Мүліктік сақтандыру

Ғарыш объектілерін сақтандыру

Сақтандыру объектісі мен субъектісі

Сақтандыру объекті – ғарыш объектін иелену, пайдалану және билік жүргізу кезеңінде оның опат болуы, жойылуы, із-түзсіз жоғалуы немесе бұзылуы салдарынан күтілмеген шығыстар мен залалдарға байланысты Сақтанушының мүліктік мүддесі.

Сақтандыру мәні – сақтандыру келісімшартында айтылған сақтандыру жағдайының нәтижесінде және белгіленген сақтандыру арқылы қорғау қолданысының кезеңінде сақтандыру келісімшартында белгіленген ғарыш қызметінің кезеңінде Сақтанушының мүліктік мүддесін сақтандыру.

Виды страхования

Жерүсті ғарыш инфрақұрылым объектілері болып келесілері табылады:

  1. техникалық кешен – ғарышқа арналған зымырандар мен оның құрамдас бөлшектерін сақтауға, жинауға, тексеруге және даярлық күйде ұстауға арналған ғимараттар мен техникалық құралдардың жиынтығын құрайтын жерүсті ғарыш техникасының элементі;
  2. старттық кешен – ғарышқа арналған зымыранның даярлығын, әзірлігін және ұшыруды қамтамасыз етуге арналаған ғимараттар мен техникалық құралдардың жиынтығын құрайтын жерүсті ғарыш техникасының элементі;
  3. әміршілік-өлшеу кешені – ғарыш аппаратын әуеде басқаруға, оның жүйелері мен элементтерінің жағдайы туралы ақпарат алуға және өңдеуге арналған ғимараттар мен техникалық құралдардың жиынтығын құрайтын жерүсті ғарыш техникасының элементі.

Жерүсті ғарыш инфрақұрылым объектілері болып келесілерді қамтиды:

  1. ғарыш техникасын жасауға және өңдеуге арналған жерүсті өндірістік және тәжірибелік-сынақ базасы, ғарышкерлерді дайындауға арналған орталықтар мен жабдықтар;
  2. үйлер мен ғимараттардан, өткізу құрылғыларынан, негізгі және қосалқы жабдықтардан, машиналар мен механизмдерден тұратын ғарыш айлағы, стационарлық және мобильді старттық кешендер мен ұшыру қондырғылары;
  3. ғарыш техникасын сақтайтын база;
  4. ғарыш объектілерінің қону полигоны және ұшу-қону жолақтары;
  5. ғарыш жүйесінің жерүсті стансаларынан, ғарыш кешендерін басқарудың автоматтандырылған жүйелерінен және басқа жерүсті жабдықтардан тұратын жерүсті әміршілік-өлшеу кешені, ғарышқа ұшуды басқару орталықтары мен пункттері, ақпарат қабылдау және өңдеу пункттері;
  6. ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде пайдалануға арнайы арналған электрондық жабдықтар, электрондық-есептеуіш құрылғылар;
  7. арнаулы көлік құралдары, шығыс материалдары және заттар, құрамдас элементтер, аяқталмаған өндіріс объектілері, дайын өнімдер, солардың құрамдас және қосалқы бөлшектері мен керек-жарақтары (ҚБКЖ);
  8. ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын басқа жерүсті ғимараттар мен техника.

Жоғарыда көрсетілген объектілер әрі жекелеген дербес санат ретінде, әрі сақтандырылған ғарыш объектінің құрамында сақтандырылуы мүмкін.

Сақтандыру арқылы қорғау Сақтанушының (Сақтандырылған тұлғаның) жүктерді тасымалдауға, сақтауға, фрахтқа, азаматтық-құқықтық жауапкершілігіне, және т.б. байланысты мүддесіне қолданылмайды.

Сақтандыру сомасы

Сақтандыру сомасы Талаптардың келісімімен белгіленеді, бірақ сақтандыру келісімшартын жасаған сәттегі ғарыш объектінің нақты құнынан артық болмауы тиіс. Қосымша тәуекелдерді сақтандыру кезінде сақтандыру сомасы Тараптардың келісімімен белгіленеді және сақтандыру келісімшартында әр тәуекел бойынша бөлек көрсетіледі.

