Тәуекел

сақтандыру ісінде «тәуекел» термині бірнеше түсінікті білдіреді. Ең алдымен бұл түсінік кездейсоқтықты білдіреді – бақылаудан тыс орын алуы мүмкін, бірақ орын алмауы тиіс болған оқиға. Солардың басталу жағдайына сақтандыру жасалатын ықтимал оқиғалар немесе оқиғалардың жиынтығы. Сақтандырушының жауапкершілігі де тәуекел түсінігінде қолданылуы мүмкін: сақтандыру нысаны тәуекелде болу, дәлірек айтқанда, оның жауапкершілігі. Одан кейін «тәуекел» сақтандыру нысанын білдіруі мүмкін: мысалы, кеме. Сондай-ақ сақтандырушының жауапкершілігінің белгілі бір түрі немесе жауапкершілік мәні – «тәуекел» деп түсінілуі мүмкін. тәуекел статистика деректерінің негізінде, эмпириялық түрде және ықтималдылық теориясының негізінде айқындалады. Тәуекелді бағалаудың сенімділігі түрлі экономикалық-математикалық модельдерді (актуарлық есептерді) құру арқылы тексеріледі. Сақтандыру қорының мөлшерін анықтау үшін үлкен маңызға ие.