Мүлікті сақтандыру

Азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
ерікті сақтандыру

Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті ерікті сақтандыру дегеніміз – сізді немесе сіздің бизнесіңізді үшінші тұлғаларға залал келтіру жағдайынан қорғауды білдіреді. Бұл – денсаулыққа зиян келтіру, мүлікке немесе қоршаған ортаға залал келтіру болуы мүмкін.

Мұндай жағдайларда сақтандыру компаниясы келісімшарттың шеңберінде сіз үшін залалды өтеп береді.

Виды страхования

Қандай жағдайда сақтандыру компаниясы ақша төлейді?

Егер: сіздің жауапкершілігіңізді сот растаған немесе сіз сақтандыру компаниясының келісімімен өзіңізді кінәлі деп мойындаған болсаңыз, сақтандыру жағдайы басталған болып саналады.

Оқиға сақтандыру келісімшартының қолданыс кезеңінде орын алған, үшінші тұлғаларға зиян келтірілген және қаскөйлік ниет болмаған болуы маңызды.

Қандай тәуекелдер өтеледі?

Сақтандыруға келесілер қамтылуы мүмкін:

  • адамдардың өмірі мен денсаулыққа зиян келтіру;
  • біреудің мүлкіне зақым келтіру;
  • экологияға залал келтіру;
  • кәсіби қызметтегі қателіктер;
  • жұмыс берушінің жауапкершілігі;
  • тауарлар мен қызметтерден келген залалдар;
  • келісімшарттардың шарттарын орындамау.

Қандай жағдайда сақтандыру жүзеге асырылмайды?

Сақтандыру бірқатар жағдайларда қолданылмайды. Мысалы, егер залал әдейі жасалған немесе нормативтік құқықтық актілерді бұзудың нәтижесінде жасалған болса. Сондай-ақ, әскери қимылдарға немесе терроризмге байланысты оқиғалар сақтандырумен өтелмейді.  

Егер адам алкогольді ішімдіктен немесе есірткіден мастанған халде болған болса – мұндай жағдайда да өтемақы төленбейді.

Сонымен қатар, айыппұлдар, моральдық зиян және жіберіп алған пайда (яғни сіз алуыңыз мүмкін болған, бірақ ала алмаған табыс) сақтандырумен өтелмейді.

Сонымен бірге: жабдықтың табиғи тозуы немесе техникалық ақаулардың салдарынан болған бұзылылымдар сақтандырумен өтелмейді.

Сақтандыру жағдайы басталған кезде не істеу керек?

Егер оқыс оқиға орын алған болса:

  1. Залалды азайту шараларын қолданыңыз.
  2. 3 жұмыс күні ішінде сақтандыру компаниясына хабарлаңыз.
  3. Оқиғаны құзырлы органдарға (полиция, ТЖ және т.б.) тіркетіңіз.
  4. Сақтандыру компаниясының келісімінсіз кінәні мойындамаңыз және төлемақы жасамаңыз.
  5. Сақтандыру компаниясына барлық қажет құжаттарды беріңіз.

Сақтандыру төлемі, әдетте, орын алған оқыс оқиғаның салдарынан туындаған негізгі шығындарды өтейді. Ол шығындарға: ем-шара қабылдау үшін төлемдер, жоғалтқан табысының өтемақысы, қаза болған жағдайда жасалатын өтемақы қамтылуы мүмкін.

Сонымен қатар, егер келген залалдар сақтандыру жағдайымен байланысты болса, онда сақтандыру компаниясы мүлікке келген залалдарды және сот шығындарын немесе басқа да ілеспе шығындарды өтеп беруі мүмкін.

Қандай жағдайда сақтандыру төлемін төлеуден бас тартылады?

Егер жалған мәліметтер берілген, келісімшарттың шарттары бұзылған, хабарлау мерзімдері кешіктірілген, кінәлі тұлға залалды өте қойған болса, сондай-ақ сіз тергеуге кедергілер келтіріп жатқан болсаңыз, сақтандыру компаниясы сақтандыру төлемін өтеуден бас тартуға құқылы.

Келісімшарттың қолданысы қандай жағдайларда тоқтатылады?

Келісімшарт: сақтандыру келісімшартының мерзімі аяқталған, сақтандыру төлемі толықтай төленген, сақтандыру сыйлықақысы төленбеген, тараптардың келісімімен келісімшартты бұзған кезде тоқтатылады. Келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтатқан кезде сақтандыру сыйлықақысы ішінара қайтарылуы мүмкін.

Азаматтық жауапкершілікті сақтандыру – ірі қаржылық тәуекелдерден қорғау – жұмыстағы және бизнестегі сенімділік, – қиын жағдайларды асықпай шешу мүмкіндігі.

Бұл – қызметі басқа адамдардың алдындағы жауапкершілікпен байланысты компаниялар, кәсіпкерлер мен мамандар үшін өте маңызды.

Сақтандыру тарифтері бойынша мөлшерлеме

//