Мүліктік сақтандыру
Ауылшаруашылық жануарларын ерікті сақтандыру
Сақтандырудың бұл түрі ауылшаруашылық жануарларының иелерін әркелкі зиян түрлерінен мүліктік мүдделерін қорғауға бағытталған.
Ауылшаруашылық жануарларын ерікті сақтандыру – сақтандырылған жануарлардың өлуінің (оның ішінде амалсыз союдың), жоғалуының салдарынан, сондай-ақ жануарлардың саулығының құртылуына байланысты оларды емдеуге қажет шығындардың туындауының салдарынан Сақтанушыға сақтандыру төлемін төлеуді қарастырады.
Сақтандыру тәуекелдері
Сақтандыру жағдайы деп сақтандырылған жануарлардың өлуі (оның ішінде амалсыз сою), жоғалуы, сондай-ақ төменде көрсетілген жағдайлардың салдарынан ветеринарлық мекеме немесе ветеринарлық қызметпен айналысатын және сол қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке кәсіпкер берген құжаттармен расталған жануарлардың саулығының құртылуына байланысты оларды емдеуге туындаған шығындар:
- жұқпалы аурулар;
- инвазиялық аурулар;
- жұқпалы емес аурулар;
- жазатайым оқиғалар (электр тогының соғуы, күн өту немесе ыстық өту, тоңу, тұншығу, кенеттен улы шөптермен немесе заттармен улану, аңдардың шабуы, жыланның немесе улы жәндіктердің шағуы, көлік құралының басып кетуі және басқа да жарақат алулар, суға батып кету);
- дүлей оқиғалар (жер сілкінісі, су тасқыны, опырылып құлау, дауыл, қатты жел, найзағай түсу, боран, бұршақ жауу);
- үшінші тұлғалардың заңға қайшы әрекеттері, оның ішінде ұрлау, тонау, қарақшылық;
- өрт, жарылыс.
Сақтандыру сыйлықақысы
Сақтандыру сыйлықақысы сақтандыру сомасының және тарифтік мөлшерлеменің мөлшерлеріне қарай белгіленеді.
Ауылшаруашылық жануарларын ерікті сақтандыру бойынша тарифтік өлшерлемелер сақтандыру мерзімі бір жыл болған кезде (сақтандыру сомасының проценты)
Р. № | Сақтандыру тәуекелдерінің тобы | |||||||
Ұрлық | Аурулар | Жазатайым оқиғалар | Дүлей апаттар | Құқыққа қайшы әрекеттер | Өрттер, жарылыстар | Барлық тәуекелдер | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Ірі қара | ||||||||
1 | ең аз | – | – | – | – | – | – | – |
2 | базалық | 1,5 | 2,3 | 1,0 | 0,28 | 0,33 | 0,32 | 5,73 |
3 | ең көп | – | – | – | – | – | – | – |
Жылқылар, түйелер | ||||||||
4 | ең аз | – | – | – | – | – | – | – |
5 | базалық | – | 4,32 | 1,03 | 0,3 | 0,4 | 8,8 | 4,85 |
6 | ең көп | – | – | – | – | – | – | – |
есектер, қашырлар | ||||||||
7 | ең аз | – | – | – | – | – | – | – |
8 | базалық | – | 4,32 | 1,03 | 0,3 | 0,4 | 8,8 | 4,85 |
9 | ең көп | – | – | – | – | – | – | – |
Қойлар, ешкілер | ||||||||
10 | ең аз | – | – | – | – | – | – | – |
11 | базалық | – | 6,13 | – | – | – | – | 7,30 |
12 | ең көп | – | – | – | – | – | – | – |
Шошқалар | ||||||||
13 | ең аз | – | – | – | – | – | – | – |
14 | базалық | – | – | – | – | – | – | – |
15 | ең көп | – | – | – | – | – | – | – |
Терісі бағалы аңдар, қояндар | ||||||||
16 | ең аз | – | – | – | – | – | – | – |
17 | базалық | – | 11,58 | 0,8 | 0,21 | 0,32 | 0,43 | 13,9 |
18 | ең көп | – | – | – | – | – | – | – |
Жұмыртқалағыш тұқымды үй құстары | ||||||||
19 | ең аз | – | – | – | – | – | – | – |
20 | базалық | – | 0,41 | – | – | – | 0,05 | 2,03 |
21 | ең көп | – | – | – | – | – | – | – |
Өндіріске мамандандырылған құс фабрикаларындағы құстар | ||||||||
22 | ең аз | – | – | – | – | – | – | – |
23 | базалық | – | 0,67 | – | – | – | 0,045 | 4,05 |
24 | ең көп | – | – | – | – | – | – | – |
Ара үйірі (ұяларда) | ||||||||
25 | ең аз | – | – | – | – | – | – | – |
26 | базалық | – | 1,84 | – | 1,57 | 0,3 | – | 2,4 |
27 | ең көп | – | – | – | – | – | – | – |
Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін белгілеген кезде Сақтандырушы жануарлардың тұқымына, жасына, ұстау жеріне және мақсатына және сақтандыру тәуекелінің өзге факторларына қарай тиісінше 1,0-ден 1,1-ге дейінгі және 0,8-ден 1,0-ге дейінгі мөлшерде базалық тарифтік мөлшерлемеге арттыратын немесе кемітетін көрсеткіштерді қолдануға құқылы. Келісімшартқа эпизоотийді енгізген кезде аурулар бойынша мөлшерлеме екі есеге өседі. Сол шамалардың негізінде тарифтік мөлшерлемелердің есептемесі жасалған коэффициенттердің нақты шамасы сақтандыру жылының алдындағы соңғы бес жылдың деректерінің негізінде және сақтандыру келісімшартына енгізілген сақтандыру шаруашылығы бойынша тәуекел оқиғаларының жиілігі ескермей белгіленеді.
Франшиза
Сақтандыру келісімшартымен франшиза қарастырылады. Франшизаның түрі мен мөлшері Тараптардың келісімімен белгіленеді және не сақтандыру сомасының пайызымен, не болмаса абсолютті мөлшерде белгіленеді.