері сақтандыру полисінде көрсетіледі.