Сақтандыру сомасы бухгалтерлік құжаттардың немесе нарықтық конъюктураның негізінде ғарыш объектінің сақтандыру келісімшартын жасау сәтіндегі баланстық және нарықтық құнынан айқындалады.

Толық құнына сақтандырған кезде ғарыш объекті келесілерге қарай сақтандыруға қабылданады:

  1. бухгалтерлік есептің мәліметтерін бойынша баланстық құнына қарай (тозуын есепке алғанда);
  2. жүкқұжаттық шығындарды есепке ала отырып, сатып алу құны бойынша;
  3. сақтандыру келісімшартын жасау сәтіндегі объекттің орташа нарықтық құнының бағасы бойынша.

Сақтандыру келісімшартында көрсетілген сақтандырылған ғарыш объектінің сақтандыру сомасы  – Сақтандыру келісімшартын жасағанға дейін өзінің сақтандыру тәуекелін бағалау құқығын пайдаланбаған Сақтанушы сақтандыру сомасына қатысты қасақана жаңылыстырған жағдайды қоспағанда, кейіннен дауласылмауы тиіс.

Сақтандыру келісімшартында франшиза қарастырылады. Оның түрі мен мөлшері Тараптардың келісімімен айқындалады және не сақтандыру сомасына есептегендегі пайызбен, не абсолютті мөлшерде белгіленеді.

Сақтандыру сыйлықақысы

Сақтандыру сыйлықақысы сақтандыру объекті мен сақтандыру тәуекелінің сипатын есепке ала отырып, сақтандыру сомасынан ұсталатын сақтандыру сыйлықақысының мөлшерлемесін айқындайтын сақтандыру тарифтеріне сәйкес есептеледі.

Сақтандыру келісімшартында әрі сақтандыру сыйлықақысының жалпы сомасы сақтандыру сомасы мен сақтандыру тарифіне қарай әрі әр сақтандыру объекті, заты/заттар тобы бойынша және әр сақтандыру тәуекелі бойынша белгіленуі мүмкін.

Сақтандыру жағдайы

Сақтандыру келісімшартында белгіленген оқиғаның немесе оқиғалар жиынтығының (сақтандырылған тәуекелдер) басталуының нәтижесінде сақтандырылған ғарыш объектінің опат болуы, бұзылуы немесе жоғалуы сақтандыру жағдайы деп танылады. Егер сақтандырылған объекттің опат болуы, бұзылуы немесе жоғалуы Сақтандыру келісімшартының қолданысы кезеңінде орын алған болса және оның басталуы кездейсоқтық және ықтималдық белгілері болған жағдайда оқиға сақтандыру жағдайы деп танылады.

Ғарыш объектінің төменде көрсетілген оқиғалардың нәтижесінде опат болуы, жойылуы, із-түзсіз жоғалуы, толығымен (нақты немесе құрылымдық тұрғыдан) опат болуы, зақымдануы немесе бұзылуы сақтандыру жағдайы деп танылады: 

