сақтандырушы жасалған сақтандыру келісімшартын растау үшін сақтанушыға беретін және сақтандыру шарттары қамтылған, белгіленген үлгідегі ақшалай құжат. Сақтандыру полисі стандартты және дербес болып бөлінеді. Стандартты сақтандыру полисін сақтандырушы жалпылық сипаттағы үлгілік сақтандыру тәуекелдерінің кең түрі бойынша беріледі. дербес сақтандыру полисі (мысалы, кино жұлдыздарының сыртқы деректерін сақтандыру) жеке бас сақтандыру мүдделерін, әдетте кәсіби карьерасына байланысты мүддесін білдіреді. Барлық сақтандыру полистерінде арнайы сақтандыру мүдделерді және соған байланысты әрекеттерді (мысалы, сақтанушының мұрагерлік өкімі) қанағаттандыратын келісімшарттың ерекше шарттары қарастырылуы мүмкін. Келісімшарттың ерекші шарттарын сақтандыру полисіне енгізу әдетте сақтандыру сыйлықақысына үстеме ақы қосу арқылы жасалады, ол үстеме ақылар абсолютті немесе салыстырмалы шаманы білдіреді. Полис сақтандыру келісімшартының бар екенінің заңдық дәлелдемесі ретінде қызмет атқарады және қажет жағдайда сотқа көрсетілуі мүмкін. егер сақтанушы өзіне табысталуы тиіс полис бойынша сыйлықақыны төлемеген болса немесе оның берешегі болса, брокер аталған сыйлықақы төленгенге дейін полисті ұстап қалуға құқылы.