Auto-option сақтандырылған бағдарламасы

Сақтандырылған көлік құралын иелену, пайдалану және оған өкім жүргізу нәтижесінде сақтандыру жағдайының басталуы салдарынан келген күтілмеген шығындар мен зияндарға байланысты Сақтанушының мүліктік мүддесі сақтандыру нысаны болып табылады.

Сақтанушыға меншік құқығында немесе басқа негіздерде тиесілі болған, жол полициясы органдарында немесе басқа құзырлы органдарда есепте тұрған іштен жанатын қозғалтқышпен қозғалатын көлік құралы (оған: мопедтерді, мотоциклдарды, кез келген тракторлар мен өздігінен жүретін машиналарды қоса), сондай-ақ тіркемелер, жартылай тіркемелер сақтандыру нысаны болып табылады.

Сақтандыру келісімшарты келесі жас мөлшеріндегі тұлғалармен жасалады:

  1. мотокөліктерге қатысты – 16 жастан асқан тұлғалар;
  2. басқа автокөлік түрлеріне қатысты – 18 жастан асқан тұлғалар.

САҚТАНДЫРУ СОМАСЫ, САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫ

Осы Бағдарламаның шарттарына сәйкес сақтандыру келісімшарты бойынша сақтандыру сомасы 350 000 (үш жүз елу мың) теңге мөлшерінде белгіленеді.

Сақтандыру сыйлықақысы 10 000 (Он мың) теңге мөлшерінде белгіленеді.

Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын Сақтандыру келісімшартын жасағаннан кейін 2 (Екі) күн ішінде қолма-қол ақша арқылы біржолғы төлеммен төлейді.

САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ

Осы Бағдарламаға сәйкес жол-көлік оқиғасының (бұдан әрі – ЖКО) нәтижесінде сақтандырылған көлік құралының жойылуы, зақымдануы немесе жоғалуы және сақтандырылған көлік құралына түрлі заттардың, атап айтқанда: қардың, мұздың, бұтақтар мен ағаштардың, ғимараттардың/үйлердің бөліктерінің, терезелерден немесе ғимараттың өзге ойықтарынан лақтырылған заттардың құлауы сақтандыру жағдайы болып табылады.

Related Posts
Leave a Reply

Your email address will not be published.Required fields are marked *