Сақтанушының өзіне меншік құқығында тиесілі пәтерін пайдаланудың нәтижесінде үшінші тұлғалардың мүлкіне келтірген зиянды өтеу туралы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленген міндеттемелеріне байланысты мүліктік мүдделері сақтандыру нысаны болып табылады.
Пәтер иелерінің Сақтанушымен шектес аумақта тұратын үшінші тұлғалардың алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру – Сақтандыру келісімшартының мәні болып табылады.
Келесідей жылжымайын мүлік иелерінің жауапкершілігі сақтандырылмайды:
- тұрғын үй қорынан шығарылған мүлік (жапсарлай салынған үй-жай, ауладағы жеке-дара құрылыстар, жылжымалы модульдер және т.с.с.);
- тұрғындар уақытша пайдаланып жатқан жылжымайтын мүлік;
- қаңқалы-қамыс, балшықтан салынған, 30 жылдан астам уақыт пайдаланып жатқан ескі мүліктер.
Осы Бағдарламаның шарттарына сәйкес сақтандыру аумағында орналасқан кез келген жылжымалы мүлікке келтірілген зиян сақтандырумен өтелмейді.
Осы Бағдарламаның шарттарына сәйкес Сақтандыру келісімшарында айтылған сақтандыру жағдайының нәтижесінде Сақтанушы соларға залал келтірген үшінші тұлғалар (көршілер) Пайда алушы болып табылады.
САҚТАНДЫРУ СОМАСЫ, САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫ, ФРАНШИЗА
Осы Бағдарламаның шарттарына сәйкес Сақтандыру келісімшарты бойынша сақтандыру сомасы 300 000 (Үш жүз мың) теңге сомасында белгіленеді.
Сақтандыру сыйлықақысы 3 000 (Үш мың) теңге сомасында белгіленеді. Сақтандыру сыйлықақысы Сақтандыру келісімшарты жасалған сәттен бастап 2 (Екі) күн ішінде біржолғы төлеммен, қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз төлеммен төленеді.
Сақтандыру келісімшартында сақтандыру сомасының пайызымен шартсыз франшиза қарастырылған:
- үшінші тұлғалардың жылжымайтын мүлкін зақымдаған кезде – сақтандыру сомасының 1,0 %-ы;
- үшінші тұлғалардың жылжымайтын мүлкі толығымен жойылған кезде (егер зиян жылжымайтын мүліктің шынайы құнының 85%-ынан асса) – сақтандыру сомасының 10,0 %-ы.
САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ
Сақтанушының жазбаша келісімімен немесе заңды күшіне енген сот шешімімен шектес аумақта тұратын үшінші тұлғалардың мүлкіне келген зиянды өтеу бойынша Сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін белгілеу факті және өзінің жылжымайтын мүлкін пайдаланудың нәтижесінде үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделеріне келген зиянды Сақтанушының өтеу міндеті Сақтанушы кінәсін өз еркімен мойындауының негізінде сақтандыру жағдайы деп танылады.
Келесі оқиғалардың нәтижесінде үшінші тұлғалардың жылжымайтын мүлкін зақымдау немесе жою осы Бағдарлама бойынша Сақтандыру жағдайы деп танылады:
- өрт, жарылыс, тұрмыстық мақсаттарда қолданылатын газдың жарылуы;
- су құбыры, сплинтер, кәріз және жылыту жүйелерімен су басу;
- өрт сөндіру кезінде немесе өрттің таралуын болдырмау кезінде Сақтанушының жылжымайтын мүлкін сақтап қалу үшін қолданылған шаралардың салдарынан келген зиян;
- жөндеу жұмыстарын жүргізу, оларға құзырлы органдардың тиісті рұқсаттары болған кезде үй-жайларды қайта жоспарлауды қоса.