Мүліктік сақтандыру

Ғарыш объектілері иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру

Ғарыш объектілерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру заңды және жеке тұлғалармен ғарыш қызметін атқару нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне, сонымен қатар қоршаған ортаға зиян келгені үшін ғарыш объектілері иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру келісімшартын жасау арқылы жүзеге асырылады.

Сақтандыру объектілері

Сақтандыру объекті – Сақтанушының ғарыш объектілерін пайдалануына байланысты жәбірленуші деп танылған үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және/немесе мүлкіне, қоршаған ортаға келген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүдделері.

Үшінші тұлғаларға зиян келтірген жағдайда сақтандыру арқылы қорғау үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және/немесе мүлкіне тікелей ғарыш объекті (оның сынықтары немесе бөлшектері) немесе содан түскен заттар зиян келтірген кезде қолданылады.

Қоршаған ортаға зиян келтірген кезде жерге, жер қойнауына, топыраққа, жерүсті және жерасты суларға, сонымен қатар Жердегі өсімдіктерге және жануарлар әлеміне мөлшері және/немесе концентрациясы белгіленген нормативтерден асатын заттар, заттардың қоспасы, материалдар қоршаған ортаға түсудің нәтижесінде келген зиян сақтандыру арқылы өтеледі.

Сақтандыру мәні – Сақтанушының  Сақтандыру келісімшартында айтылған жағдайларда және келісімшартта белгіленген қолданылу кезеңінде жәбірленуші деп танылған үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және/немесе мүлкіне, қоршаған ортаға келтірген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өтеу  міндетіне байланысты мүліктік мүдделерін сақтандыру.

Виды страхования

Сақтандыру сомасы және сақтандыру төлемдері

Үшінші тұлғаларға, қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін Сақтанушының (Сақтандырылған тұлғаның) азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру кезінде сақтандыру сомасы әр нақты Сақтандыру келісімшартында ғарышқа ұшырылатын ғарыш объектілерінің дербес сипаттамаларын, ұшу сынақтары бағдарламасын, объектілерді ғарыш кеңестігінде пайдалану бағдарламаларын және үшінші тұлғалардың ықтимал мүліктік талаптарын ескере отырып, Тараптардың келісімімен айқындалады. Сақтандыру сомасы Сақтандырушының сақтандыру жағдайы басталған кездегі жауапкершілігінің шекті көлемін (лимитін) қамтиды.    

Егер сақтандыру келісімшартында басқа шарттар қарастырылмаған болса, Сақтандыру келісімшартында көрсетілген сақтандыру сомасы – сақтандыру қолданылған кезеңде орын алған сақтандыру жағдайларының бүкіл жиынтығына қатысты белгіленген болып саналады. Сақтандыру төлемін төлеген жағдайда жалпы сақтандыру сомасы төленген төлем шамасына азайтылады.

Сақтандыру сомасы сақтандырудың қолданысы кезеңінде орын алуы мүмкін әр нақты сақтандыру жағдайына қатысты белгіленуі мүмкін. Мұндай жағдайда сақтандыру төлемін төлеу кезінде жауапкершіліктің тиісті лимиті тиісті сақтандыру тәуекелі үшін сақтандыру төлемінің шамасына азайтылады.

Сақтандыру келісімшартында көрсетілген сақтандыру сомасы – Сақтанушы Сақтандыру келісімшартын жасағанға дейін сақтандыру тәуекелін бағалау құқығын пайдаланбаған Сақтандырушыны аталған сомаға қатысты қасақана жаңылдырған жағдайда қоспағанда, кейіннен дауласуға жатпайды.

Жауапкершілік лимиттері Сақтандыру келісімшартында белгіленеді. Бір оқиғаның нәтижесінде бір сақтандыру жағдайы бойынша немесе сақтандыру жағдайларының сериясы бойынша сақтандыру төлемдері Сақтандыру келісімшартында белгіленген сақтандыру сомасынан аспауы тиіс.

