Мүліктік сақтандыру
Auto-access сақтандыру бағдарламасы
Сақтандыру объектісі мен субъектісі
Сақтандырылған көлік құралын иелену, пайдалану және оған өкім жүргізу нәтижесінде сақтандыру жағдайының басталуы салдарынан келген күтілмеген шығындар мен зияндарға байланысты Сақтанушының мүліктік мүддесі сақтандыру нысаны болып табылады.
Сақтанушыға меншік құқығында немесе басқа негіздерде тиесілі болған, жол полициясы органдарында немесе басқа құзырлы органдарды есепте тұрған іштен жанатын қозғалтқышпен қозғалатын көлік құралы (оған: мопедтерді, мотоциклдарды, кез келген тракторлар мен өздігінен жүретін машиналарды қоса), сондай-ақ тіркемелер, жартылай тіркемелер сақтандыру нысаны болып табылады.
Сақтандыру келісімшарты келесі жас мөлшеріндегі тұлғалармен жасалады:
- мотокөқліктерге қатысты – 16 жастан асқан тұлғалар;
- басқа автокөлік түрлеріне қатысты – 18 жастан асқан тұлғалар.
САҚТАНДЫРУ СОМАСЫ, САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫ
Осы Бағдарламаның шарттарына сәйкес Сақтандыру келісімшарты бойынша сақтандыру сомасы 70 000 (Жетпіс мың) теңге мөлшерінде белгіленеді.
Сақтандыру сыйлықақысы 2 000 (Екі мың) теңге мөлшерінде белгіленеді.
Сақтандыру сыйлықақысы Сақтандыру келісімшартын жасау сәтінде қолма-қол ақша арқылы біржолғы төлеммен төленеді.
САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ
Осы Бағдарламаға сәйкес жол-көлік оқиғасының (бұдан әрі – ЖКО) нәтижесінде сақтандырылған көлік құралының жойылуы, зақымдануы немесе жоғалуы сақтандыру жағдайы болып табылады.
Сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтанушы міндетті:
- сақтандыру жағдайынан келетін зияндарды азайту үшін барлық мүмкін болған шараларды, оның ішінде көлік құралын құтқарып қалу шараларын қолдануға;
- шұғыл түрде, бірақ зиянды анықтаған сәттен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей, ол жөнінде Сақтандырушыға хабарлауға. Егер белгіленген мерзімде Сақтанушының дәлелді себептермен сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлауға мүмкіндігі болмаған болса, оны құжаттармен растауы тиіс;
- болған жағдай туралы шұғыл хабарлауға және оқиғаны құзырлы органдарға және ұйымдарға құжаттармен тіркетуге;
- сақтандырушының өкіліне зақымданған көлік құралына бақылау немесе тексеру жүргізуге, зиянның себептері мен мөлшеріне қатысты зерттеу жүргізуге, зиянды азайту шараларына қатысуға мүмкіндік беруге;
- сақтандырушының жазбаша келісімінсіз зақымданған көлік құралын қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізбеуге;
- құтқару жұмыстарын ұйымдастыру әрекеттерін қоспағанда, Сақтандырушының жазбаша келісімінсіз, сонымен қатар зиянды азайту мақсатында Сақтандырушының мүдделеріне қарсы бағытталған әрекеттер жасамауға, сондай-ақ қандай да бір міндеттемелер алмауға, қандай да бір ұсыныстарды майындамауға, қабылдамауға, сол сақтандыру жағдайына қатысты төлемдер жасамауға және қандай да бір төлемдер жасауға уәде бермеуге;
- зиянның туындау жағдайларын көрсетіп, сақтандыру жағдайының басталғаны туралы Сақтандырушы белгілеген формада жазбаша өтініш, сонымен бірге сақтандыру жағдайының себептерін анықтау және зиянның мөлшерін анықтау үшін қажет Сақтандырушы талап еткен барлық құжаттарды беруге.