  1. өрт – ашық от немесе бықсу нысанындағы бақыланбайтын өрт үдерісінің, сонымен қатар мүлікті сақтау және өртті сөндіру үшін қолданылған шаралардың салдарынан арнайы бөлінген орыннан тыс жерде кенеттен пайда болған және одан ары қарай дербес таралуы мүмкін (әдейі жағудың нәтижесінде орын алған өртті қоспағанда) ашық оттың, жоғары температураның, ыстық газдардың, жану өнімдерінің (түтін, бықсық және т.с.с.) әсер етуі;
  2. жарылыс – қысқа уақыт ішінде газ бен будың тарауға ұмтылуынан шекті көлемде туындаған үлкен мөлшердегі қуаттың екпіндеп шығу үдерісі ;
  3. найзағай соғу – найзағайдың тогы сақтандырылған мүлік элементтері арқылы өткен және ыстық, механикалық немесе электр тұрғысынан әсер ететін тікелей найзағай қуатының әсер етуі немесе ұшқын туындау арқылы жоғары электр қуатының жіберуге байланысты найзағай қуатының екінші рет әсер етуі;
  4. дүлей апат – өзінің жиілігі, таралу масштабы және жалғасуы уақыты бойынша сақтандырылған мүлікке зақымдаушылық тұрғыдан әсер ететін (цунами, боран, дауыл, тайфун, құйын, циклон немесе атмосферадағы табиғи үдерістерден туындаған әуе массаларының басқа да қозғалысы (залал келтірген әуе массаларының жылдамдығы 20м/с асқан жағдайда), жауын, нөсер; су тасқыны, су жайылымы, жер сілкінісі, жанартаудың атқылауы, тау көшкіні, тас көшкіні, қар көшкіні, лай көшкіні, сел, жер асты суларының жайылуы) дүлей қауіпті табиғи құбылыс;
  5. будың және/немесе сұйықтықтың әсер етуі – жұмыс сұйықтығының немесе будың шығуына әкеп соғатын гидравликалық жүйенің (жанармай мен тотықтырғыш жеткізу жүйесінің, термореттеу және өмір сүруді қамтамасыз ету жүйелерінің, гидравликалық жүйенің, су құбырының, кәріз желісінің, жылыту жүйесінің, өрт сөндіру (спринклер) жүйесінің, және басқа жүйелердің) кенеттен бұзылуынан ғарыш объектінің бұзылуы немесе опат болуы;
  6. жер қыртысының шөгуі немесе басқалай қозғалысу;
  7. бөтен объектілердің әсер етуі – сақтандырылған объектіге, ғарышқа арналған зымыран құрамындағы зымыран-ғарыш техникасының басқа объектілеріне, ұшақтарға, тікұшақтарға, ғарыш аппараттарына, аэростаттарға, дирижабльдерге және басқа ұшу аппараттарына, әуе немесе ғарыш кеңістігінде солардың бөлшектеріне немесе жүктеріне, метеорит ағымдарына, ғарыш бөлшектеріне, Жердің радиациялық белдеуіне есептік емес әсер ету, сонымен қатар сақтандырылған объектіге сақтандырылған мүліктің бөлшегі болып табылмайтын бөтен заттардың және қатты нәрселердің түсуі;
  8. әдейі өртеу – келтіру / өрттің дербес тұтануы мүмкін емес жағдайда от қолдану арқылы мүлікті әдейі кейіннен пайдалануға жарамсыз және (немесе) оның пайдалану сипатын төмендететін күйге келтіру немесе отты абайсыз қолдану арқылы сақтандырылған мүлікке зақым келтіру;
  9. үшінші тұлғалардың заңға қайшы әрекеттері – үшінші тұлғалар жасаған Қазақстан Республикасының қолданыстағы әкімшілік немесе қылмыстық заңнамасына сәйкес құқық бұзушылық немесе қылмыстық белгілері бар әрекеттер, атап айтқанда: сақтандырылған мүлікті қасақана жою немесе зақымдау; сақтандырылған мүлікті абайсызда жою немесе зақымдау; тонау; бұзу арқылы ұрлау; қарақшылық. «Үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттері» терминіне кіретін құқыққа қайшы әрекеттердің нақты нысандарының тізімі Сақтандыру келісімшартында өзгертілуі мүмкін. Мұндай жағдайда құқыққа қайшы әрекеттердің нақты нысандарының тізімі Сақтандыру келісімшартында көрсетіледі;
  10. өрт сөндіру шараларын қолдану – сақтандырылған ғарыш объектіне өрт сөндіретін заттарың әсер етуі, сақтандырылған объектіні бөлшектеу немесе құрылымдарын бұзу және өрт сөндіру және/немесе өрттің таралуының алдын алу мақсатында қолданылған басқа іс-шаралар. Бұл ретте сақтандырылған объектіге қатысты өрт сөндіру шараларын қолдану қажеттілігінен туындамаған болса, объекттің көрші бөлмелерден су жайылуының нәтижесінде опат болуынан немесе зақымдануынан келген залал өтелмейді;
  11. жобалау, жасау, монтаждау қателері: сақтандыру жобалау және (немесе) конструкторлық ұйымдар сақтандыру объектін жобалаудың немесе құрастырудың белгіленген ережелерді және/немесе нормаларды бұзуының, төменде көрсетілген іс-әрекеттердің нәтижесінде орын алған ұйымның-өндірушілердің немесе монтаждау ұйымдарының абайсызда жіберген қателерінің салдарынан ғарыш объектінің құрамдас бөлшектерінің опат болуына, зақымдануына немесе бұзылуына қолданылады:
  12. тиісті ұйымдардың лауазымды тұлғаларының немесе жұмыскерлерінің лауазымдық нұсқаулықтардың, техникалық регламенттердің, стандарттардың, қағидалардың талаптарын және белгілі бір жұмыс түрлерін жүргізу шарттарын байқаусыз сақтамауы (бұзуы);
