Қаржы институттарының (екінші деңгейлі банктердің, ипотекалық және микрокредиттік ұйымдардың, лизингі компанияларының) қарыз алушылары мен клиенттерін сақтандыру бағдарламасы
Сақтанушының (сақтандырылған тұлғаның) сақтандыру келісімшарттарында көрсетілген, кепілзат ретінде рәсімделген немесе қаржы лизингіне берілген жылжымалы/жылжымайтын мүлкін иеленуіне, пайдалануына, оған өкім жүргізуіне байланысты, сондай-ақ сақтандыру жағдайы басталған кезде туындауы мүмкін қосымша шығындарға байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін мүліктік мүдделері сақтандыру нысаны болып табылады:
- Кепілзаттық мүлкін және қаржы лизингіне берілген мүлкін ерікті сақтандыру;
- Кепілзаттық көлігін және қаржы лизингіне берілген көлігін ерікті сақтандыру;
- Қарыз алушыларды жазатайым оқиғалардан ерікті сақтандыру.
Жазатайым оқиғалардың нәтижесінде сақтандырылған қарыз алушының өміріне және денсаулығына зиян келуіне байланысты Сақтанушының және/немесе Пайда алушының мүліктік мүдделері осы Сақтандыру бағдарламасы бойынша сақтандыру нысаны болып табылады.
Сақтандыру жағдайлары
Кепілзаттық мүлікті және қаржы лизингіне берілген мүлікті ерікті сақтандыру:
Келесі оқиғалардың нәтижесінде орын алған мүліктің жойылуы немесе зақымдануы (жиынтығында немесе олардың кез келген құрамында) сақтандыру жағдайы болып танылады:
- өрт (жарылыс), найзағай соғу;
- жер сілкінісі;
- дүлей апаттар: жанартаудың атқылауы, жерасты оттың әрекет етуі, жердің шөгуі, тау көшкіні, таудың опырылуы, тастардың құлауы, қар көшкінінің басуы, көшкін жүруі, дауыл (қатты жел), ұйытқыма жел, құйын, сел тасқыны;
- құбырлардың жарылуынан су құбырларынан, кәріз, жылыту жүйелерінен шыққан судың басуы;
- көлік құралдарының соғуы;
- нысанға ағаштардың құлауы;
- сақтандырылған мүліктің үстіне басқарылатын ұшу аппараттарының, солардың бөліктерінің құлауы немесе ұшу аппараттарынан заттар мен жүктердің құлауы;
- көрші үй-жайлардан су өту;
- үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттері: мүлікті үшінші тұлғалардың ұрлауы, тонауы, қарақшылықпен талауы, қасақана жоюы (зақымдауы), бұзықшылық.
Кепілзаттық мүлік және қаржы лизингіне берілген мүлік:
Келесі жағдайлардың нәтижесінде сақтандырылған көлік құралының зақымдануы, жойылуы немесе құруы сақтандыру жағдайы болып табылады:
- ұрлау, тонау, қарақшылықпен талау арқылы көлік құралын алып қашу (ұрлау);
- жол-көлік оқиғасы;
- өрт, жарылыс;
- дүлей апаттар, найзағай соғу;
- сақтандырылған көлік құралына түрлі заттардың құлауы: атап айтқанда: қар, мұз, бұтақтар мен ағаштар, ғимараттардың/үйлердің бөліктері, ғимараттың терезелерінен немесе өзге ойықтарынан тасталған заттар;
- жол жүру бөлігінен тыс жердегі қозғалыссыз немесе қозғалып тұрған заттарды (ғимараттарды, үйлерді, кедергілерді, қоршауларды, жануарларды, ағаштарды және т.с.с.) соғу;
- инженерлік коммуникациялардың, желілердің (жер асты, жер үсті, әуе) апаты салдарынан көлік құралын су басу, оның өзге де зақымдануы;
- үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттері (бұзақылық).
Қарыз алушыларды жазатайым оқиғалардан ерікті сақтандыру:
- жазатайым оқиға орын алған күннен бастап 180 (жүз сексен) күнтізбелік күн ішінде Сақтандырылған тұлғаның қайтыс болуы;
- жазатайым оқиғасының нәтижесінде сақтандырылған тұлғаға I, II, III топтағы мүгедектіктің берілуі.
Сақтандыру сомасы
Сақтандырылған нысанның нарықтық құны сақтандыру сомасы болып табылады, алайда мүліктің нарықтық құнынан аспайтын кредит сомасы да сақтандыру сомасы болуы мүмкін.
Сақтандыру келісімшартын жасаған күнге банктік қарыз келісімшарты бойынша қарызын өтеу кестесіне сәйкес негізгі қарызының қалдығы Қарыз алушыларды жазатайым оқиғалардан ерікті сақтандыру бойынша сақтандыру сомасы болып табылады.