Жеке сақтандыру
Ауырып қалу жағдайынан ерікті сақтандыру
«Виктория» СК» АҚ-ның ерікті медициналық сақтандыру қызметі – сіздің медициналық көмекті қаржылық күйзеліссіз алуға сенімділікті білдіреді.
Өмірде болжау мүмкінемес,бірақдайындалуғаболатынсәттерболып тұрады.”Виктория”СК ” АҚ-ның еріктімедициналықсақтандырубағдарламасы – кенеттенауырып қалғаннемесежазатайым оқиға орын алған кездесіз проблемаменжалғызқалмайтындығыңызғасенімді боласыз.
Ауырып қалу жағдайынан сақтандыру жеке тұлғалар үшін де, өз қызметкерлеріне полис рәсімдейтін заңды тұлғалар үшін де қолжетімді. Бұл ретте сақтандырудың қолданысы ауыр, созылмалы аурулары немесе ерекше жағдайлары бар адамдардың жекелеген санаттарына, жүкті әйелдерді қарауға, косметикалық рәсімдерге, экстремалды спорт түрлеріне қолданылмайды…
Нені сақтандыруға болады?
Кенеттен ауырып қалған және жазатайым оқиғалар болған кездегі медициналық көмекке жұмсалатын шығындар сақтандырылады. Амбулаториялық және стационарлық емдеу, талдау және диагностика жүргізу, мамандардың кеңесі және басқа да медициналық қызметтер сақтандыру өтемақысына қамтылуы мүмкін.
Сақтандыруды кім рәсімдей алады?
Сақтандыруды Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары рәсімдей алады. Сақтандыру келісімшартын сол келісімшартта көрсетілген аумақтың көлемінде және белгіленген мерзім ішінде қолданыста болады.
Сақтандырудың құны қанша?
Сақтандыру сомасы тараптардың келісімі бойынша, таңдалған медициналық қызметтер тізімін ескере отырып, айқындалады. Келісімшартта сақтандыру төлемдерінің мөлшерін азайтатын франшиза қарастырылуы мүмкін. Сақтандырушының төлемдері тікелей сақтандырылушыға қызмет көрсеткен клиникаға немесе ассистанс-компанияға жіберіледі.
Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері келесілерге байланысты болады:
- таңдалған медициналық қызметтер топтамасына;
- сақтандырылған тұлғалардың санына;
- сақтандыру мерзіміне.
Тарифтердің үлгісі
- Базалық топтама (терапевт, зертханалық зерттеулер, диагностика) — жылына 45 000 тг. бастап;
- Кеңейтілген топтама (оның ішіне стационарда емделу және тар ауқымды мамандардың кеңестері кіреді) — жылына 90 000 тг. бастап.