  13. тиісті ұйымдардың лауазымды тұлғаларының немесе жұмыскерлерінің ғарыш объектін жобалау (немесе құрау), жасау, монтаждау немесе қабылдау-өткізу сынақтары бойынша белгілі бір жұмыс түрлерін орындау қағидаларын байқаусыз сақтамау (бұзу);
  14. материалдарды, конструкцияларды, құралдарды және техниканы, сонымен қатар тораптарды ішкі, жасырын ақаулармен пайдалануға байланысты жасау, монтаждау немесе қабылдау-өткізу сынақтары барысында объективті бақылау әдістерімен анықталуы мүмкін болмаған немесе техникалық регламенттермен, қағидалармен және басқа қолдануға міндетті нормативтік актілермен белгіленген, сонымен қатар белгіленген стандарттармен тиісті талаптарға сәйкес келмейтін  күтілмеген қателер (олқылықтар);
  15. ғарыш объектін жасау, монтаждау немесе қабылдау-өткізу сынақтары барысында қаскөйлікті қоспағанда, жұмыскерлердің уақытылы, дәл және сенімді әрекет етуіне мүмкіндік бермеген кездейсоқ факторлардың әсерінен орын алған байқаусыз қателер (олқылықтар);
  16. пайдалану қателері – жұмыскерлердің ішінен көрсетілген тұлғалардың қаскөйлігін қоспағанда, жұмыскерлердің уақытылы, дәл және сенімді әрекет етуіне мүмкіндік бермеген  кездейсоқ сыртқы факторлардың әсерінен Сақтанушының (Пайда алушының) абайсыз және кездейсоқ қызметкерлерінің оперативтік-пайдалану немесе өндірістік қателерінің себебінен ғарыш аппаратының және/немесе транспондердің кенеттен зақымдануы (бұзылуы) немесе опат болуы;
  17. есептік емес жұмыс режімі – талап етілген нәтижелерге жетпей материалдардың, заттардың, құрамдас элементтердің тікелей тағайындалуына жатпайтын оның элементтерінің жол берілмейтін қызуға, дірілге, динамикалық соққыларға, механикалық кернеуге, электр ойықтарға және шамадан артуына, гидравликалық соққыларға, феррорезонансты қайта кернеулерге, ішінара немесе толық шығындарға әкеп соқтыратын штаттан тыс үдерістердің жүзеге асуын тудырған параметрлері сақтандырылған мүліктің осы түрі үшін есептік диапазон шегінен тыс кенеттен әсер ету, немесе ғарыш объектінің және/немесе ғарыш аппаратының мақсаттық міндеттерін орындау үшін қажет ғарыш аппаратына қондырылған жабдықтың істен шығуы. Бұл тәуекел бойынша сұйықтық-реактивтік қозғалтқыштың және оның агрегаттарының, жанармай багының, тотықтырғыш багының жарылыстан және жарылыссыз апаттық бұзылуынан келген залалдар а сақтандырылуы мүмкін;
  18. пайдалы жүктеменің немесе ғарыш аппаратының істен шығуы – Сақтандыру келісімшартының қолданысы кезеңінде орын алған күтілмеген оқиғаның нәтижесінде, пайдалы жүктеменің жұмыс істеуі айрықшаламаларға сәйкес келмейді немесе ғарыш аппаратының немесе оның қосалқы жүйелерінің істен шығуы немесе зақымдануы, немесе ғарыш аппаратының немесе оның қосалқы жүйелерінің кенеттен жедел құлдырауы және Сақтанушы (Пайда алушы) қолданған барлық шараларға қарамастан пайдалы жүктемені ғарыш аппаратының мақсаттық міндеттерін орындау үшін пайдалануға мүмкіндік жоқ;
  19. жерүсті инфрақұрылымның конструктивтік ақаулары – ішкі және сыртқы негізгі конструкциялардың сақтандырылған мүліктің (үйдің, үй-жайдың, ғимараттың, құрылыстың) тұрақтылығына маңызды ақаулардың салдарынан және соған байланысты сақтандырылған мүлікті (үйді, үй-жайды, ғимаратты, құрылысты) тұрғын және басқа үй-жайларға (үйлерге, ғимараттарға, құрылыстарға) қойылатын талаптарды белгілейтін санитарлық-эпидемиологиялық және басқа нормаларға сәйкес мақсатына сай пайдалану мүмкін болмауының салдарынан жерүсті объектілерінің конструктивтік элементтерінің (іргетасының, бағандарының, жабындарының, арқалықтарының, негізгі қабырғаларының және т.с.с.) немесе ғарыш объекті орналасқан үйдің, ғимараттың, құрылыстың табиғи тозуына байланысты емес күтілмеген бұзылуы немесе физикалық зақымдануы;
  20. электр желілерінің норма тыс тербелістері – электр қуатын жеткізуге және таратуға арналған желілерде немесе электр қуаты кез келген түрдегі сигналдарды беру үшін пайдаланылатын желілерде электр тогының жиілігін, күшін және кернеуін нормадан тыс өзгерту (жоғарыда аталған себептер бойынша желілердің жұмыс істеуі тоқтаған жағдайларды қоса);
  21. газ, кәріз, жылу, су құбыры желілері параметрлерінің нормадан тыс тербелісі немесе өзгеруі, сонымен қатар олардың жұмыс істеуінің тоқтауы: жерүсті объектілерінің инженерлік-коммуникациялық элементтері, оның ішінде жылыту жүйелері, электрмен, газбен, сумен қамтамасыз ету, кәріз, өрт дабылы жабдықтары, өрт сөндіру, санитарлық-техникалық жабдықтар, желдету жүйелері, ауаны салқындату, қоқысты алып кету, шаң тазалау жүйелері, телефон, радио жүйелері, сондай-ақ сондай желілерге қосылған жабдықтар (көтеру жабдығы, лифттер, траволаторлар, эскалаторлар және т.с.с.)  

