Сақтанушының Сақтандыру келісімшартында көрсетілген жылжымайтын мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған өкім жүргізуге, сондай-ақ Бағдарламада айтылған сақтандыру жағдайы басталған кезде туындауы мүмкін күтілмеген шығындарға байланысты мүліктік мүдделері – сақтандыру нысаны болып табылады.
Заңды және/немесе жеке тұлғаларға тиесілі, осы Бағдарламада айтылған сақтандыру жағдайы басталған кезде зиян келген жылжымайтын мүлік (шатыр, қабырғалар, төбе, терезелер, есіктер, үй-жайдың ішкі өңделімі, едендер және т.с.с.) Сақтандыру келісімшартының мәні болып табылады.
Сақтандыруға қабылданбайды:
- тұрғын үй қорынан шығарылған мүлік (офистер, дүкендер және т.б.);
- тұрғындар уақытша пайдаланып жатқан жылжымайтын мүлік;
- қаңқалы-қамыс, балшықтан салынған, 30 жылдан астам уақыт пайдаланып жатқан ескі мүліктер.
Осы Бағдарламаның шарттарына сәйкес сақтандыру аумағында орналасқан кез келген жылжымалы мүлік сақтандыру заты болып табылмайды.
Басқа сақтандыру сыйлықақылары үшін аула аумағында орналасқан (сарайлар, гараждар, жазғы асүйлер, күркелер және т.б.) тұрғын емес құрылыстар сақтандыруға қабылдануы мүмкін.
САҚТАНДЫРУ СОМАСЫ, САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫ
Осы Бағдарламаның шарттарына сәйкес Сақтандыру келісімшарты бойынша сақтандыру сомасы бір мүлік үшін келесі мөлшерде белгіленеді:
- тұрғын жылжымайтын мүлік бойынша – 700 000 (Жеті жүз мың) теңге;
- тұрғын емес жылжымайтын мүлік бойынша – 200 000 (Екі жүз мың) теңге.
Сақтандыру сыйлықақысы бір мүлік үшін келесі мөлшерде белгіленеді:
- тұрғын жылжымайтын мүлік бойынша – 7 000,0 (Жеті мың) теңге;
- тұрғын емес жылжымайтын мүлік бойынша – 2 000 (Екі мың) теңге.
Сақтандыру сыйлықақысы Сақтандыру келісімшарты жасалған сәтте біржолғы төлем арқылы қолма-қол ақшамен төленеді.
САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ
Осы Бағдарламаға сәйкес Келісімшартта белгіленген оқиғалардың немесе оқиғалар (сақтандырылған тәуекелдер) жиынтығының басталуының нәтижесінде сақтандырылған жылжымайтын мүліктің жойылуы, зақымдануы немесе жоғалуы сақтандыру жағдайы болып табылады. Егер сақтандырылған жылжымайтын мүліктің жойылуы, зақымдануы немесе жоғалуы Сақтандыру келісімшартының әрекет ету кезеңінде және келісілген сақтандыру аумағы шеңберінде орын алған болса, оқиға сақтандыру жағдайы болып табылады.
Осы Бағдарлама бойынша келесі оқиғалардың нәтижесінде сақтандырылған жылжымайтын мүліктің зақымдануы немесе жойылуы сақтандыру жағдайы болып танылады:
- өрт, найзағай соғу, жарылыс;
- дүлей апаттар: су тасқыны, жер сілкінісі, жанартаудың атқылауы, жерасты оттың әрекет етуі, жердің шөгуі, тау көшкіні, таудың опырылуы, тастардың құлауы, қар көшкінінің басуы, көшкін жүруі, дауыл (қатты жел), ұйытқыма жел, құйын, сел тасқыны, жерасты суларының әрекет етуі және т.с.с.;
- су басып қалу;
- көлік құралының соғуы;
- сақтандырылған мүліктің үстіне басқарылатын ұшу аппараттарының, солардың бөліктерінің құлауы немесе ұшу аппараттарынан заттар мен жүктердің құлауы;
- ағаштар мен өзге заттардың құлауы;
- мүлікті үшінші тұлғалардың ұрлауы, тонауы, қарақшылықпен талауы, қасақана жоюы (зақымдауы), бұзықшылық.