Сақтандыру келісімшартында зиян келтіргені үшін жекелеген жауапкершілік лимиттерін белгілеу де қарастырылуы мүмкін:

  1. жәбірленушілердің өміріне, денсаулығына – сақтандыру кезеңінде бір және/немесе бірнеше сақтандыру жағдайы бойынша әрбір немесе бірнеше, немесе жиынтығында барлық тұлғаларға;
  2. сақтандыру кезеңінде бір және/немесе бірнеше сақтандыру жағдайы бойынша әрбір немесе бірнеше, немесе жиынтығында барлық тұлғалардың мүлкіне зиян келтіру;
  3. қоршаған ортаға зиян келтіру.

Сақтандыру келісімшартында франшиза белгіленеді, оның түрі мен мөлшері Сақтандыру келісімшартында көрсетіледі.

Сақтандыру сыйлықақысы

Сақтандыру сыйлықақысы сақтандыру тәуекелінің дәрежесі мен сипатын ескере отырып, сақтандыру сомасынан ұсталатын сақтандыру сыйлықақысының мөлшерлемесімен айқындалатын сақтандыру тарифтеріне сәйкес есептеледі.

Сақтандырушы төленуі тиіс сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау кезінде тәуекелдің факторларына: ғарыш объектінің шығарылған жылы, қызмет кезеңі, пайдалану мақсаты, ресурсы, қозғалтқышы атқарған жұмыс көлемі, пайдалану жиілігі, қызметкерлерінің біліктілігі, пайдалану аумағы және т.с.с. қарай белгіленетін базалық сақтандыру тарифтеріне қойылатын артатын немесе төмендейтін коэффициенттерді пайдалануға құқылы.

Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын Сақтандыру келісімшартында айтылған тәртіпте біржолғы төлеммен немесе мерзімді сақтандыру жарналары түрінде қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз төлеммен бөліп төлеу арқылы төлейді.

Сақтандыру жағдайы

Сақтанушының төменде көрсетілгендерді өтеу бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу факті – сақтандыру жағдайы деп танылады:

  1. тікелей ғарыш объектінің үшінші тұлғалардың өміріне/денсаулығына және мүлкіне келтірген зиян;
  2. тікелей ғарыш объектінің қоршаған ортаға келтірген зиян. 

Ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде Сақтанушы (Сақтандырылған тұлға) үшінші тұлғаларға, қоршаған ортаға келтірген зиян үшін жауапкершілігінің туындауы –  сақтандыру тәуекелі болып табылады.

Төменде көрсетілген жағдайларда оқиға – сақтандыру жағдайы болып танылады:

  1. егер оқиға осы Ережеде және Сақтандыру келісімшартында белгіленген сақтандырудан тыс болып табылмаса;
  2. егер оқиға Сақтандыру келісімшартының қолданысы кезеңінде орын алған болса;
  3. үшінші тұлғаларға зиян/залалдар ғарыш қызметін жүзеге асырудың нәтижесінде келісімшартта көрсетілген сақтандыру аумағының шегінде келтірілген болса;
  4. зиян/залал келтіру факті мен ғарыш қызметін жүзеге асыру шеңберінде орын алған Сақтанушының (Сақтандырылған тұлғаның) әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) арасында құжаттармен расталған себеп-салдарлық байланысының болуы.

Сақтандыру жағдайының басталу сәті – Сақтандыру келісімшартының шарттары бойынша үшінші тұлғаларға келтірген зиянды (залалды) өтеу уақыты. Егер зиян (залал) келтірген уақытты анықтау мүмкін болмаса, ол туралы білген уақыт – зиянды (залалды) өтеу уақыты болып саналады. Егер зиян (залал) келтіру біраз уақытқа созылған болса, онда зиян (залал) келтірудің алғашқы басталған сәті – зиянды (залалды) өтеу уақыты болып саналады.  

Бірнеше Пайда алушының бір себеп бойынша зиян келтіруі – бір сақтандыру жағдайы ретінде қарастырылады. Әрі сипаты жағынан, әрі оқиғаның басталу уақыты бойынша (оқиғаны қашан анықтағанына қарамастан) бір жағдай – себеп болып қабылданады. Осындай сақтандыру жағдайының басталу сәті деп Сақтанушының (Сақтандырушының) Пайда алушылар қатарынан ең бірінші Пайда алушының мүліктік мүддесіне келтірген зиянды өтеу міндетінің басталу сәті саналады.

Егер оқиғада ықтималдық және кездейсоқтық белгілері қамтылса – ол оқиға сақтандыру жағдайы болып саналады.

Сақтандыру тарифтері бойынша мөлшерлеме