сақтандыруда материалдық мүдделіліктің шамасы. Сақтандыру сомасында және сақтандыру полисінің шарттарында көрсетіледі. Егер заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның сақтандыру нысанында мүддесі болмаса немесе сақтандыру жағдайының басталғанын күтпесе, олар сақтандыруға бас ұра алмайды. Егер сақтандырылған мүлік жоғалған немесе бүлінген болса, немесе сақтанушының сақтандырылған мүлікке байланысты үшінші тұлғалардың алдында материалдық жауапкершілігі туындаса, сақтанушыға материалдық залал келуі тиіс. Мұндағы мүдде сақтандыру келісімшартын жасау кезінде сақтанушының сақтандырылып жатқан мүлікке сақтандыру мүддесі болуы міндетті емес екенін білдіреді.