Сақтандырылған тұлға

өмірі, денсаулығы және еңбекке қабілеттілігі сақтандыру қорғанысының нысаны болып табылатын жеке тұлға. Соған қатысты сақтандыру жағдайы өзіне немесе пайда алушыға, немесе мұрагерлеріне сақтандыру өтемақысы төлеуге әкеп соқтыратын адам – сақтандырылған тұлға болып саналады. Сақтандырылған тұлға мен сақтанушы бір адам болуы міндетті емес.