Бұл орайда төменде көрсетілген себептердің салдарынан келген залалдар үшін сақтандыру қолданылмайды және сақтандыру төлемдері төленбейді:

  • Сақтанушының (Пайда алушының) өндірістік қызметі барысында туындайтын су, қышқыл немесе басқа булардың әсерінен келген залал;
  • пайдаланудың тұрақты әрекет ететін факторларының (тозуының, кавитацияның, тат басудың, қақ басудың және т.с.с. нәтижесінде) және/немесе табиғат факторларынан келген залал;
  • сақтандырылған жабдықтың сапасына кепілдік беру келісімшарты бойынша немесе қолданыстағы заңнамаға сәйкес үшінші тұлғаларға (өндірушілер, жеткізушілер, басқа да субмердігерлер) жауапкершілік артылатын залалдар;
  • іске қосу/баптау жұмыстарын және сынақтар жүргізу кезінде жіберілген қателіктердің салдарынан келген залалдар;
  • басқару жүйесіне немесе деректерді беру жүйесіне заңсыз кірудің салдарынан келген залалдар.

Жоғарыда аталған кез келген тәуекел егер ол Сақтандыру келісімшартында ерекше айтылған жағдайда ғана сақтандырылған болып саналады.

Сақтандыру тарифтері бойынша мөлшерлеме