Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен сақтандыру ұйымдарының қолғабыс көрсетуімен «Еурохаттама» мобильдік қосымшасы іске қосылды. Бұл қосымша сақтандыру агенттері мен клиенттердің өзара әрекеттесуін өзгертеді. Тест режимінде іске қосудың нәтижелерін алғаннан кейін 2024 жылдың 1-қаңтарынан бастап толық түрде пайдалану басталады. Бұл ақпаратты қосымшаның әзірленуіне жауапты Сақтандыру төлемдерін кепілдендіру қоры хабарлауда.
Аварияға кінәлі адам мен залал мөлшері белгілі кішігірім авариялар орын алған жағдайда Еурохаттама пайдаланушыларға жол көлік оқиғаларын жол полициясының қатысуынсыз рәсімдеуге мүмкіндік береді. App Store немесе Google Play-ден қосымшаны көшіріп орнатып алып, жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезиденттері, сақтандыру жағдайын дербес рәсімдеуіне болады
Еурохаттама қандай жағдайларда қолданылады?
- 2024 жылы жәбірленуші тарапқа жөндеу жұмыстары үшін берілетін сома көлемі 369 мың теңгеден (100 АЕК-тен) аспайды;
- Азаматтардың өміріне немесе денсаулығына зиян келмеген;
- Жол көлік оқиғасы нәтижесінде тек көлік құралдары ғана (басқа мүлікке залал келтірмей) зақымданған;
- Аварияға қатысқан екі жүргізушіде де қолданыстағы міндетті автосақтандыру полистері бар;
- Екі жүргізушінің арасында көліктің зақымдануына және жол апаты жағдайына қатысты келіспеушіліктер жоқ;
- Жол көлік оқиғасына душар болған жүргізушілердің ұялы телефон нөмірлері Мобильді азаматтардың дерекқорына тіркелген.
Рәсімдеу кезеңдері:
- Жүргізушілер мобильді қосымшада авторизациядан өтеді;
- Жол көлік оқиғасы болған күнді, уақытты және орынды көрсетеді.
- Жол көлік оқиғасына кінәлі адам мен жүргізушінің деректерін енгізеді.
- Көлік құралының деректерін: қанша жол жүрілгенін, VIN-кодын енгізеді.
- Көшені және көлік құралын мемлекеттік нөмірімен төр тараптан фотоға бірге түсіреді.
- Зақымданған жерлерді белгілейді.
- Жүйеден растаманы күтеді.
Қосымша іске қосылған сәттен бастап барлық қажет құжаттар, аварияның координаттары және зақымданған жерлердің фотолары қосымша арқылы автоматы түрде ешқандай өзгеріссіз бірыңғай жүйеге жіберіледі. Ол деректер өтінімдерді тез өңдейтін сақтандыру компаниялары үшін қолжетімді. Бұл орайда, жәбірленуші тарап сақтандыру төлемін алу туралы стандартты құжаттарды жинаудан босатылады. Төлем мақұлданған жағдайда орташа есеппен 6 күн ішінде түседі.
Еурохаттама туралы толығырақ ақпаратпен әзірлеушінің ipgf.kz сайтынан танысуға болады.