Сақтанушының кінәсі

сақтандыруда сақтанушының үлкен немесе қасақана кінәсі мен абайсыздығын ажырату қалыптасқан. Сақтанушының үлкен кінәсі – сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру төлемін төлеуден бас тартуына немесе сақтандыру төлемін залалдың сипаты мен мөлшеріне қарай ымыралы негізде төлеуіне жеткілікті негіз болып саналады. Үлкен кінә, мысалы, сақтанушының сақтандыру нысанын бүтін күйде сақтау бойынша міндетін орындамауы болуы мүмкін. Егер сақтанушының абайсыздығы немесе ұқыпсыздығы едәуір маңызды салдарға әкеп соқтырмаса, сақтандырушы оларды сақтандыру өтемақысын төлеу туралы мәселені шешу кезінде кешіруге болатын себептер ретінде қарауы мүмкін.