Мүліктік сақтандыру

Су көлігі иелерінің АҚЖ сақтандыру

Су көлігі иелерінің АҚЖ бойынша нелер сақтандырылады?

Сіздің кемені пайдалану барысында үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілігіңіз келесідей жағдайларда сақтандырылады: егер адам зардап шеккен болса; бөгде мүлікке зиян келтірілілген болса (мысалы, қайық немесе айлаққа зақым келсе); қоршаған орта ластанса (жанармайдың ағуы, қалдықтардың төгілуі); материалдық залал келтірілген болса (оның ішінде экипаждың қателіктері салдарынан).

Виды страхования

Полисті кімдер рәсімдеуге болады?

  • Кеме иелері — жеке және заңды тұлғалар.
  • Келісімшарт бойынша кемелерді жалға алушы немесе пайдаланатын компаниялар.
  • Заңды негіздерде кеме үшін жауапкершілік артылатын кел келген тұлғалар.

Сақтандыру қанша тұрады?

Тарифтер кеменің түріне, пайдалану мақсаттарына және өтемақының көлеміне байланысты. Орташа алғанда:

  • Тариф: жылына сақтандыру сомасының 0,3%-ынан 1%-ына дейін.
  • Сақтандыру сомасы: 5 млн. теңгеден 100 млн. теңгеге дейін және одан жағары — клиенттің таңдауына қарай.
  • Сақтандыру сыйлықақысы: жылына 15 000 теңгеден 500 000 теңгеге дейін (кемеге, тәуекелдерге және өтемақыға қарай).

Мысалы, өтемақысы 10 млн. теңге болатын құны 20 млн. теңгелік жеке катер үшін бір жылға сақтандыру 30 000 теңгеден 100 000 теңгеге дейін болуы мүмкін.

Сақтандыру жағдайы орын алған кезде қанша төлемақы алуға болады?

Сақтандыру төлемақысы нақты келтірілген залалға байланысты, бірақ келісімшартта көрсетілген сомадан аспайды. Мысалы:

  • Денсаулыққа келген зиян үшін – медициналық және сараптамалық құжаттар бойынша.
  • Мүліктің зақымдануы үшін – залалды бағалау бойынша
  • Ортаны ластандыру үшін – уәкілетті органдардың есептемелерінің негізінде

Максималды төлемақы – сақтандырудың толық сомасына дейін.

Нелер үшін төлемақы төленбейді?

  • Пайдалану ережелерін бұзғаны үшін (артық жүк тиеу, ақаулар, рұқсатнамалардың болмауы үшін);
  • Әскери іс-қимылдар, терроризм, бүліктер үшін;
  • Экипаж бен жақын туыстарының алдындағы жауапкершілік үшін;
  • Кемені мақсатына сай пайдаланбау (мысалы, серуендеуге арналған яхтамен жүктерді рұқсатнамасыз тасымалдау) үшін.
  • Радиоактивті ластандыру; кемені айдап алып кету немесе басып алу; ереуілдер мен жаппай тәртіпсіздіктер үшін…

Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда сақтандыру төлемін төлегеннен кейін «Виктория СК» АҚ келтірілген залал үшін жауапты тұлғаға кері талап қою құқығын алады.

Бұл дегеніміз, сақтандырушы төленген соманы кінәлі тұлғадан өндіріп алуы мүмкін.

//