Жеке сақтандыру

Азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
ерікті сақтандыру

азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру кәсіби және өзге қызметін жүзеге асырудың нәтижесінде үшінші тұлғалардың (Пайда алушының) өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келудің салдарынан үшінші тұлғаларға (Пайда алушыларға) сақтандыру төлемін төлеуді қарастырады. Осы өнімнің шеңберін Сақтандырушы азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басқа келісімшарттарын жасауға құқылы.

  1. қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
  2. келісімшарттардан шығатын міндеттемелері бойынша (келісімшарттар бойынша міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапкершілік) азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
  3. кәсіби қызметтер (жұмыс) көрсеткені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
  4. жұмыскердің өміріне және денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
  5. өнімнің сапасы үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
  6. ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастырушылардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
  7. Кеден және Салық органдарының алдындағы міндеттемелері бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру.
Виды страхования

Сақтандыру тәуекелдері

  1. үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтіру;
  2. қоршаған ортаға зиян келтіру;
  3. азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындамаудан (лайықты орындамаудан) зиян келтіру;
  4. жұмыскерлер өз еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде олардың өміріне және денсаулығына зиян келтіру;
  5. өндіруші немесе сатушы шығарып (сатып) жатқан (тауарларды, қыметтерді) пайдаланудың (тұтынудың) салдарынан зиян келтіру;
  6. қызметтік міндеттерін орындау барысында Сақтанушының (Сақтандырылған тұлғаның) әдейі істелмеген және байқаусыз әрекеттерінің нәтижесінде орын алған клиенттерге (пациенттерге және т.с.с.) материалдық зиян келтіру;
  7. Сақтанушының (Сақтандырылған тұлғаның) мемлекеттік органдардың (кеден, салық және т.б.) алдындағы міндеттемелерін орындамауы (лайықты орындамауы және соған байланысты орындалмаған міндеттемелер көлемінде тиісті төлемдерді (алымдар, баждар) төлеу міндеті;
  8. ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыру кезінде Сақтанушының байқаусыз әрекеттерінің нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтіру.

Сақтандыру сомасы

Сақтандыру сомасының мөлшері Тараптардың келісімімен келісімшартта белгіленеді.

Сақтандыру сыйлықақысы

Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері сақтандыру сомасының және тарифтік мөлшерлеменің мөлшерлеріне қарай белгіленеді.

Тарифтік мөлшерлемелер

Тәуекел тобының (түрінің) және олардың туындау себептерінің атауыЕң төмен тарифтік мөлшерлеме, %Базалықтарифтік мөлшерлеме, %Ең жоғарытарифтік мөлшерлеме, %
Үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтіргені үшін заңды және жеке тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру (толық пакет)0,2821,478,82
үшінші тұлғалардың өміріне және/немесе денсаулығына зиян келтіру0,0630,331,98
жеке немесе заңды тұлғаның мүлкіне залал келтіру (мүліктік залал)0,1460,764,56
қоршаған ортаға зиян келтіру0,0730,382,28

Франшиза

Сақтандыру келісімшартымен франшиза қарастырылады. Франшизаның түрі мен мөлшері Тараптардың келісімімен белгіленеді және не сақтандыру сомасының пайызымен, не болмаса абсолютті мөлшерде белгіленеді. Егер бірнеше сақтандыру жағдайы басталса, франшиза олардың әрбірі үшін төленеді.

Сақтандыру тарифтері бойынша мөлшерлеме