Сақтандыру брокері

белгіленген тәртіпте кәсіпкер ретінде тіркелген, сақтанушының немесе сақтандырушының тапсырмаларының негізінде өз атынан сақтандыру бойынша арашылық қызмет атқаратын заңды немесе жеке тұлға. Брокер сақтандыру тәуекелдерін кез-келген сақтандыру компаниясына өзі дербес орналастырады және сол үшін сақтанушыдан белгілі бір көлемде сыйақы алады. Кей жағдайларда – өз клиенттеріне (сақтанушыларға) кеңестер беретін және солардың атынан сақтандыру келісімшарттарын жасайтын кеңесші. Брокер заңнамалар саласында және сақтандыру тәжірибесінде сарапшы болуы тиіс. Кәсіби маман ретінде ол сақтандыру туралы барлық нәрселерді білуі тиіс және оның білімі сақтандырудың ең үздік шарттары мен пайыздар мөлшерлемесін қамтамасыз етуге септігін тигізуі қажет.