Ерікті сақтандыру

сақтанушы мен сақтандырушының арасында ерікті түрде жасалатын келісімшарттың негізінде жүзеге асырылатын сақтандыру нысаны. Ерікті сақтандырудың жалпы шарттары мен сақтандыруды жүзеге асыру тәртібін белгілейтін ерікті сақтандыру қағидасын сақтандырушы сақтандыру туралы заңнамалық және басқа нормативтік актілерге сәйкес өзі дербес белгілейді. Сақтандырудың нақты шарттары сақтандыру келісімшартын жасау кезінде белгіленеді. Сақтанушы заң бойынша өз мүлкін немесе үшінші тұлғалардың алдындағы жауапкершілігін сақтандыруға міндетті сақтандырумен салыстырғанда бұл сақтандыру келісімшарты ерікті түрде жасалады.