Мүліктік сақтандыру
Автомобиль көлігі иелерін АҚЖ сақтандыру
Автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру сақтандырылған тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген жоғары қауіптілік көзі ретінде автомобиль құралын пайдалану нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүдделерін қорғауды көздейді.
Әдетте, автокөлік иесінің АҚЖ ерікті сақтандыруы “Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы” заңда белгіленген жауапкершілік лимиттерінен сақтандыру жағдайынан нақты залалдың асып кетуіне байланысты шығындарды өтеу үшін қолданылады.
Сақтандыру тәуекелдері
Сақтанушының (сақтандырылушының) сақтандыру шартында көрсетілген автокөлік құралын пайдалануы нәтижесінде зардап шегуші деп танылған үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі сақтандыру жағдайы деп танылады.
Сақтандыру жағдайларына сондай-ақ қозғалатын автомобиль көлігінен бөлінген элементтердің (автомобиль көлігінің бөліктері немесе тасымалданатын жүк) зиян келтіру жағдайлары жатады.
Сақтандыру сомасы
Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы Тараптардың келісімімен белгіленеді.
Сақтандыру шартында мыналар белгіленуі мүмкін:
1.жауапкершіліктің жиынтық шекті көлемі – бұл жағдайда шарттың қолданылу кезеңіндегі барлық сақтандыру жағдайлары бойынша барлық сақтандыру төлемдерінің сомасы осы көлемнен аспауға тиіс;
2.әрбір сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершіліктің шекті көлемі;
3.Шарттың қолданылу кезеңінде бір немесе бірнеше сақтандыру жағдайлары бойынша жауапкершіліктің шекті көлемі;
4.әрбір сақтандыру тәуекелі бойынша жауапкершіліктің шекті көлемі бір немесе барлық сақтандыру жағдайлары бойынша;
5.сақтандыру сомасының өзге түрлері.
Жауапкершілік лимиттері Тараптардың келісімімен белгіленеді. Бір сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру төлемдері немесе бір оқиғаның нәтижесінде сақтандыру жағдайларының сериясы сақтандыру шарты бойынша белгіленген жауапкершілік лимиттерінен аспауға тиіс.
Сақтандыру шартында зиян келтіргені үшін жауапкершіліктің жекелеген лимиттерін белгілеу көзделуі мүмкін:
1.зардап шеккендердің өмірі және/немесе денсаулығы – сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде болған бір және / немесе бірнеше сақтандыру жағдайлары бойынша жиынтығында әрбір тұлғаға, бірнеше тұлғаға немесе барлық тұлғаларға;
2.сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде бір немесе бірнеше сақтандыру жағдайлары бойынша әрбір, бірнеше немесе барлық жәбірленушілердің мүлкіне.
Сақтандыру сыйақысы
Сақтандыру шарты бойынша төленуге жататын сақтандыру сыйақысының мөлшері сақтандыру сомасынан алынатын сақтандыру сыйақысының мөлшерлемесін айқындайтын сақтандыру тарифтеріне сәйкес есептеледі.
Франшиза
Сақтандыру шартында франшиза көзделуі мүмкін, оның түрі мен мөлшері Тараптардың келісімімен айқындалады және сақтандыру сомасының пайызымен не абсолютті мөлшерде белгіленеді.