Сақтандыруды бағалау

сақтандыруға қабылданып жатқан немесе қабылданған жылжымалы немесе жылжымайтын мүліктің нақты құнын анықтау үдерісі. Сақтандыруға бағалау негізінде сақтандыру сомасы мен сақтандыру төлемдері есептеледі, келген залалдың көлемі мен сақтандыру төлемінің мөлшері анықталады. «Тәуекелді бағалау» деп жиынтығында келесіні түсінеміз: тәуекел – бұл қауіп, бірақ болжауға болатын, белгілі қауіп. Болжауға болмайтын, қазіргі сәтте белгісіз, бірақ кейіннен пайда болуы мүмкін басқа да қауіптер бар; болжамды, бірақ қаламаған оқиғаның басталу ықтималдығының дәрежесі – тәуекелдің сандық тарабы, ал болжамды залалдың мөлшері – шешім қабылдау үшін маңызды көрсеткіш: сол тәуекелден сақтану қажет пе, жоқ па?; сол сақтандыру нысаны үшін қандай рационалдық және глобалдық сақтандыру өтемақысы қажет?; ондай сақтандыру қандай шарттармен және қандай мөлшерлемемен жүзеге асырылуы тиіс?; сақтандыру шарттары туындаған жағдайда залалдарды жою және азайту үдерісі; қайта сақтандыру қорғанысының мөлшері мен ойға қонымдылығы; тәуекелді басқару, тәуекелді бақылау шараларын жүзеге асыру. Осы аталған аспектілерде тәуекелді глобалды бағалаудың қажеттілігі тәуекел-менеджерлерінің қызметін шынайы және перспективалы етеді.