Сақтандырылған көлік құралын иелену, пайдалану және оған өкім жүргізу нәтижесінде сақтандыру жағдайының басталуы салдарынан келген күтілмеген шығындар мен зияндарға байланысты Сақтанушының мүліктік мүддесі сақтандыру нысаны болып табылады.
Сақтанушыға меншік құқығында немесе басқа негіздерде тиесілі болған, жол полициясы органдарында немесе басқа құзырлы органдарды есепте тұрған іштен жанатын қозғалтқышпен қозғалатын көлік құралы (оған: мопедтерді, мотоциклдарды, кез келген тракторлар мен өздігінен жүретін машиналарды қоса), сондай-ақ тіркемелер, жартылай тіркемелер сақтандыру нысаны болып табылады.
Сақтандыру келісімшарты келесі жас мөлшеріндегі тұлғалармен жасалады:
- мотокөліктерге қатысты – 16 жастан асқан тұлғалар;
- басқа автокөлік түрлеріне қатысты – 18 жастан асқан тұлғалар.
Сақтандыруға келесі көлік құралдары қабылданбайды:
- техникалық тұрғыдан бұзық, шашылған көлік құралдары;
- шетелде шығарылған автомобильдер үшін шығарылғанына 5 жылдан асқан және ТМД мен ҚХР елдерінде шығарылған автомобильдер үшін шығарылғанына 10 жылдан асқан көлік құралдары;
- келісімшартта сақтандыру төлемі арнайы ТЖО шоты бойынша жасалуы қарастырылған жағдайда шығарылғанына 3 жылдан асқан және/немесе 100 000 (жүз мың) километрден асық жүрген көлік құралдары.
Қазақстан Республикасының аумағына қолданыстағы кеден нормалары мен ережелерін бұзу арқылы әкелінген, немесе Қазақстан Республикасының және Интерполдың құзырлы органдарының базаларында бұрын ұрланған деп тіркелген көлік құралдары сақтандырылмайды. Аталған нормаларды бұзу арқылы жасалған Сақтандыру келісімшарты бойынша, оның ішінде сақтандыру төлемдері бойынша Сақтандырушының ешқандай міндеттемелері болмайды.
САҚТАНДЫРУ СОМАСЫ, САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫ
Осы Бағдарламаның шарттарына сәйкес Сақтандыру келісімшарты бойынша сақтандыру сомасы 750 000 (Жеті жүз елу мың) теңге мөлшерінде белгіленеді.
Сақтандыру сыйлықақысы 30 000 (Отыз мың) теңге мөлшерінде белгіленеді.
Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын Сақтандыру келісімшартын жасағаннан кейін 2 (Екі) күн ішінде қолма-қол ақшасыз тәртіпте біржолғы төлеммен төлейді.
САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ
Осы Бағдарламаға төменде көрсетілген жағдайлардың:
- жол-көлік оқиғасы;
- өрт, жарылыс;
- дүлей апаттар, найзағай соғу;
- сақтандыру келісімшартында басқа шарттар айтылмаған болса, жүріп бара жатқан көлік құралының астынан тастардың тиюі салдарынан сақтандырылған көлік құралының әйнектерінің және оптикасының зақымдануы;
- сақтандырылған көлік құралына түрлі заттардың, атап айтқанда: қардың, мұздың, бұтақтар мен ағаштардың, ғимараттардың/үйлердің бөліктерінің, терезелерден немесе ғимараттың өзге ойықтарынан лақтырылған заттардың құлауы;
- жол жүру бөлігінен тыс жердегі қозғалыссыз немесе қозғалып тұрған заттарды (ғимараттарды, үйлерді, кедергілерді, қоршауларды, жануарларды, ағаштарды және т.с.с.) соғу;
- инженерлік коммуникациялардың, желілердің (жер асты, жер үсті, әуе) апаты салдарынан көлік құралын су басу, оның өзге де зақымдануы
нәтижесінде сақтандырылған көлік құралының жойылуы, зақымдануы немесе жоғалуы сақтандыру жағдайы болып табылады.
Оқиға Сақтандыру келісімшартының әрекет ету кезеңінде және қарастырылған сақтандыру аумағында орын алған болса, сақтандырылған көлік құралының жойылуы, зақымдануы немесе жоғалуы сақтандыру жағдайы деп танылады.
Осы Бағдарламаның шарттарына сәйкес оқиға орнында құзырлы органдардың (ЖПБ, ТЖМ және т.с.с.) өкілдерінің болуы міндетті емес. Бұл ретте оқиға орнын және сақтандырылған көлік құралының зақымдануын міндетті түрде Сақтандырушының өкілі сипаттауы тиіс.
Сақтандырушының өкілінің оқиға орнына келуі оқиға қатысушыларын алкоголь, есірткі және т.б. қолданғанын анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуден босатпайды.