Міндетті сақтандыру

заңға сәйкес жүзеге асырылатын сақтандыру формасы, мысалы, әуе немесе теміржол қызметін пайдаланатын жолаушыларды сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру, азаматтық жауапкершілігін сақтандыру және т.б. Міндетті сақтандыру тиісті заңнамалық актілердің негізінде енгізіледі және жүзеге асырылады. Ол актілерде әрі сақтанушы, әрі сақтандырушы орындауға міндетті сақтандырудың осы формасының тәртібі мен шарттары айтылады.