Кінәрат

сақтандыру ісінде сақтанушы кінәратты сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталуына байланысты білдіреді. Сақтандыру тәжірибесінде мұндай кінәрат көп жағдайларда «залал» деп аталады. Сақтандыру жағдайының фактілері мен себептерін, сақтандырылған мүлікке сақтандыру жағдайының нәтижесінде келген залалдың мөлшерін анықтау, сақтандыру өтемақысын төлеуді құжатпен рәсімдеу – кінәратты қанағаттандыру немесе залалды жою деп аталады. Сақтандырушыға білдірілген кінәратты тек сақтанушы ғана ұсынбайды, оны полисте соның пайдасына өткізу жазбасы жүргізілген басқа да заңды немесе жеке тұлға білдіруі мүмкін. сақтандыру шарттарынан туындайтын кінәрат білдірудің мерзімі полисте келісіледі және әдетте полисті берген елдің қолданыстағы заңнамасына негізделеді. Кінәрат түсінігіне сақтандыру жағдайының туындауына кінәлі тарапқа білдірілетін кінәрат – регресс те енгізілуі мүмкін.