Андеррайтер

сақтандыру компаниясы тәуекелдерді сақтандыруға және қайта сақтандыру үшін қабылдауға өкілеттік берген тұлға. Басқа мағынада – полиске қол қоятын тұлға. Әдетте, бұл – нақты бір нысанды немесе жеке тұлғаны сақтандыруға қабылдау кезінде тәуекелді бағалайтын (андеррайтинг) сақтандыру саласындағы жоғары білікті маман. Көбінесе андеррайтер сюрвеер алған деректерге сүйенеді. Сонымен қатар, оның тарифтік мөлшерлемелерді және сақтандыру келісімшартының нақты шарттарын белгілеуге, сондай-ақ белгілі бір шарттармен сақтандыру келісімшарттарын жасау (немесе жасамау) мүмкіндігі туралы қорытынды жасауға өкілеттігі болады.