Автомобиль көлігін ерікті сақтандыру

автомобиль көлігін ерікті сақтандыру Сақтанушыға (Пайда алушыға) көлік құралының және/немесе оған орнатылған қосымша жабдықтың бұзылуының немесе жойылуының, айдап кетуінің, ұрлануының салдарынан келісімшартпен айтылған сақтандыру жағдайының (сақтандыру тәуекелінің) нәтижесінде сақтандыру төлемін төлеуді қарастырады.

Сақтандыру тәуекелдері:

  1. айдап кету (ұрлану)
  2. жол-көлік апаты оқиғалары
  3. өрт, жарылыс
  4. дүлей апаттар, найзағай түсу
  5. әйнектерінің және оптикасының сынуы
  6. автокөліктің үстіне заттардың түсуі
  7. қозғалмайтын және қозғалатын заттарды басып (соғып) кету
  8. су басу
  9. үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттері

Сақтандыру сомасы

Сақтандыру сомасының мөлшері Тараптардың келісімімен келісімшартта белгіленеді, бірақ сақтандыру келісімшартын жасау сәтінде көлік құралының шын құнынан жоғары болмайды.

Сақтандыру сыйлықақысы

Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері сақтандыру сомасының және тарифтік мөлшерлеменің мөлшерлеріне қарай белгіленеді. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері сақтандыру нысанының техникалық жағдайына, сақтандыру тәуекелдеріне және автомобиль көлігін жүргізуші тұлғалардың санына байланысты.

Автомобиль көлігін ерікті сақтандыру бойынша тарифтік мөлшерлемелер

Атауы Ең төмен тарифтікмөлшерлеме, % Базалық тарифтікмөлшерлеме, % Ең жоғары тарифтікмөлшерлеме, %
Автомобиль көлігін сақтандыру (толық пакет) 0,76 2,12 15,93
айдап кету (ұрлану) 0,046 0,127 0,956
жол-көлік апаты оқиғалары 0,268 0,744 5,577
өрт, жарылыс 0,061 0,170 1,275
дүлей апаттар, найзағай түсу 0,061 0,170 1,275
әйнектерінің және оптикасының сынуы 0,054 0,149 1,115
автокөліктің үстіне заттардың түсуі 0,069 0,191 1,434
қозғалмайтын және қозғалатын заттарды басып (соғып) кету 0,069 0,191 1,434
су басу 0,069 0,191 1,434
үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттері 0,069 0,191 1,434

Франшиза

Сақтандыру келісімшартымен франшиза қарастырылуы мүмкін. Франшизаның түрі мен мөлшері Тараптардың келісімімен белгіленеді. Франшиза не сақтандыру сомасының пайызымен, не болмаса абсолютті мөлшерде белгіленеді.

Related Posts