Екі жақты сақтандыру

бірнеше сақтандырушыда сақтандыру сомасы сақтандыру құнынан асып кететін бір мүддені бірдей тәуекелдерден сақтандыру. Екі жақты сақтандыру болған жағдайда сақтандырушылар сақтандырылатын мүдденің сақтандыру құны көлемінде ғана жауапты болады, сақтандырушының әрбірі өздері жасаған сақтандыру келісімшарты бойынша сақтандыру сомасына үйлесетін тәрізде жауап береді. Дамыған елдерде екі жақты сақтандыру баю мақсатында пайдаланылуы мүмкін, сондықтан да ол елдердің заңнамасында бұл мәселеге үлкен назар аударады. Үш жақты және көп жақты сақтандыру – «көп жақты сақтандыру» деп аталады және ол да екі жақты сақтандыру қағидалары бойынша реттеледі.