Факультативтік қайта сақтандыру

бір немесе бірнеше жекелеген тәуекелді дербес негізде қайта сақтандыру. Қайта сақтанушы қайта сақтандырушыға әр тәуекелді бөлек ұсынады. Бұл ұсыныс қайта сақтандыру слипі түрінде рәсімделеді. Факультативті қайта сақтандыру қайта сақтанушы мен қайта сақтандырушыға толық еркіндік береді. Қайта сақтанушы кез-келген тәуекелді ұсынуы мүмкін, ал сақтандырушы тәуекелден бас тартуы мүмкін немесе оны ішінара қабылдауы да мүмкін. Әдетте факультативті қайта сақтандыру аса үлкен тәуекелдерді қайта сақтандыру кезінде пайдаланылады.