Франшиза

сақтандырушы сақтандыру шарттарына сәйкес өтемейтін сақтанушының залалдарының белгілі бір бөлігі. Франшиза сақтандырылған мүлік құнының белгілі бір пайызы түрінде немесе белгілі бір сомада белгіленуі мүмкін. Келісімшартта қалай келісілуіне байланысты франшиза әрі сақтандырылған мүліктің жалпы құнына, әрі жүктің жекелеген жерлеріне қолданылуы мүмкін. Франшиза шартты (шегерілмейтін, деңгейлі) және шартсыз (шегірелетін) болып бөлінеді, олар сақтандыру сомасына пайызбен немесе абсолютті шама түрінде белгіленеді.  Шартты франшиза кезінде, егер залалдың мөлшері франшизадан асып кетпесе, сақтандырушы залал үшін жауапкершіліктен азат етіледі және егер залалдың мөлшері франшизадан асып кетсе,  залал толығымен өтелуі тиіс. шартсыз франшиза кезінде сақтандырушының жауапкершілігі франшизаны алып тастағандағы залалдың мөлшерімен белгіленеді. Франшиза сақтанушының залалды өтеуге өзі дербес қатысу формасы болып табылады және әдетте, сақтанушының залалдары онша үлкен болмаған жағдайларда қолданылады. Сақтандыру келісімшартына франшизаны енгізудің мақсаты – сақтандырушыны кішігірім залалдарды жоюға байланысты шығындардан аза ету болып табылады, себебі көп жағдайларда ондай шығындар залалдың сомасынан асып кетеді. Сонымен қатар, франшиза сақтанушыны сақтандыру мүлкіне шаруақорлықпен қарауға міндеттейді.