Ковернота

сақтанушыға соның тапсырмасымен сақтандыру келісімшарты жасалғанын растау үшін брокер беретін құжат. Ковернотта сақтандыру шарттары мен сыйлықақының мөлшерлемесі көрсетіледі. Брокер берген ковернот бойынша сақтандырушыға заңдық жауапкершілік артылмайды. Егер брокер белгілі бір салдары бар ұқыпсыздық жасаған болса, ковернотты сақтанушы ковернотты брокердің кінәсін дәлелдеу үшін пайдалануы мүмкін. Ковернот полиске ауыстырылуы тиіс, себебі коверноттың заңдық күші жоқ.