белгіленген мерзім ішінде сақтанушы сақтандырушының жауапкершілігінің белгіленген көлемінде алатын немесе жіберетін жүктер сақтандырылған болып саналатын шарттар бойынша полис. Әдетте сақтанушы бас полистің қолданысына жататын жүкті әр жібергені бойынша сақтандырушыға хабарлауға міндетті: жүк жіберілетін кеменің атауы, жүктің жеткізілу бағыты және сақтандыру сомасы. Сақтанушы жүктерді жіберу туралы мәліметтерді жүктер жеткізілуі тиіс жерге бүлінбеген күйде жеткізілгеннен кейін алған болса да, аталған міндеттемеден азат етілмейді. Сақтанушының талабы бойынша сақтандырушы бас полистің қолданысына жататын жекелеген жіберілімдер бойынша әр жіберілім туралы полис немесе сақтандыру сертификатын беруге міндетті.