Пайда алушы

сақтанушы сақтандыру өтемақысын алушы ретінде немесе алуды қамтамасыз ету үшін тағайындаған тұлға. Полисте көрсетіледі. Мүліктік сақтандыруда сақтандыру шарты бойынша ол тұлға сақтандыру өтемақысының сомасын алушы болып табылады. Өзін сақтандыру кезінде сақтанушы полисте қайтыс болғаннан кейін сақтандыру сомасын алушы ретінде тағайындайтын жеке тұлға көрсетілмеген болса, онда мұрагерлер сақтандыру сомасын алушы болып саналады. өмірін сақтандыру полисінде пайда алушыны көрсеткен жағдайда, сақтандырылған тұлға қайтыс болған жағдайда мұрагерлік тәртібіне қарамай, пайда алушы сақтандыру сомасын немесе сатып алу сомасын алады. Әрбіріне төлеу үлесін көрсете отырып (100% сомасында), бірнеше пайда алушыны көрсетуге де болады.